Сабақтың тақырыбы : Бассүйексіздер тип тармағы. Сабақтың мақсаты



жүктеу 50.22 Kb.
Дата26.02.2018
өлшемі50.22 Kb.
түріСабақ

Мәртөк ауданы. Родниковка орта мектебі.

Биология пәнінің мұғалімі Досжанов Аскарбек Алмабекович


Пәні : Биология

Сабақтың тақырыбы : Бассүйексіздер тип тармағы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі : Желілілер типіне жататын өкілдерінің ерекшеліктерін,түрлерін таралуын қорытындылау арқылы оқушылардың білім қорларын толықтыру.

Сабақтың дамытушылығы: Сұрақтарға нақты жауап беруге, шығармашылық ізденісін, іскерліктерін дамыту.

Сабақтың тәрбиелігі: оқушылардың бойында табиғатты қорғауға жауапкершілікті ояту, ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, дидактикалық тапсырмалар

Пәнаралық байланыстар: Экологиямен,географиямен.


 І Ұйымдастыру кезеңі
• оқушылармен амандасу
• оқушыларды түгендеу

сабаққа даярлықтарын тексеру

сабақ жоспарымен танысу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау / тест/
1. Буынаяқтылардың негізгі ерекшілігі .......... қапталған

а) жабынмен. б) хитинді затпен.

в) ақзалық затпен. г) тері – бұлшық етпен.

2. Толық түрленіп даму кезендері:

а) жұмыртқа – имаго. б) жұмыртқа – дернәсіл - имаго.

в) жұмыртқа – дернәсіл - қуыршақ - имаго. г) жұмыртқа – қуыршақ - имаго.

3. Толық түрленіп дамыйды:

а) инелік, шегіртке. б) дәуіт, бұзаубас.

в) қандала, бүрге. г) көбелек, балара.

4. Түтік тәрізді ауызбен сорушы:

а) шыбын. б) орман қандаласы.

в) тарақан. г) көбелек.

5. Бунақденелілер класы жіктелетін тармақтар:

а) буынаяқтылар, қанаттылар. б) буынаяқтылар, басаяқтылар.

в) туақанатсыздар, қанаттылар. г) туақанатсыздар, басаяқтылар.

6. Көбелектің дернәсілі:

а) жаушоғыл. б) теленомус.

в) жұлдызқұрыт. г) оқыра.

7. Бунақденелілерге тән ерекшілігі:

а) демтүтік. б) мальпиги түтікшелер.

в) ашық қантарату жүйесі. г) денесі бас, көкірек, құрсақ бөлімдерінен тұрады.

8. Артығын табыныз:

а) нәзікқұйрақ б) көркемше.

в) шолғыншы. г) дәуіт.

9. Қазақстан Республикасы Қызыл кітабінда бунақденелілер түнғыш рет орын алған жыл:

а) 1978. б) 1989. в) 1991. г) 1996.

10. Орамжапырақ ақкөбелегінің жұлдызқұрыты мен қуыршағына жұмыртқалайды:

а) сона. б) теленомус. в) шаншарлар. г) қабықжегі.

ІІІ. «Ой шақыру» кезеңі

Сөзтуым «желілілер»


  1. Үйірлі шегірткелер дернәсілдерінң тығыз топтасуы (жаушоғыл)

  2. Бүл паразиттің дернәсілдері даму ерекшілігіне қарай әр түрлі аталада /оқыра, осқырма/ (бөгелек)

  3. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым саласы (энтомология)

  4. Бунақденелілерді мальпиги түтікшелері ашылатын жер (ішек)

  5. Жұтқыншақ асты түйіні мен құрсақ жүйке тізбегі түзетін екі жұп түйін (ганглий)

  6. Шала түрленіп даму кезінде жұмыртқадан имагоға өту кезеніндегі сатысы (дернәсіл)

  7. Ауыл шаруашылығына зиян келтіретін бунақденелілерге, табиғи жау түрлерін қарсы пайдалану әдісі (биологиялық)

  8. Нәзікқұйрық, Көркемше, Шолғыншы (инелік)

  9. Сонаның тарататын ауруы (қарасан)

IV.Жана сабақ (слайд)


Желілілер типі - жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы ең жоғары топ. Арқа жағында ішкі қаңқаның қызыметттін атқаратын желісі болғандықтан, олар желілілер деп аталған. Желілілер сыртқы пішіні, тіршілік әрекеті, мекен ортасы әр түрлі жануарлардан құралады. Олардың 40 – 45 мыңдай түрі бар. Желілілер (хордылылар деп те аталады) құрлықта, топырақта, суда, ағаш басында мекендейді. Ауада ұшып тіршілік ететін түрлері де бар.

Желілірге қандауыршалар, асцидиялар; омыртқалылар (дөңгелекауыздылар,балықтар, қосмекнділер, жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер) жатады. Ең кішілерінің дене тұрқы 0,5мм, ал үлкені 33 метірге жетеді.

Желілілер – 2 реттік денесі қуысты (целом), үш қабатты, екіжақты симетриялы болып келеді. Олар жоғарғы сатыдағы жануарлар
Желілілерге тән белгілер


Төменгі сатыдағы жануарлар Жоғарғы сатыдағы жануарлар
1. Желі – өмір бойы сақталып, ішкі қаңқаның 1. Желіден – омыртқа жотасы пайда

қызыметін атқарады. болады.

2. Жүйке түтігі өмір бойы сақталады 2. Жүйке түтігінің алдыңғы бөлігі – миға,

3. Желбезек саңылаулары өмір бойы артқы бөлігі - жұлынға айналады.

сақталады. 3. Құрлықта тіршілік ететін

омыртқалыларда желбезек

4. Қан айналым жүйесі – тұйық санылауының орнында – өкпе.

4. Қан айналым жүйесі – тұйық.


Бассүйексіздер тип тармағы. Қандауырша.

Қандауыршаның құрылысының ерекшіліктерімен көбейуі (слайд)



Қабықтылар тип тармағы. Асцидия. (слайд)

Асцидияның ерекшіліктері және кубейуі

V. Сабақты бекіту

Сәйкестігін табыныз

1 - тапсырма

А) Қандауы рша 1. Бассүйексіздер

Б) Асцидия 2. Қабықтылар

3. Арқа жүзбеқанаты бар.

4. Желісі дернәсіл кезінде ғана болады.

5. Қосжынысты

6. Қорегі ауыз сифоны арқылы өтеді.

7. 30-ға жуық түрі бар, 10 – 30 м терендікте тіршілік етеді.

8. Ауыз қуысының айналасында ұсақ қармалуыштар бар.

9. Жүрек қызыметін құрсақ қолқа қантамыры атқарады.

10. Бүршіктеніп көбейеді.


2- тапсырма
А) Желілілер 1. Дененің соңғы қуысы болады.

Б) Бунақденелілер 2. Желісі бар.

3. Мидың үш бөлігі бар.

4. Қанайналым жүйесі – тұйық.

5. Қантарату жүйесі - ашық.

6. Сірқабық

7. Хитин.

8. Денесі үш қабаттан тұрады.

9. Денесі екіжақты симметриялы.

10. Жүйке түтігі бар.


VІ. Оқушылар білімін бағалау.



VІІ. Үйге тапсырма беру: Оқу (түсінік айту). Баланоглосс туралы мәлемет
Каталог: uploads -> doc -> 0ecc
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0ecc -> Сабақ Тақырыбы: Ұлы жібек жолының Қалыптасуы және тарихи маңызы (Черновод орта мектебі) Өткізген: Тулешов Е. А. Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет