Сабақтың мақсаты:



жүктеу 2.48 Mb.
бет13/14
Дата10.03.2018
өлшемі2.48 Mb.
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

ІV. Бекіту.

Сонымен зәршығару – жануар ағзасына тән, асқорытумен тікелей байланысты, денені артық, зиянды заттардан тазартып, тіршіліктің сақталуын қамтамасыз ететін аса маңызды процесс.

Зәршығару мүшелері жануарлардың әрқайсысында әр түрлі болғанымен, барлығының қызметі ағзаға түскен немесе ағзада түзілген зиянды заттарды «сүзіп», «жинақтап», сыртқы ортаға шығару болып табылады.

Зиянды заттарды ағзада бөліп, жинақтайтын негізгі мүше: қарапайымдарда – жиырылғыш вакуольдер, құрттарда – жұлдызша түтікшелер, ұлуда – шұбалшаңның жұлдызша түтікшелеріне ұқсас бүйрек, шаянтектестерде – жасыл түсті бір жұп бездер, өрмекшітектестер мен бунақденелілерде – мальпигий түтікшелері, омыртқалы жануарларда – бүйрек.

 

Үй тапсырмасы. § 40 оқып, 91, 92-суреттерді салу.

Сабақ: 39

Тақырыбы: §41. Көпжасушалы жануарлардағы қан, лимфа және қанайналымы

Сабақтың мақсаты: көпжасушалы жануарлардағы ағзаның ішкі ортасын құрайтын негізгі формалар: қан, лимфа жайлы түсінік қалыптастыру; адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік тәрбиеге баулу; өз беттерімен іздену дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі

Сабақтың типі: құрастырлған

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезіңі





ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі 

Жоспар:


  1. Қанның ағзада атқаратын қызметі.

2. Ағзаның қанайналым жүйесі

Бүгін өтетін жаңа терминдер

  • Эритроцит

  • Лейкоцит

  • Гемоглобин

  • Фагоцит

  • Фагоцитоз

  • Антидене

  • Иммунитет

Қанның ағза үшін манызы қандай?





Орыс ғалымы И. И. Мечников лейкоциттерді – фагоциттер, яғни «обыр» жасушалар. Олардың микробтарды жоюын фагоцитоз деп атаған.

Қан плазмасында ағзаны әр түрлі микробтардан қорғайтын антидене деп аталатын нәруыздар бар. Бұлар лимфада, көкбауырда және басқа жерлерде түзіледі. Микробтар (бактериялар, вирустар) ағзада аурудың бір түрін (қызылша, көкжөтел, шешек және т. б.) туғызса, осы микробтарды, олардың зиянды әсерін жоятын антидененің түрі пайда болады. Ауру жазылған соң да олар ағзада сақталып қалады. Антиденелер ауруды туғызатын микробтардан ағзаны қорғайды. Жануар немесе адам ол аурумен қайталап ауырмайды. Ағзаның осындай қасиетін жүре пайда болған иммунитет дейді. Ал көптеген ағзаларда ата тегінен ұрпағына тұқым қуалау жолымен өтіп (беріліп) отыратын антиденелер де бар. Мысалы, жануарда болатын кейбір аурулармен (жануар обасымен) адам ауырмайды. Себебі адамда ол ауруды болдырмайтын антиденелер бар. Ағзаның ауру қабылдамайтын мұндай қасиетін табиғи иммунитет дейді.

Елімізде кейбір жұқпалы және қауіпті ауруларды болдырмау үшін жануарды, адамдарды жас кезінде әдейі егеді. Олардың ішінде әлсіретілген ауру қоздырғыштары бар дәрі болады. Егілген ағза жеңіл ғана ауырады. Есесіне ағзада өмір бойы немесе көп уақыт сақталатын жасанды иммунитет қалыптасады. Адам ол аурумен ауырмайды.



ІV. Бекіту.

Сәйкестілігін тап:

Эритроцит

Оттегін тасымалдайтын күрделі нәруыз

Лейкоцит

Ауруды қабылдамайтын қасиеті бар

Гемоглобин

«Обыр» жасушаларының қызметі

Фагоцитоз

Микробтардан қорғайтын нәруыз

Антидене

Ядросыз қызыл қан түйіршіктері

Иммунитет

Ядролы ақ қан түйіршіктері

Кім жылдам?



1-топ құрамына кіретін заттар?

2. Қанның қызыл түйіршігін қалай атаймыз?

3. Қан айналым жүйесі қандай жануарлардан басталады?

4.Эритроциттер қайда түзіледі?

5.Ақ қан түйіршіктерін қалай атаймыз?

2-топ


  1. Микробтар тудыратын қандай ауруларды білесіңдер?

  2. Фагоцитозды ашқан кім?

3. Антидене қайда түзіледі?

4. Қандай аурумен адам ауырмайды?5. Лейкоцит басқаша қалай аталады?



Сабақ: 40.

Тақырыбы: §42. Омыртқасыз жәндіктердің қанайналым жүйесінің құрылысы

Сабақтың мақсаты: омыртқасыз жәндіктердің қанайналым жүйесінің құрылысын түсіндіру; адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік тәрбиеге баулу; өз беттерімен іздену дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі

Сабақтың типі: құрастырлған

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезіңі

Қанның құрамына қандай заттар кіреді? Қан ағзада қандай қызмет атқарады?

Эритроциттер қандай мүшелерде түзіледі?

Қан газалмасудан басқа тағы қандай жұмыс атқарады?

Лейкоциттердің эритроциттерден қандай айырмашылықтары бар? Бұл жасушалар қандай қызмет атқарады?

Эритроцитті «қанның қызыл түйіршігі» деп неге атайды? Бұл жасушаның қызыл түсті болуы оның құрамындағы қандай затқа байланысты? (Атауын айту керек)

Гемоглобиннің ағза тіршілігі үшін қандай маңызы бар?

Антидене деген не?

Табиғи иммунитет деген не?

Жасанды иммунитет қалай пайда болады?

Лейкоциттерді басқаша қалай атайды? Олардың атқаратын жұмысы не деп аталады?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі 

Шұбалшаңның қанайналым жүйесі әр буылтықта жеке болады. Сақиналы қан тамырлармен өзара байланысқан ірі арқа қантамырынан және құрсақ қантамырынан тұрады. Бұл екеуінен қылтамырлар тарамдалып, теріні және зәршығару, асқорыту, жүйке жүйесі, т. б. ішкі мүшелерді түгелдей торлап жатады.

Дененің алдыңғы бөлігіндегі ірілеу сақиналы қантамырлар – «жүрекше» деп аталады. Ол жиырылып босаңсуы нәтижесінде қан құрсақ қантамырлармен дененің артқы жағына, арқа қантамыры мен алдыңғы бөліміне қарай ағады.

Дене қуысына тікелей құйылмай, қантамырлары арқылы таралып айналатын қан айналымы тұйық қанайналым жүйесі деп аталады. Шұбалшаңның қанайналымы осылай жүзеге асады.

Ұлулардың, шаяндар мен өрмекшілердің қанайналымы ашық қан айналым жүйесіне жатады. Бұл жануарларда қан жүректен, ұшы тұйық емес қантамырларына, одан дене қуысына құйылады. Қан ұлпалар арасына жайылып, газ, зат алмасады да (оттегін, нәрлі заттарды ішкі мүшелерге олардан береді, қажетсіз заттарды сіңіреді) қантамырлары арқылы өкпеде оттегімен қанығып жүрекке келеді.

ІV. Бекіту.

Сөйтіп қан ашық қанайналым жүйесімен қозғалады. Аталған жәндіктердің ішінде ұлудың жүрегі ғана екі бөлімнен – құлақшадан және қарыншадан тұрады. Басқаларының жүрегі бір бөлімді. Бунақденелілерде де қанайналымы ашық; қан нәрлі заттарды тасымалдайды; тыныс алуға қатыспайды.

Қанайналым жүйесін неліктен «тасымалдау жүйесі» дейді? Қанды бұл жүйеге шығарып, қайтарып отыратын қандай мүше?

Шаянның «өкпесінің» атауы қандай еді? (Қандай ортада мекендейтінін еске түсіріңдер). Қанайналымы қандай қызмет атқарады?

Бунақденелілердің қанайналымы қызметінің шаян мен өрмекшіден ерекшелігі қандай?

Үй тапсырмасы. § 42.

Сабақ: 41.

Тақырыбы: §43. Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы

Сабақтың мақсаты: омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысын түсіндіру; адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік тәрбиеге баулу; өз беттерімен іздену дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі

Сабақтың типі: құрастырлған

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезіңі

Қанайналым жүйесін неліктен «тасымалдау жүйесі» дейді? Қанды бұл жүйеге шығарып, қайтарып отыратын қандай мүше?

Шұбалшаң, ұлу, шаян (өзен шаяны), шаршылы өрмекші, зауза қоңыздың қанайналымы туралы қанның жүректен қантамырларына, одан тиісті жұмыс атқарып қантамырлары арқылы өкпеге келіп, қайтадан жүрек арқылы осы жолын қайталайтынын білдіңдер. Енді шұбалшаңның қайайналым жүйесін шартты сызбамен (мұны дәптерге сызып алу керек) көрсетіңдер;

а) осындағы «жүрекшені», сақиналы қантамырларды және арқа, құрсақ қантамырларын анықтап, әрқайсысын сызықшамен көрсетіп жазыңдар. Қан қалай, қандай бағытпен, «жолмен» денені айналып шығады?

ә) «өкпе» дегенімізбен шұбалшаңда өкпе жоқ қой. «Өкпе» деп атағанымыз дененің қай мүшесі? (атауын ата);

б) шұбалшаңдағы қанайналым неліктен «тұйық жүйе» деп аталады?

Шаянның «өкпесінің» атауы қандай еді? (Қандай ортада мекендейтінін еске түсіріңдер). Қанайналымы қандай қызмет атқарады?

Бунақденелілердің қанайналымы қызметінің шаян мен өрмекшіден ерекшелігі қандай?


ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі 

Балық омыртқалы жануарларға жатады. Балықтың жүрегі екі қуысты; ол дененің құрсақ жағында орналасқан. Қан жүрек қарыншасынан желбезектерге қарай шығатын ірі қантамыры – құрсақ қолқасына өтеді. Қарыншаның қақпақшасы қанның кері ағуына мүмкіндік бермейді. Бұл қан, көмірқышқыл газы көп болғандықтан, вена қаны деп аталады. Оның түсі қызыл қоңыр болады. Желбезекке келгенде құрсақ қолқасынан оңға және солға қарай қантамырлар таралады. Олар желбезекте ұсақ қылтамырларға тармақталып, оттегіне қанығады да, артерия қанына айналады. Артерия қан тамырлары жинақталып, хорданың астында созылып жатқан арқа қолқасына құйылады. Қолқадан дененің барлық мүшелеріне қылтамырлар тармақталады. Ондағы әр түрлі ұлпаларда артерия қаны оттегін беріп, көмірқышқыл газын және түрлі қажетсіз өнімдерді сіңіреді де, вена қантамырымен ағып, жүректің құлақшасына құйылады. Ол жиырылып, қан қарыншаға өтеді. Сөйтіп балықтың қаны бір шеңбер жасап, бүкіл денені айналып шығады. Сондықтан балықтың қанайналым жүйесін біршеңберлі қанайналым жүйесі дейді.

Қосмекенділердің жүрегі үш бөлімді, қарыншадан және екі құлақшадан тұрады. Қан дененің барлық мүшелерінен вена қантамырымен жүректің оң құлақшасына құйылады. Бұл қанда көмірқышқыл газы көп. Сол жақ құлақшаға өкпеден оттегін сіңірген қан құйылады. Құлақшалар жиырылған кезде қарыншаға екі құлақшадан біраз қан өтіп, артерия мен вена қаны араласады да, денесіне аралас қан тарайды. Қарыншадан ірі артерия қан тамыры шығып, ол денені бойлап артқы жағына қарай ағады. Одан көптеген қылтамырлар шығып, бүкіл ұлпаларды торлайды. Оларды оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Артерия біртіндеп вена қанына айналып, вена қантамырымен жүрекке қарай ағады.

Бақаның қанайналым жүйесінде екі шеңбер бар. Қанды жүректен бүкіл денеге тарататын артерия қантамырлары мен денеден жүрекке оралатын вена қантамырын үлкен қанайналым шеңбері деп атайды. Қанның өкпе мен теріге баратын, одан жүрекке қайта келетін тармағы – кіші қанайналым шеңбері деп аталады.



Жорғалаушылардың жүрегі, қанайналым жүйесі бақанікіне ұқсас. Бұларда жүрек үш бөлімді: қарыншадан, екі құлақшадан тұрады. Олардың бақадан ерекшелігі жүрек қарыншасы жартылай пердемен екі бөлімге бөлінеді. Бірақ перде қарыншаны толық бөлмегендіктен артериялық қан мен веналық қан (бақамен салыстырғанда) аз мөлшерде болса да араласады. Сондықтан қосмекенділер мен жорғалаушылардың ағзасында зат алмасу баяу жүреді де, дене температуралары тұрақсыз, қоршаған ортаның температурасына тәуелді болады. Ауа райы салқын солтүстік аймақтарда қосмекенділер мен жорғалаушылардың сирек таралғаны және жылы аймақтарда қыста ұйқыға жататыны содан. Бұларды салқын қанды жануарлар дейді.

Құстар мен сүтқоректілердің жүрегі төрт бөлімнен тұрады. Жүрек қарыншасының пердесі оны толық екі бөлімге бөліп, қан араласпайды. Дене мүшелеріне таза артерия қаны таралып, өкпеге вена қаны келеді. Бұл жануарларда зат алмасу қарқынды жүреді. Дене температурасы тұрақты, қоршаған ортаның температурасына тәуелді емес. Оларды жылықанды жануарларға жатқызады. Бұл жануарлар жер бетінің барлық аймақтарында таралған.

 ІV. Бекіту.

Сонымен, көпжасушалы жануарларда шұбалшаңнан бастап қанайналым жүйесі болады. Қанайналым жүйесінің құрылысы жануарлардың әр түрлі топтарында түрліше және даму деңгейіне қарай біртіндеп күрделенеді.

Әріппен белгіленген қанайналым жүйелерінің қайсысы қандай жануарға тән екенін анықтап, әріп пен жануар нөмірін қосып дәптерлеріңе жазыңдар және түсіндіріңдер.

А. Жүрегі екі бөлімді. Қанайналым жүйесі бір шеңберлі. Организмі оттегіне бай таза артериялық қанмен қамтамасыз етіледі (неліктен?). (3. Балық)

Ә. Жүрегі үш бөлімді. Ағзасы веналық және артериялық қан бірдей мөлшерде араласқан қанмен қамтамасыз етіледі (неліктен?). Қанайналым жүйесі екі шеңберлі. (4. Құрбақа.)

Б. Жүрегі үш бөлімді. Ағзасы артериялық қаны көбірек аралас қанмен қамтамасыз етіледі. Канайналым жүйесі екі шеңберлі. (1. Кесіртке.)

В. Жүрегі төрт бөлімді. Ағзасы таза артериялық қанмен қамтамасыз етіледі (неліктен?). (2. Арқар; 5.Құс.)

 

Қосмекенділер мен жорғалаушылар солтүстік аймақтарда өте сирек таралған. Мұның себебі неде? Бұған қанның қандай қатысы бар?



Құстар мен сүтқоректілер жүрегі құрылысының жорғалаушылар жүрегі құрылысынан қандай артықшылықтары бар?

Бұлардың дене температурасының тұрақты, орта жағдайларына тәуелді еместігін қалай түсіндіруге болады?



Үй тапсырмасы. § 43 оқу, 93, 94, 95-суреттерді салу.


Сабақ: 42

Тақырыбы: §44. Көпжасушалы жануарлардың қозғалуы. Тірек-қимыл жүйесінің құрылысы

Сабақтың мақсаты: омыртқасыз жануарлардың қозғалу жүйесінің ерекшеліктерін, тірек-қимыл жүйесінің құрылысын оқушы тұлғасына жете түсіндіру; адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік тәрбиеге баулу; өз беттерімен іздену дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі

Сабақтың типі: құрастырлған

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезіңі

Қосмекенділер мен жорғалаушылар солтүстік аймақтарда өте сирек таралған. Мұның себебі неде? Бұған қанның қандай қатысы бар? Құстар мен сүтқоректілер жүрегі құрылысының жорғалаушылар жүрегі құрылысынан қандай артықшылықтары бар? Бұлардың дене температурасының тұрақты, орта жағдайларына тәуелді еместігін қалай түсіндіруге болады?



