Белгілі әнші Нұрсұлтан Нұрбердиев хитке айналған әнінің шығу тарихын айтып берді. Жастар арасында танымал болған әнді түрік әншісімен де дуэт орындап, жаңа леп берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “1001 түн” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/nursultannurberdiev/

Өнер иесінің айтуынша, түрік әншісімен ән айту идеясы ұйықтап жатқанда келген. 

“Алғаш рет "Жүрек алдамайды" әнін жеке орындап шықтым. Бірден халық жылы қарсы алып, хитке айналып кетті. Бір күні түнде ұйқымнан оянып кеттім, өнер адамдары кейде қиял боламыз ғой. "Неге осы әнді түснұсқасын орындаушысымен айтпаймын?" деген ой келді. Түнімен ұйықтай алмай, келесі күні автордың Instagram парақшасын тауып аламын, бірақ өзім түрікше білмеймін. Содан түрікше білетін адам тауып, "осы әншімен келісіп бер" деп өтініш жасадым. Біз ол кісіні Алматыға шақырғымыз келген, бірақ танымайтын адам алғаш рет жазып тұрғандықтан, келісе қоймады. Бізге "сен бірінші Ыстамбұлға кел, сосын мен барамын" деп талап қойды. Бірден шетелге ұшып кеттік. Сол жақта шығармашылығымен жақын таныстым”, – деп еске алады өнер иесі. 

  • "VII ғасырда жасалған": Белгілі академик Димаш Құдайбергенге құнды жәдігердің көшірмесін сыйлады

  • "Сөкпеңіздерші": Алтынай Жорабаева күйеуінің сыйлығын көрсетті

Алайда шетелдік әнші бірден келісім бермеген. Өйткені қазақ эстрадасының жаңа буын өкілі әнді жоғары деңгейде орындағанымен, автордан рұқсат сұрамаған.

“Ыстамбұлда кездескенімізде бірден келіспеді. Өйткені маған ренжіп қалыпты. Шынымды айтсам, ол әнді орындай бастағанда автордан рұқсат сұрамаған едім. Сонымен екеуміз кездесіп, асықпай әңгімелесіп, тіл табысып кеттік. Түркиядан автордың дауысын басып алып кеттім, Алматыға қайта келіп, студияда өзімнің дауысыммен екеуін қостым. Қайта тыңдату үшін өзіне жібердім, оған ұнады. Осылай ән шығып кетті", – деді әнші. 

Еске салайық, әнші жақында шаңырақ көтеріп, жарын үш рет қана көріп алғанын айтқан еді. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от “1001 түн” бағдарламасы (@1001tuntv)


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.