Сабақтың мақсаты:


ІV. Бекіту. Өсімдік ұлпалары



бет4/14
Дата10.03.2018
өлшемі2.48 Mb.
#20574
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ІV. Бекіту.

Өсімдік ұлпалары

Аттары


Ұлпалардың құрылысы және маңызы


Өсімдікте орналасуы

Түзуші ұлпа

Жасушалары жас, ұдайы бөлінетіндіктен өсімдік өседі, жапырақтары, бүршіктері, гүлшанақтары ашылады. Тұқымынан жас өсімдіктер(өскін) өсіп шығады. Сабақ пен тамыры ұзарып өседі. Ағаш діңі жуандайды. Басқа ұлпалар осы ұлпадан түзіледі.

Өркен мен тамырдың ұшында. Астық тұқымдас өсімдіктердің (бидай, жүгері, тары) сабақтарының буын аралықтарында. Сабақ пен тамырдың қабық астында

Жабын ұлпа

Жасушалары бір-біріне өте тығыз жанасады, сондықтан өсімдіктерді сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан (ыстық, суық, қатты жел, зиянкестермен зақымдану) сақтап қорғайды. Сыртқы ортамен қатыныс жасайды (ауа мен пайдалы газдарды, күн сәулесін ішке өткізіп, сыртқы судың артығын буландыру).

Өсімдіктің барлық мүшелерінің (тамыр, сабақ, жапырақ, тұқым, гүл, жеміс) сыртын қаптап тұрады. Жапырақтар мен сабақтар, жемістер, тұқымдардың сыртындағы жұмсақ және қатты тікенекті түктері.

Тірек ұлпа

Жасушаларының қабықшасы алғашында жұқа болғанымен біртіндеп қалыңдайды, мықтылық, тірек қызметін атқарады. Сабаққа, жапыраққа мықтылық қасиет беріп, сыныудан, майысудан қорғайды. Өсімдік қанша нәзік болса да тірек ұлпасының арқасында қатты дауылға, нөсер жамбырға майысып барып, қайта қалпына келеді.

Өсімдіктің барлық мүшелдерінде белгілі бір тәртіппен орналасады. Тамыр мен сабақта. Жапырақ жүйкелерінде. Жемістің жұмсақ етінде. Тұқымда (өрік, шие сүйектері мен жаңғақтың сыртын қаптап тұрған қатты қабықтар) т.б. жерлерде.

Негізгі ұлпа (қор жинаушы, фотосинтездеуші)

Жасушалары ірі, сондықтан зат алмасудың артық өнімдері қорға жиналады, онымен ұрық және тағы басқа өсімдіктердің жас мүшелері қоректенеді. Жапырақтағы фотосинтездеуші ұлпаның жасушаларында хлорофилл дәндері болатындықтан жарықта органикалық зат түзеді. Онымен бүкіл тірі организмдер қоректенеді. Жасуша арасында бос кеңістікте ауа жиналады. Онымен өсімдіктер тыныс алады. Ірі жасушаларда су жиналады. Қуаңшылық жерде өсетін өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз етеді. Атқаратын қызметіне байлансты жасуша пішіндері де әр түрлі.

Өсімдіктің барлық мүшелерінде қабықтан бастап барлық ұлпалардың арасын толтырып тұрады. Жапырақтың ортаңғы қабаты, сабақтың, тамырдың, тұқымның, түйнектің, пиязшықтың, тамырсабақтың барлығында болатындықтан негізгі ұлпа д.а.

Өткізгіш ұлпа

Жасушаларының пішіндері әр түрлі, ұзынша. Жасушааралық перделері мен қабырғаларында сүзгі тәрізді ұсақ тесіктері болады. Сол арқылы жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшелері мен сабақ, жеміс, тұқымға өткізеді. Топырақтан тамырдың сорып алған минералды заттарының ерітіндісі жер үсті мүшелеріне жеткізіледі.

Тамырда, сабақта, жапырақ жүйкелерінде. Өсімдіктің барлық мүшелерін бір-бірімен байланыстырады. Сондықтан барлық мүшелерінде өткізгіш ұлпалар орналасады.

Бөліп шығарушы ұлпа

Жасуша пішіндері әр түрлі, қабықшасы жұқа біртіндеп қалыңдайды, сүтті шырын, эфир майы, шірне бөлінеді. Зат алмасуда бөлінген артық заттар мал жемеуден, ауру тудыратын микробар мен зиянды бунақденелілерден сақтайды. Сүтті шырыннан резеңке, каучук жасалады. Эфир майын сабын, дәрі, иіс суға қосады, хош иіс береді. Шірне бунақденелілерді еліктіріп, тозаңдануға көмектеседі, алкалоид, т.б. заттардан дәрі жасалады.

Өсімдік мүшелерінің әр жеріде шашыранды болып жатса да барлық мүшесінде: тамыр, тамырсабақ, жапырақ, сабақ, гүл, жеміс тұқымдарда кездеседі.


Үй тапсырмасы. §5,6 оқып, тақырыптар соңындағы тапсырмаларды орындап келу.
3-4-зертханалық жұмыстар.

Тақырыбы: Өсімдік ұлпалары.

Мақсаты: Өсімдіктерге тән ұлпалардың құрылысын салыстырып зерттеу.

Құрал-жабдықтар: бидайдың 10 күндік жас өскіні, қарағаш, қарағай, терек қабықтары, өрік, жаңғақ сүйектері, алмұрт жемісі, сәбіз, қызылша жемтамырлары, асқабақ немесе жүгері сабағы, бақбақ кеппешөбі (гербарий), бөлме өсімдігі – фикус, қарағай шайыры.

Жұмыстың барысы:

1. Бидайдың 10 күндік жас өскінінің тамыр ұшынан препарат жасап микроскоп пен қарап түзуші ұлпамен танысу, жасуша ерекшеліктеріне көңіл аудару.

2. Бөлме өсімдігі жапырағының астыңғы мөлдір өңін сылып алып, препарат жасап, микроскоппен қарап өң жасушалары – жабын ұлпамен танысу. Қарағай, қарағаш, терек қабықтарын қарау.

3. Өрік сүйегі, грек жаңғағының сүйегін жай көзбен қарау. Алмұрт жемісінің жұмсақ етіндегі қатты түйірін әбден езіп, микроскопта тірек ұлпасы жасушаларымен танысу.

4. Сәбіз, қызылша жемтамырлары, пиязшық пен кактустың (немесе басқа да шырынды өсімдіктер) сабағын жай көзбен қарап, қор жинаушы ұлпамен танысу.

5. Жүгері, асқабақ сабақтарының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап өткізгіш ұлпамен танысу (бар болса дайын микропрепаратты пайдалануға болады).

6. Сүтті шырын ағатын, шайыры бар өсімдіктердің (сүттіген, бақбақ, таусағыз, бөлмедегі фикус, т. б.) кеппешөптерін, қарағай шайырын қарап, бөліп шығарушы ұлпалармен танысу.

Нәтижесі:

І. Берілген сипаттамалардың тұсындағы әріпті дәл келетін ұлпа бағанына жазыңдар:

1. а) өсімдіктерді әр түрлі қолайсыз жағдайлардан қорғайды; ә) жасушалары жас, ұдайы бөлінеді; б) өсімдікте органикалық зат түзуге қатысады; в) жер асты және жер үсті мүшелерінде қоректік заттарды қорға жинайды; г) өсімдікті жуандатып өсіреді; ғ) жапырақтың жұмсақ бөлігіне күн сәулесін еркін өткізеді; д) өсімдіктің зақымданған жерін қайта калпына келтіреді; е) сыртқы ортамен қатынас жасап, газ алмасу, су булануды реттейді; ж) құрғақшылық жерде өсетін өсімдіктердің жасушаларында су жинаушы.



Түзуші ұлпа



Жабын ұлпа



Негізгі ұлпа












 

2. а) өсімдікті мал жеуден қорғайды; ә) жапырақ тақтасын керіп тұрады; б) сүт жолы мен шайыр жолы болады; в) хош иіс, тәтті шырын бөледі; г) қоректік заттар қозғалысын қамтамасыз етеді; ғ) жасушалары қатты, қиыршықты; д) тін талшығы жақсы жетілген; е) жасуша қабырғасы сүзгі тәрізді ұсақ саңылаулы; ж) тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының ерітіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізеді.