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі 

Жоспар:


1. Қозғалу және оның маңызы

2. Омыртқасыз жануарлардың қозғалуы.



Қозғалу және оның маңызы. Ағза үздіксіз қозғалыста тіршілік етеді. Қимыл-қозғалыстың түрі өте көп. Тіпті ұйқыда жатқан жануарды мұқият қарап, бақыласаңдар, денесінің алуан түрлі қимылдап-қозғалып жататынын байқайсыңдар. Жануар ағзасындағы көптеген қимыл-қозғалыстар мен (тынысалу, қанайналымы, астың қорытылуы, т. с. с.) таныстыңдар. Жануарлар бүкіл денесімен иіліп, бүгіліп немесе адымдап, жүгіріп орын алмастырып қозғалады. Жануарлар мұндай қозғалыс арқылы өз тіршілігіне қауіпті жағдайлардан қорғанады (амебаның тұз ери бастаған тамшыдан тұзы жоқ тамшыға өтуін еске түсіріңдер). Ол тіршілігіне қажетті жағдайларды іздеп табады (кірпікшелі кебісшенің пішен бактериялары көп жиналған жерге «жүзіп» баруы).

Күнделікті өмірімізде жануарлар қозғалуының қаншама түрін көреміз: ұшқан құс, аулада секеңдеп дән, қоңыз теріп жеген торғайлар. Тіршілік қамымен ерсілі-қарсылы қозғалып, соқпақ «салып алған» құмырсқалар. Тізе берсек мұндай мысалдар көп. Қозғалыс – жануарлар тіршілігін қамтамасыз ететін аса маңызды әрекет.



Омыртқасыз жануарлардың қозғалуы. Гидра бір затқа табанымен бекиді. Оның қозғалуында сыртқы қабаты – эктодермадағы жабын-бұлшықет жасушалары маңызды рөл атқарады. Бұл жасушалардың әрқайсысының түбінде жиырылғыш бұлшықетті талшық бар. Барлық жасушалардың осы талшықтары қысқарғанда гидраның денесі жиырылады. Егер дененің бір жағындағы талшықтар жиырылса, онда гидра денесі сол бағытқа қарай иіледі де, қармалауыштарымен төсемікке (субстрат) бекінеді. Тек осыдан соң ғана табанын алғашқы бекіп тұрған жерден босатып, бекінген алдыңғы жағына денесін тартып алады. Табанымен бекінгеннен кейін денесі бас жағынан бастап тағы созылады. Сонымен гидра «адымдап» қозғалады.

Гидра бірде табанымен, бірде қармалауыштарымен кезек бекініп «төңкеріліп» те қозғалады. Бұл қозғалыстардың қай түрі болсын жабын ұлпалардағы талшықты жасушалар арқылы жүзеге асады.



Шұбалшаңның денесі ұзарып жіңішкереді, қысқарып жуандай да алады.

Құрттың үнемі сілемейлі шырышпен шыланып, ылғалданып тұратын жұқа мөлдір терісінің астында тері, жанасып жататын сақиналы бұлшықеттер және оның ішкі жағында денені бойлап ұзын салалы бұлшықеттер орналасады. Әрбір буылтығының құрсақ жағында төрт жұптан қысқа қылтандары бар.

Сақиналы бұлшықеттер жиырылғанда құрт денесі жіңішкереді. Дененің артқы бөлігіндегі қылтандары жерге тіреліп, алдыңғы бөлігі алға қарай жылжып, ұзарады. Одан соң ұзын салалы бұлшықеттер жиырылады. Бұл кезде дененің алдыңғы бөлігіндегі қылтандары жерге тіреледі де, артқы бөлігі алға тартылып, дене қысқарады.

Сөйтіп, сақиналы және ұзын салалы бұлшықеттердің кезектесіп жиырылуы мен дененің артқы және алдыңғы бөлігіндегі қылтандарының алма-кезек тірек болуы құрттың алға жылжып қозғалуын қамтамасыз етеді.

Шұбалшаңдар топырақты бас бөлігімен қазып, тіршілік етеді. Тығыз топырақты «аузымен асап», ішегінен өткізіп, аналь тесігі арқылы шығарып отырады. Бұдан борпылдақ топырақтар майда түйіршікке айналып, ауа мен суды сіңіреді. Топырақ құрылымы жақсарады. Мұндай топырақта өсімдіктер жақсы өседі.

Жүзім ұлуы, бөгет ұлуы, айқұлақ сияқты былқылдақденелілер тері бұлшықет қапшығын түзетін жұмсақ денесімен, «аяқ» деп аталатын құрсақ бөлімінің толқынданып жиырылуы, созылуы арқылы баяу жылжып қозғалады. Дене сыртын шылайтын шырыш ұлудың аяғы мен төсемік (ағаш жапырағы, су түбіндегі тас, су өсімдіктері және т. с. с.) арасындағы үйкелісті жеңілдетіп, қозғалуға мүмкіндік береді.

Кальмар, сегізаяқ, каракатица сияқты теңізде тіршілік ететін былқылдақденелілер реактивті тәсілмен қозғалады (98-сурет). Шапанша саңылауы арқылы шапанша қуысына су толады да, одан соң «аяқтың» алдыңғы бөлігінен пайда болған шұқырақ (воронка) арқылы сыртқа үлкен күшпен айдап шығарылады. Осы су ағыны денені алға қарай серпінді итеріп, екпінмен жылдам қозғалтады.

Өзен шаянының денесі екі бөлімнен баскөкірек және құрсақтан тұрады. Баскөкірек бөлімінде (98-сурет) сипап сезу, иіс сезу қызметін атқаратын бірі қысқа, екіншісі ұзын екі жұп мұртшалары бар. Одан соң 1 жұбы үстіңгі жақ, 2 жұбы астыңғы жақ, 3 жұбы жақаяқтар деп аталатын түрі өзгерген аяқтардан тұратын ауыз аппараты және 5 жұп жүретін аяқтар орналасқан. Жүретін аяқтардың бірінші жұбы жемін ұстайтын және жауынан қорғанатын қысқышқа айналған. Су түбінде шаян осы жүретін аяқтардың көмегімен басын алға қаратып баяу жылжып қозғалады. Өзен шаянының құрсақ бөлімінде жүзуге қатынасатын және түрлі басқа қызмет атқаратын 5 жұп кішкентай құрсақ аяқтары бар. Құрсақ бөлімі бунақты және жақсы дамыған құрсақ ұшында құрсақ аяқтарының алтыншы жұбы соңғы бунақпен бірігіп жүзу қанатын түзеді.

Шаян суда құрсағын алға қаратып, оны баскөкіректің астына қарай бүгіп, қайта жазады. Жүзбеқанатының көмегімен суды қарпып, едәуір жылдам жүзеді. Суды қарпып, дененің су толқынын «іліп» ілгері жүзуіне болар-болмас қылтандары бар құрсақ аяқтары да көмектеседі.



Өрмекшілердің 4 жұп, бунақденелілердің 3 жұп аяқтары бар. Аяқтары көкірек бөлімінде орналасады. Олар жорғалап жүру, біреуінде жүгіру, енді біреуінде жүзу, тағы бірінде секіру, тіпті топырақ қазу қызметін де атқарады.

Сонымен қатар өрмекшілердің орын алмастырып қозғалуына, қорегін ұстап алуына құрсағының ұшындағы үш жұп өрмек бездерінен бөлінетін сұйықтық арқылы тоқылатын өрмек те көмектеседі. Көп жағдайда жас өрмекші биіктеу бұта не ағашқа жорғалап шығып, өрмек безінен «жіп» шығарады да, оның ұшын ағаштың бір жеріне бекітеді. Өзі сол өрмек жібімен төмен салбырап тұрады. Сәл жел соққанда өрмек үзіліп шудаланады, желге ілесіп ұшады. Өрмекші осы өрмек шудасының көмегімен едәуір алыс жерлерге таралады.



Бунақденелілердің көптеген түрлерінде (көбелектер, қоңыздар, инеліктер) 2 жұп қанат бар. Бұл қанаттар арқылы олар ұшып қозғалады.

ІV. Бекіту.

Сонымен жануарлардың бір тобының, кейде бір топқа жататын әр түрінің мүшелер жүйесі, жануардың даму деңгейіне сәйкес біртіндеп күрделенеді екен.



Біліміңді сына.

1. Қозғалуға қандай ұлпаның қандай жасушалары қатысады? (бұлшықет ұлпасы, жүйке ұлпасы – нейрон)

2. Шұбалшаңның қозғалуында қандай мүшелері негізгі рөл атқарады? (тері астыңдағы сақиналы бұлшықеттер, әрбір буылтығының құрсақ жағында 4 жұптасқан қысқа қылтандары бар)

3. Шұбалшаңдардың топырақтың құрылымын жақсартатыны белгілі. Мұны қалай түсіндірер едіңдер? (Тығыз топырақты «аузымен асап», ішегінен өткізіп, аналь тесігі арқылы шығарып отырады. Бұдан борпылдақ топырақтар майда түйіршікке айналып, ауа мен суды сіңіреді. Топырақ құрылымы жақсарады)

4. Былқылдақденелілер қалай қозғалады? Бұлардың қозғалуында шырыштың қандай рөлі бар? (Жүзім ұлуы, бөгет ұлуы, айқұлақ сияқты былқылдақденелілер тері бұлшықет қапшығын түзетін жұмсақ денесімен, «аяқ» деп аталатын құрсақ бөлімінің толқынданып жиырылуы, созылуы арқылы баяу жылжып қозғалады. Дене сыртын шылайтын шырыш ұлудың аяғы мен төсемік (ағаш жапырағы, су түбіндегі тас, су өсімдіктері және т. с. с.) арасындағы үйкелісті жеңілдетіп, қозғалуға мүмкіндік береді)

5. Өзен шаяны орын ауыстырып қозғалуын қамтамасыз ететін қандай мүшелері бар? Олардың қайсылары дененің қандай бөлімінде орналасқан? (Баскөкірек бөлімінде (98-сурет) сипап сезу, иіс сезу қызметін атқаратын бірі қысқа, екіншісі ұзын екі жұп мұртшалары бар. Одан соң 1 жұбы үстіңгі жақ, 2 жұбы астыңғы жақ, 3 жұбы жақаяқтар деп аталатын түрі өзгерген аяқтардан тұратын ауыз аппараты және 5 жұп жүретін аяқтар орналасқан. Жүретін аяқтардың бірінші жұбы жемін ұстайтын және жауынан қорғанатын қысқышқа айналған. Су түбінде шаян осы жүретін аяқтардың көмегімен басын алға қаратып баяу жылжып қозғалады)

6. Шаян бас жағын алға қаратып жүзе ала ма? Неге? Шаянның жүзу аяқтары неше жұп, дененің қандай бөлімінде орналасады? (Өзен шаянының құрсақ бөлімінде жүзуге қатынасатын және түрлі басқа қызмет атқаратын 5 жұп кішкентай құрсақ аяқтары бар. Құрсақ бөлімі бунаяқты және жақсы дамыған құрсақ ұшында құрсақ аяқтарының алтыншы жұбы соңғы бунақпен бірігіп жүзу қанатын түзеді)

7. Өрмекшілер мен бунақденелілер қандай мүшелердің көмегімен орын ауыстырып қозғалады? Қозғалу мүшелері дененің қай бөлімінде орналасады? (Өрмекшілердің 4 жұп, бунақденелілердің 3 жұп аяқтары бар. Аяқтары көкірек бөлімінде орналасады)

8. Омыртқасыздардың ішінде орналастырып қозғалу мүшелерінің күрделенуі және қызметі жағынан қандай жануарлар жоғары сатыда тұр? (бунақденелілер)


Каталог: uploads -> doc -> 0100
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0100 -> Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет