Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Сырым Датұлы басқарған ұлт-азаттық көтерілістің шығу себебі,барысы,маңызы,нәтижесі туралы әңгімелеу



жүктеу 50.19 Kb.
Дата05.05.2018
өлшемі50.19 Kb.
түріСабақ

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі

(1783-1797 ж.ж.)

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Сырым Датұлы басқарған ұлт-азаттық көтерілістің шығу себебі,барысы,маңызы,нәтижесі туралы әңгімелеу.

Тәрбиелік мәні: Қазақ тарихындағы осы оқиғаны пайдалана отырып,оқушыларды патриоттыққа,елжандылыққа,саяси сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ой қозғау арқылы оқушылардың есте сақтау,ойлау,қабілетін дамыту алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуіне үйрету.

Сабақтың түрі: Сатылай комплексті талдау технологиясы.

Сабақтың әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,Қазақстан картасы,тірек-сызбалар,суреттер, «Венн» диаграммасы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын сұрау. Қазақтардың Ресей империясының үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысы « XVIII-XX ғ.ғ.»

1.Қазақ даласындағы қандай ұлт-азаттық қозғалыстарды білесіңдер?

2.Ұлт-азаттық қозғалыстардың кезеңдерін атаңдар?

3.Көтерілістер мен ұлт-азаттық қозғалыстарды басшыларын атаңдар?

Жаңа сабақ:

Сабақтың жоспары:

1.С.Датұлы басқарған көтерілістердің алғышарттары.

2.Көтерілістің басты мақсаты.

3.Көтерілістің қайта басталуы.

4.Көтерілістің жеңілуі,тарихи маңызы,нәтижесі.

Көтерілістің басшысы Сырым Датұлы 1742-1802 жылдар аралығында өмір сүрген.Зерттеулерге қарағанда Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданында дүниеге келген.Қазақ халқының өте тапқыр,көрнекті шешендерінің бірі.Сырым Датұлы Ресей патшасының,оның осы өңірдегі хандары мен сұлтандарының қарапайым халыққа көрсетіп отырған озбырлығына наразы болды.Орынбор ггенерал-губернаторына жазған хатында: « Сіздер түрлі әдіспен қолға түсірген ноғай,башқұрт халықтары секілді бізді де езбекші екендеріңіз белгілі». Сондықтан да мен патша үкіметімен,хан-сұлтандарға наразы шаруаларды төңірегіме топтастырдым.Салық бермесін,ханға сенбесін,сұлтандарға ермесін халық өзін-өзі қорғасын деген ұранмен патша үкіметіне қарсы шықтым.






Кіші жүдегі хандық биліктің әлсіреуі

Сұлтандардың патша үкіметіне қарсылығы

Патша үкіметінің Қазақ жерін отарлауы

Кіші және Орта жүздердің Уфа басқармасына бағындырылуы

Жер мәселесі

1782 жылғы 27 желтоқсандағы Жаңа жарлық бойынша:

1.Қазақ жерінің қазақтарға жалға берілуіне тыйым салу.

2.Жалға алынған жер үшін қазақтар ақы төлеумен қатар аманат қалдыруға тиіс болды.






Орал казак әскерінің қазақ жерін басып алуын тоқтату

Нұралы ханның ашық түрде



патша үкіметін қолдауы.

Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына

келтіру




1785 ж.17 ақпанда Смирнов басқарған топ қазақ

ауылдарын талқандады.

1785 ж. 17 наурызда Колпаковтың басшылығымен Адай,

Беріш руларына қысым жасалды

1785 ж.назаров басқарған Орал казактары Табын руына

шабуылдауы


1785 жылы тақтан түсті

1786 жылы Уфаға жер аударылды

1790 жылы сонда дүние салды

1782 ж. 27 желтоқсанда жаңа жарлықтың пайда болуы.

1783 ж. Орал казак әскері арасындағы күрес

1785 ж. Смирнов,Колпаков,Назаров басқарған топ қазақ ауылдарын талқандау

1785 ж. Кіші жүз старшындарының Нұралы ханды тақтан тайдыру туралы шешімі қабылданды.

1790 ж. 21 қазан мен 5 қараша императрица ІІ Екатерина бейбіт ауылдардың тыныштығын алмау туралы нұсқау шығарды.

1797 ж. Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін С.Датұлы Хиуа тағына өтіп кетті.

1802 ж. Хиуа жерінде дүние салды.

1801 ж. Патша үкіметі Жайық жағалауына өтуге рұқсат берді.



Көтерілістің нашар ұйымдастырылуы.

Қару-жарақтың аздығы.

Көтерілісшілердің әр кезеңде мақсаттарының өзгертуі.

1.Патша үкіметіне қарсы күресті тоқтатып,отарлауға қарсылық көрсетпеу.

2.Қазақ руларының басын біріктіріп,патша үкіметіне қарсы күресу.


Көтерілістің нәтижесі:

1801 жылы патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге,мал жаюға рұқсат берді.



Жаңа сабақты бекіту: Қазақтардың 1773-1775 ж.ж. Е,И.Пугачев бастған шаруалар көтерілісі мен Сырым Датұлы басқарған 1783-1797 ж.ж. көтерілісті салыстыру. ( Венн диаграммасы. )






Орыс-қазақ шаруалары бірікті.

С.Датұлы бастаған көтерілістің шығуын тездетті.

Көтерілістің басты қозғаушы күші қарапайым шаруалар.

Отарлық езгінің күшеюіне қарсы.

Қазақ жерінде патша үкіметінің әскери бекіністерді көптеп салуы.

Нәтижесі: Еділ, Каспий, Ертіс, Жайық өзендерінің бойында көшіп қонуға рұқсат алды.

Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс болып,14 жылға созылды.

Елдің шығысындағы ірі халықтық сипат алды.

Ресей империясына қарсы ашық күрес жариялады.

Қорытынды:

Бағалау: Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды мадақтап,бағалау.

Үйге тапсырма: Сырым Датұлы туралы реферат жазу

Ақжайық аграрлық техникалық колледжі

Бекітемін:

Ақжайық аграрлық техникалық

колледжі директорының оқу ісі

жөніндегі орынбасары _________________Д.С.Шарипова




Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі

(1783-1797 ж.ж.)

Тарих пәнінің оқытушысы: Хасенов Т.Ю.



2013-2014 оқу жылы
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Қосымша 2 Техникалық ерекшелігі Реанимациялық бригадаларға арналған жылжымалы жедел медициналық көмек комплексі
2017 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының
2017 -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет