Боран соғып, көріну нашарлаған кезде өз өмірін қатерге тігіп жүздеген тұрғынға жол көрсеткен Абай облысының полиция қызметкеріне мемлекет басшысы алғыс хат жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҚР ТЖМ

“2024 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы президенті атынан Көкпекті ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, қызметтік борышын орындау барысында ержүректілік пен жанқиярлық танытқаны үшін Көкпекті аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бастығы, полиция майоры Данияр Қайырқановқа алғыс жарияланды”, – деп хабарлады Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкеріне марапатты салтанатты түрде төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Ерлан Нұрпейісов табыс етті.

Еске сала кетсек, 16 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Көкпекті ауданындағы жолдарда 100-ден астам автокөлік қар құрсауында қалды.

Өміріне төнген қауіпке және күрделі метеорологиялық жағдайға қарамастан, сонымен қатар жолдың қарлы бұрқасын әсерінен көрінбеуін елеместен тәртіп сақшысы жолға шығып, қарда қалған автокөлік жүргізушілеріне жол көрсеткен.

Құтқару операциясын жүргізу кезінде азаматтық қорғау органдары мен ПД 381 адамды, оның ішінде 19 баланы құтқарды.

Қар құрсауында қалған тұрғындарды құтқаруға тікұшақ жұмылдырылды. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.