 

Қорытынды:

1) Ұлпа дегеніміз не?_____________________________________________________________



_______________________________________________________________________________

2) Мына ұлпалар өсімдіктің қай мүшесінде кездеседі?

Түзуші ұлпа немесе меристема_____________________________________________________

_______________________________________________________________________________

Жабын ұлпа____________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

Негізгі ұлпа_____________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

Тірек ұлпа______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

Өткізгіш ұлпа___________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

Бөліп шығарушы ұлпа ___________________________________________________________

_______________________________________________________________________________



Сабақ: 6

Тақырыбы: ІІ тарау. Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері.

§7. Тамыр және тамыр жүйесі



Сабақтың мақсаты: өсімдіктің өсімді мүшелеріне жалпылама сипатама беріп, соның бірі – тамырдың түрлерін, өзара ерекшеліктерін атап көрсету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – тамыр, тамыр жүйесі деген ұғымдардың мәнісін ашып, олардың атқаратын қызметін оқушы тұлғасына жете түсіндіру

Тәрбиелілігі – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету.

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.



Құрал-жабдықтар: электрондық оқулық, бейне фильмдер.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылай отырып, зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жасуша → ұлпа → мүше → ағза сызбанұсқасын түсіну қиынға соқпас, себебі жасшалар тобынан ұлпа, ұлпалардан мүшелер, мүшелерден ағзалар құралады деген мағлұмат береді. Сулы ортадан құрылыққа шығып тіршілік етуге бейімделуінің нәтижесінде көпжасушалы өсімдіктердің құрылысында көптеген өзгерістер болады: қоректенуіне жарық, ауадағы көмірқышқыл газы, топырақтағы су және тұздардың ерітіндісі қажет болғандықтан өсімдіктің ішкі, сыртқы құрылысы күрделеніп, әр түрлі қызмет атқаруға жіктеле бастап, тарихи дамуының нәтижесінде жеке мүшелер пайда болады. Мүше – ағзаның бір бөлігі, себебі өзіндік құрылысы бар және белгілі бір қызмет атқарады. Өсімдік мүшелері өсімді (вегетаивті) және көбею (генеративті) деп екіге бөлінеді. Өсімді мүшелер өсімдіктің өсуін, жеке тіршілік етуін амтамасыз етсе, көбею мүшелері әрбір дарақтың (особьтың) санын көбетіп ұрпақ қалдыру үшін керек, төменгі сатыдағы өсімдіктердің мүшелері жіктелмеген.

Өсімді мүшелерге – тамыр, сабақ, жапырақ жатады.

Тамыр – топырақтың ішінде жататындықтан өсімдіктің жер асты мүшесі. Оның атқаратын қызметі: топырақтан су мен минералды тұздардың ерітіндісін сору; өсімдікті топыраққа мықтап бекіту; қоректік заттарды қорға жинау. Су мен минералды тұздардың ертіндісін сору қызметіне байланысты өң жасушаларынан тамыр түктері түзіліп, өткізгіш жүйелері дамып көлемін ұлғайтса, ал топыраққа мықтап бекіну қызметі оның орталық бөлімінде тірек ұлпалары түзіліп, беріктігін күшейте түседі. Сабақтан айырмашылығы – тамырдың алғашқы қабығы тез түсіп отырады, жапырақ (тіпті қабыршақ түрінде де) шығармайды. Тамыр сабық сияқты ұшынан өседі (тамыр ұшы оймақшамен қапталып тұрады, ол қорғаныштық қызмет атқарады). Тамырлар негізгі, жанама, қосалқы деп үш түрге бөлінеді. Неігізгі тамыр тамырдың ұрық тамыршасынан дамиды, ол тік төмен қарай бағытталып өседі. Тамыр мен сабақтың ұштасып жалғасқан жерін тамыр мойыны дейді. Өсу барысында негізгі тамырдан, тарамдалып жанама тамырлар шығады. Олар тік төмен бағытталмай жан-жаққа таралып жайлып өседі. Қосалқы тамырлар сабақ пен жапырақтан өсіп шығады да бүкіл тамыр жүйесінің көлемін ұлғайтады. Ол дара жарнақты өсімдіктерде (бидай, пияз, жүгері, күріш) негізгі тамырдың орынын басады. Қосалқы тамырлар неғұрлым жиі өссе өсімдіктің топырақтан қоректенуі жақсарып, соғұрлым мол өнім алынады. Негізгі тамыр, жанама тамыр, қосалқы тамырлар жиынтығы тамыр жүйесі деп аталады.

Тамыр жүйесі – бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығы. Негізінен кіндік тамыр жүйесі және шашақ тамыр жүйесі деп екі типке бөлінеді. Кіндік тамыр жүйесінде білуленген жуан негізгі тамыры бар, оның жан-жағынан әр түрлі бағытқа жанама тамырлар таралады. Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктер: сәбіз, картоп, қызанақ, орамжапырақ, т.б.(қос жарнақты өсімдіктердің барлығында болады). Шашақ тамыр жүйесінде ерекшеленіп білінетін негізгі тамыр болмайды. Қосалқы тамырлардың қаулап өсуі біркелкі жуандықта шашақталып жан-жаққа жайыла өседі, көбінесе дара жарнақты өсімдіктерде (бидай, жүгері, күріш, тары, сұлы, пияз, барлық пиязшықты өсімдіктер) болады.

ІV. Бекіту.

Тамыр - өсімдіктің бірліктік, вегетативтік мүшесі, шектеусіз жоғары өсуі, оң геотропизмдік қасиеті бар, құрылысы радиалды және ешқашан да жапырағы болмайды.

Тамыр жүйесі деп бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығын айтады.



Тамырды жіктеу.

Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр өте жақсы жетіледі. Одан жан-жағына жанама тамырлар тарайды (мысалы, асбұршақ, асқабақ, қауын, жоңышқа, сәбіз, аскөк, т.б.).

Шашақ тамыр жүйесіне негізгі тамыр болмайды. Болған күнде де өте нашар дамып, жуандамай, басқа тамырлармен бірдей өседі. Жуандығы біркелкі жанама немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап топталып тұрады. Мысалы, пияз, бидай, жүгері, арпа, сұлы, тары, күріш, сарымсақ және т.б.

Аралас тамырлар жүйесінде анық көрінетін негізгі, сонымен қатар қосымша тамырлар да болады (қызан, капуста).

Тамырдың қызметтері

  1. Тамыр арқылы топырақтан суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді;

  2. Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады;

  3. Әр түрлі органикалық заттарды (аминқышқылдар, гормондар, т.б.) синтездейді.

  4. Кейбір тамырлар қоректік заттарды қорға жинайды;

  5. Басқа өсімдіктердің тамырларымен, микроорганизмдермен, саңырауқұлақтардың жіпшелерімен әрекеттеседі;

  6. Вегетативтік көбеюге қатысады.

Үй тапсырмасы. §7 оқып, 8-суретті салып, тақырып соңындағы тапсырмаларды орындап келу.

5-зертханалық жұмыс.



Тақырыбы: Тамыр типтерін кіндік және шашақ тамыр жүйелерін талдау.

Мақсаты: Тамыр жүйесі мен тамыр типтерінің мәнісін ажырыратып, өзіндік ерекшеліктерін практика жүзінде талдап, зерттеу.

Құрал-жабдықтар: кіндік тамыр жүйесі бар қауын, қарбыз, сәбіз, бақбақ, жоңышқа және т.б. өсімдіктерінің кеппешөптері (егер кеппешөптер болмаса алдын ала тұқымнан өсіруге болады (күнбағыс, үрмебұршақ, асбұршақ). Сабақтан 10-15 күн бұрын тамыр жүйесі шыққанға дейін ыдыстағы суға пиязды орналастырады. 10 күн бұрын сәбіздің де жемтамырын топыраққа көмсе, жіңішкерген жерінен дамыған жанама тамырлары шығады.

Жұмыстың барысы:

1. Алдарыңа берілген асбұршақ немесе қауын, қарбыз, т. б. өсімдіктің кеппешөбінен тамырын мұқият қарап тамыр типтерін ажыратып (негізгі тамыр, жанама тамыр, қосалқы тамыр), суретін салып аттарын жазыңдар.

2. Қосалқы тамырды әрі шашақ тамыр жүйесін (сабақ өтерден 10-15 күн бұрын) қарау үшін суға салынған пиязшықтың жаңа өсіп шыққан тамырларын талдаңдар.

3. Шашақ тамыр жүйесін – бидай, жүгері кеппешөптерінен қарап анықтаңдар.

4. Алдын ала (10 күн) бұрын топыраққа көмілген сәбізден кіндік тамыр жүйесін қарап, жанама тамырларын ажыратыңдар.

5. Кіндік тамырлар мен шашақ тамырлар жүйесінің ерекшеліктеріне көңіл аударып, оқулықтың суретімен салыстырыңдар.



Сабақ: 7

Тақырыбы: §8. Тамыр бөлімдері

Сабақтың мақсаты: тамыр бөлімдерінің құрылысын, алып жатқан орнын, маңызын таныстыру және әр бөліктің атқаратын қызметіне толық тоқталу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – тамыр бөлімдерінің құрылысын және өзіндік ерекшеліктерін оқушы тұлғасына жете түсіндіру.

Тәрбиелілігі – оқушылардың ғылыми дүниетанымын байытып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.



Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер

Сабақтың типі: құрастырылған

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Келмей қалған оқушыларды белгілей отырып, сабаққа дайындығын бақылау.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Мүше дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай мүшелер болады? Неліктен вегетативті мүшелер дейді? Вегетативті мүшелерді атаңдар. Вегетативті мүшелер өсімдіктерге не үшін қажет?

Тамырдың қызметін атаңдар. Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді, олар қайдан пайда болады? Негізгі, жанама, қосалқы тамырлардың жиынтығы нені құрайды? Олардың айырмашылығы және қандай өсімдіктерде болады?

Қоректік заттарды қорға жинайтын тамырларды атаңдар. Жанама тамырлардың қызметі. Тамыр жүйесі дегенді қалай түсінесіңдер, анықтамасын айтыңдар. Шашақ тамыр жүйесі деп неліктен аталған, шашақ тамырлы өсімдіктер мен кіндік тамырлы өсімдіктерге мысал келтіріңдер.



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жоспар:


  1. Өсімдіктің вегетативті мүшесі – тамырдың құрылысы

  2. Оның атқаратын қызметтері

Тамыр бөлімдері ұзындығы мен қызметіне қарай тамыр оймақшасы, бөліну, созылу (өсу), сору, өткізгіш аймақтары деп бөлінеді. Тамыр оймақшасы тамыр бөліміне кірмейді. Тамыр ұшындағы түзуші ұлпалардан құралған өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады. Оймақша жасушалары тірі. Сыртқы қабығындағы жасушалары сыртқы кедергілерге үйкеліп, зақымданып түлеп түседі. Оның орнына жаңа жасушалар түзіліп, ұдайы жаңарып отырады. Тамыр оймақшасының сыртқы қабатындағы жасушалар шырышты зат бөледі. Ол зат тамыр ұшындағы жаңадан пайда болған нәзік жасушаларды қажалудан жеңілдетеді. Осылайша тамыр оймақшасы тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап тұрады.

Бөліну аймағы атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі болып үш қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабытындаға клеткалар тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын түзеді. Ортаңғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабатынан орталық цилиндр түзіледі. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалаптасуына себеп болады.

Өсу аймағының жас жасушалары бөлінбейді. Ұзыннан созылып, ұзарады. Тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы аймақта түзіле бастайды.

Сору аймағы - өсу аймағынан кейін орналасқан қалың түктері бар бөлік. Тамыр түктері тамырдың сыртын қыптап жатқан жұқа өң қабықшысының жасушаларының созылуынан пайда болады.

Тамыр түктерінің ұзындығы әр түрлі. Әрбір түк – жұқа қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы және вакуолі бар жеке ұзын жасуша. Ол топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, суды және онда еріген минералды тұздарды сорады. Өсіп келе жатқан жас тамырға тірек қызметін атқарады.



Өткізу аймағы суды және суда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктердің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл аймақта тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар көп болады.

Тамырдың сору механизмі

Сору күші – бұл осмостық және тургорлық қысымдардың арасындағы айырмашылық.

Осмостық қысым – цитоплазмада және клетка қабырғасына әсер ететін клетка шырыны ерітіндісінің қысымы.

Тургорлық қысым – жасуша қабырғасының клетка шырынының ерітіндісіне әсер ететін қысым. Топырақтағы ерітіндінің тамыр қабығының жасушалары арқылы қозғалысы олардың сору күші айырмашылығына байланысты, яғни соруы аз жасушалардан соруы күшті клеткаларға жүреді.

Тамыр қысымы – бұл барлық тамыр түктерінің сору күші.

Жапырақтардың сору күші – бұл су молекулаларының және тамыр қабырғаларының арасындағы іліну күші.

Тамырдың өсуі. Тамырлар өсімдіктер түрлеріне байланысты жылдың әр мезгілінде әрқалай өседі. Көктемде тамыр қарқынды өседі. Тамырлар өсу кезінде қоректік заттар мен суды бірқалыпты толық пайдаланады. Тамыр ұшынан төменге қарай өседі. Осында өсу қозғалысын біржақты әрекет тітіркендіргіштігі (ауырлық күші, жарық) болатын жағдайда тропизм д.а. Негізгі тамыр үшін оң геотропизм (жер тартылысының әсерінен бір жақты өсу) тән. Ірі жанама тамырлар жер бетінен қатар өседі, ал ұсақ тамырларда геотропизм болмайды.

ІV. Бекіту.

р/с

Тамыр бөлімдері

Атқаратын қызметі




Тамыр оймақшасы

Түрлі кедергілерден қорғайды.

1

Бөліну аймағы

Атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі болып үш қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабытындаға клеткалар тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын түзеді. Ортаңғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабатынан орталық цилиндр түзіледі. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалаптасуына себеп болады.

2

Өсу аймағы

Жас жасушалары бөлінбейді. Ұзыннан созылып, ұзарады. Тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы аймақта түзіле бастайды.

3

Сору аймағы

Өсу аймағынан кейін орналасқан қалың түктері бар бөлік. Тамыр түктері тамырдың сыртын қыптап жатқан жұқа өң қабықшысының жасушаларының созылуынан пайда болады. Тамыр түктерінің ұзындығы әр түрлі. Әрбір түк – жұқа қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы және вакуолі бар жеке ұзын жасуша. Ол топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, суды және онда еріген минералды тұздарды сорады. Өсіп келе жатқан жас тамырға тірек қызметін атқарады. Тамырдың сору бөлігінде жабын ұлпа тамырға су мен онда еріген заттардың жеткізілуін қамтамасыз етеді.

4

Өткізу аймағы

Суды және суда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктердің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл аймақта тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар көп болады.


Үй тапсырмасы. §8 оқып, 10-суретті салып, тақырып соңындағы тапсырмаларды орындап келу.

6-зертханалық жұмыс.



Тақырыбы: Тамыр бөлімдерін жай көзбен және ұлғайтқыш әйнекпен қарау.

Мақсаты: Тамыр бөлімдерін бір-бірінен ажыратып, өзіндік ерекшеліктерін анықтау.

Құрал-жабдықтар: сабақтан 10-15 күн бұрын өсірілген асбұршақ пен бидай өскіндері, микроскоп, оған керекті жабдықтары, ұлғайтқыш қол әйнегі және т. б.

Жұмыстың барысы:

1. Сабақ өтерден 10-15 күн бұрын тұқымынан өндірілген асбұршақ пен бидайдың өскіндерінің жас тамырларын салыстырып, қандай тамыр жүйесіне жататынын ажырату.

2. Бидайдың жас өскінінің тамырын ұлғайтқыш әйнекпен қарап, тамыр бөлімдерін (аймақтарын) анықтау.

3. Тамыр түкшелері бар аймақты тауып, алып жатқан аумағын қарау.

4. Тамыр ұшынан препарат жасап, микроскоппен қарау, тамыр оймақшасы жасушаларының ерекшеліктеріне көңіл аудару, суретін салу, оқулықтың суретімен салыстыру.


Каталог: uploads -> doc -> 0100
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0100 -> Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет