Сабақтың тақырыбы : бірінші дүниежүзілік соғыс Сабақтың мақсаты



жүктеу 0.72 Mb.
бет1/5
Дата21.04.2019
өлшемі0.72 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5

9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §1.Бірінші дүниежүзілік соғыс

Сабақтың мақсаты:

  • Дүниежүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі, Германияның өркендеуі және әскери-саяси одақтардың құрылуы, Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы туралы баяндау.

  • Ұлттық рухы биік, бәскеге барынша қабілетті тұлға қалыптастыру

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Еуропа мен Американың жетекші державаларына Азия мен Африка елдерінің отар және жартылай отарларға айналуының қандай себептері болды?

  • «Империя», «император», «империализм» терминдерінің арасында мағыналық байланыс бар ма?

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Дүние жүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі

      2. Германияның өркендеуі және әскери-саяси одақтардың құрылуы

      3. Орыс-француз одағы

      4. Ағылшын-орыс қатынастары

      5. Балқан соғыстары

      6. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы

      7. Марна шайқасы

      8. «Верден қырғыны»

      9. Германияда революцияның басталуы, соғыстың аяқталуы.

Антанта

Үштік одақ

1. Өндірістің соғыс жағдайына сай қайта құрылмауы.

1. Килль каналы қызметінің жақсаруы.

2. Францияның Бельгиямен екі арадағы шекерада бекінісінің болмауы.

2. Неміс артиллериясының күш қуатының артуы. Крупп зауыттарында зеңбіректердің жаңа түрлерінің шығарылуы.

3. Құрлықтағы әскердің әлсіздігі.

3. Германияның «қауырт соғысқа» дайындалуы

4. Әскери-теңіз флотының дайындығы едәуір жақсы болды.

4. Неміс армиясының сан жағынан артықшылығы. Австрия-Венгрияның әскери қуатының артуы.

Сабақты бекіту:

  • Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталу себептері қандай болды?

  • Соғыстың қандай ірі шайқастарын білдіңдер?

  • Германия неліктен «Шлиффен» жоспарын жүзеге асыра алмады?

  • АҚШ неге 1917 жылы ғана соғысқа кірді?

  • Бірінші дүниежүзілік соғыс майдандарында соғыс қимылдарын тоқтату жөнінде келісімге қол қою қашан және қай жерде болды?

  • Бірінші дүниежүзілік соғыстағы жалпы адам шығыны қанша болды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §1.



9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §2. 1918-1939 жылдардағы Еуропа және Африка елдері. Орталық Еуропа елдері мен Ресейдегі революциялық-демократиялық қозғалыстар

Сабақтың мақсаты:

  • Бұқаралық қозғалыстардың өрши түсуі, революциялар, Веймар Республикасының құрылуы, реформалар, демократиялық толқындардың жетістіктері мен бәсеңдеуі, жұмысшы және социалистік қозғалыстың жіктелулері тақырыптары бойынша баяндау.

  • Білімді жеке тұлға қалыптастыру

Сабақтың түрі: лекция

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: карта

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • 1919 жылы Париж конференциясы қандай негізгі міндеттер қойды?

  • Вильсон «14 тармағының» мәнісі неде?

  • Версаль-Вашингтон жүйесі деген не?

  • Бейбіт келісімшартқа сәйкес Германия қандай жерлерінен айырылды?

  • Австрия, Югославия, Чехословакия республикалары қалай пайда болды?

  • Түрік Республикасы қашан құрылды?

  • Версаль-Вашингтон жүйесі неліктен тиянақты болмады?

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Бұқаралық қозғалыстардың өрши түсуі Дамудың екі жолы

      2. Революциялар

      3. Веймар Республикасы

      4. Реформалар

      5. Демократиялық толқындардың жетістіктері мен бәсеңдеуі.

      6. Жұмысшы және социалистік қозғалыстың жіктелулері

      7. Экономикалық өрлеу

      8. Компартиялар ықпалының төмендеуі және социал-демократияның нығаюы.

Сабақты бекіту:

  • Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында бұқаралық қозғалыстардың өрлеуін қандай себептер туғызды?

  • Соғыстан кейінгі Еуропаның саяси өмірінде, дамудың екі жолы қанда себептермен айқындалды?

  • 1917 жылғы Ресейдегі Қазақ төңкерісі Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі Еуропа халықтарының бұқаралық қозғалыстарының өсуіне қалай ықпал етті?

  • І джс кейінгі жұмысшы қозғалыстарының жіктелу себептерін түсіндіріп беріңдер

  • ІІІ Интернационалды (Коминтерн) кім басқарды және осы ұйымның орталығы қайда болды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §2.



9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §3. Ұлыбритания.

Сабақтың мақсаты:

  • Бірінші жүние жүзілік соғыс қорытындысының Ұлыбританияға әсерін айта отырып, ағылшын үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты, соғыстан кейінгі Англияның экономикасы тақырытпарынан оқушыларға мәлімет беру.

  • Ізденімпаздыққа, тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Еуропадағы реваолюциялық қозғалыстардың басталуы қандай жағдайларға байланысты болды және олар соғыстың барысына қалай әсер етті?

  • Австро-Венгрия, Ресей және Осман империяларының құлауы және бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропада жаңа мемлекеттердің құрылу себептері қандай

  • Неге Кеңестер Германияда, Венгрияда, тағы басқа елдерде тұрақты орныға алмады.

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Бірінші дүниежүзілік соғыс қорытындысының Ұлыбританияға әсері

      2. Ағылшын үкіметінің ішкі және всыртқы саясаты.

    • Дэвид Ллойд Джордж

    • Соғыстан кейінгі Англияның экономикасы

Сабақты бекіту:

  • Ұлыбритания үшін Бірінші дүние жүзілік соғыстың қорытындысы қандай болды?

  • Ллойд Джордж үкіметінің сыртқы саястына талдау жасаңдар.

  • Лейбористер партиясының күшеюі неден көрінді? Олардың үкімет басындағы тәжірибесін сипаттаңдар.

  • Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың салдарын ашып көрсетіңдер.

  • Англиядағы қандай партияның өкіметі немістердің сыртқы саясатын қолдады?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §3



9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §4. Франция

Сабақтың мақсаты:

  • Францияның соғыстан кейіңнгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайына сипаттама беріп, әлеуметтік шиеленістің себебін, Францияның көппартиялық жүйесінің ерекшелігін және экономикалық дағдарыстың ел өміріне әсерін нақты факторлармен ашып көрсету.

  • Француз фашизмі туралы түсінік бере отырып,, оның герман және итальян фашизмінен айырмашылығына талдау және тиісті тиісті қорытынды жасай білуге баулу.

  • Халықтың майданның қалыптасуы туралы әңгімелеп, жүргізген шараларының маңызына тоқталып, ең бастысы, Францияда фашизмнің билеп-төстеуіне тосқауыл болғанын атап, оқушыларды фашизмге, ымырасыздыққа қарсы тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карталар (ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Франция, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропа)

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Ұлыбритания үшін Бірінші дүние жүзілік соғыстың қорытындысы қандай болды?

  • Ллойд Джордж үкіметінің сыртқы саястына талдау жасаңдар.

  • Лейбористер партиясының күшеюі неден көрінді? Олардың үкімет басындағы тәжірибесін сипаттаңдар.

  • Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың салдарын ашып көрсетіңдер.

  • Англиядағы қандай партияның өкіметі немістердің сыртқы саясатын қолдады?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Соғыстан кейінгі Франция

  2. Франциядағы экономикалық дағдарыстардың ерекшеліктері

  3. Француз фашизмінің ерекшеліктері

  4. Халық майданының қалыптасуы

Негізгі оқиғалар:

  • 1919 жылы Францияда 2,2 мың ереуіл болып, оған 2 млн жұмысшы қатысты.

  • 1924-1926 жылдарда солшыл блок үкіметі билік басында болды.

  • 1930 жылы экономикалық тоқырау басталды.

  • 1924 жылы «Патриоттық жастар» лигасы құрылды.

  • 1927 жылы «Әскери крест» лигасы құрылды.

  • 1934 жылы Халықтық майдан құрылды

  • 1936 жылы Халықтық майдан партиясы парламент сайлауында жеңіске жетті.



Лигалардың аты

Лигалардың талаптары

1

«Француз әскери лигасы»

Фашистік диктатура орнату

2

«патриоттық жастар» лигасы

«Алтын парламентті» жою, күшті атқарушы өкімет құру.

3

«Әскери крест»

«Коммунизмді құрту», «Сатқын демократияны»

Сабақты бекіту:



  • Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттің ішкі өмірінің қандай саяси ерекшеліктері болды?

  • 1919-1920 жылдардағы мемлекеттегі әлеуметтік шиеленістің себебі неде?

  • Француз көппартиялық жүйесінің ерекшеліктерін атаңдар

  • Экономикалық тоқырау Францияның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне қалай әсер етті?

  • Б.Ү.Ү. кестесі.

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді









Қорытындылау, бағалау:

Үйге тапсырма: §4



9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §5. Германия

Сабақтың мақсаты:

  • Германияның 1918-1939 жалдардағы жалпы дамуына сипаттама беріп, 1920 жылдардағы экономикалық және саяси орнығудың қиын да ұзақ болғанын ашып көрсету. 1930 жылдардағы экономикалық тоқыраудың ерекшеліктері мен салдарын нақты факторлармен түсіндіріп, Веймар Республикасының саяси әлсіздігіне оқушылардың назарын аудару. Германияда фашизмнің тууы, үкімет басына келуі және жүргізген ішкі-сыртқы саясатына талдау жасау.

  • Оқушыларды тарихи факторларды талдап, қорытынды жасау, тарихи ұғымдарға анықтама беруге баулу.

  • Германиядағы фашистік диктатура-дүние жүзіндегі азамзатқа сансыз қасірет әкелген Екінші дүниежүзілік соғыстың бірден –бір айыпкері екеніне оқушылардың көзін жеткізу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: дәріс, топтық жұмыс

Көрнекілік: Карта- «ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропа»

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттің ішкі өмірінің қандай саяси ерекшеліктері болды?

  • 1919-1920 жылдардағы мемлекеттегі әлеуметтік шиеленістің себебі неде?

  • Француз көппартиялық жүйесінің ерекшеліктерін атаңдар

  • Экономикалық тоқырау Францияның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне қалай әсер етті?

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Веймар Республикасы

      2. Германиядағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері

      3. Гитлердің өкімет басына келуі

      4. Германия тоталитаризмінің экономикалық жүйесі

      5. Ұлтшыл Германияның сыртқы саясаты

Негізгі оқиғалар:

  • 1925 жылы Ұлттық социолистік неміс жұмышы партиясы құрылды

  • 1930 жылы көктем-Веймар үкіметінің күйреуі

  • 1933 жылдық ортасында мемлекеттегі барлық саяси партиялар таратылды.

  • 1939 жылғы тамызда-Герман-Кеңес келісіміне қол қойылды

  • 1939 жылғы қыркүйекте-Германияның Польшаға шабуылы

Сабақты бекіту:

  • Жалпы тақырыпты бекіту үшін сыныпты үш топқа бөліп, мынадай тапсырмалар беремін.





Бағалау:


Үйге тапсырма: §5.

9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §6. Италия. Испания

Сабақтың мақсаты:

  • Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Италия мен Испанияның ішкі және сыртқы жағдайларына сипаттама беріп, фашистердің билікке келуінің себептерін және Испаниядағы азамат соғысының себептерін нақты факторлармен ашып көрсету, оқушылардың назарын Италия мен Испаниядағы фашизмнің негізгі белгілеріне аудару

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырмасы


Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

      • Веймар Республикасының өмір сүрген кезеңі.

      • Германиядағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері

      • Гитлердің өкімет басына келуі туралы айт.

      • Германия тоталитаризмінің экономикалық жүйесі

      • Ұлтшыл Германияның сыртқы саясаты

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Соғыстың Италияға тигізген зардабы

      2. Италиядағы саяси партиялар мен қозғалыстар

      3. 1918-1939 жылдардағы Испания

      4. 1931-1936 жылдардағы Испаниядағы демократиялық революция

      5. Испаниядағы азамат соғысы және диктатура

Сабақты бекіту:

  • І-джс Италияға тигізген зардаптары қандай?

  • Соғыстан кейінгі саяси күштерге сипаттама беріңдер. Италиядағы буржуазиялық партиялардың кеш қалыптасқанын немен түсіндіруге болады?

  • 1920 жылдардың басында фашистік топтар мен партиялардың белсенділігі не себептен арта түсті? Фашизмнің өкімет басына келу себебін түсіндіріңдер.

  • Италия мен Испания фашизмінің негізгі белгілерін атаңдар



  • Б.Ү.Ү. кестесі.

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді









Бағалау:

Үйге тапсырма: §6 бойынша берілген сұрақтарға дайындалу. Испанияны өз беттерімен оқып келу.



9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §7. Орталық және Оңтүстік Еуропа елдірі

Сабақтың мақсаты:

  • Ұлттық буржуазиялық-демократиялық революция жеңісінің нәтижесінде пайда болған жаңа мемлекеттерге (Австрия, Венгрия, Югославия, Чехословакия және Польша) сипаттама беріп, 1918 жылдан 1923 жылға дейінгі кезеңдегі экономикалық және саяси құрылымдық өзгерістерді ашып көрсету.

  • Осы елдердің экономикалық және саяси дамуының ерекшеліктерін нақты факторлармен салыстырып талдау. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағыосы мемлекеттердегі жағдай туралы әңгімелеп, оқушылардың назарын билеуші топтардың саясатына аудару.

Сабақтың түрі: Лекция

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Көрнекілік: Карта- «Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропа»

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырмасы


Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • І-джс Италияға тигізген зардаптары қандай?

  • Соғыстан кейінгі саяси күштерге сипаттама беріңдер. Италиядағы буржуазиялық партиялардың кеш қалыптасқанын немен түсіндіруге болады?

  • 1920 жылдардың басында фашистік топтар мен партиялардың белсенділігі не себептен арта түсті? Фашизмнің өкімет басына келу себебін түсіндіріңдер.

  • Италия мен Испания фашизмінің негізгі белгілерін атаңдар

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Жаңа мемлекеттердің пайда болуы.

      2. Жаңадан құрылған мемлекеттердің экономикалық және саяси өмірі (Австрия, Венгрия, Чехословакия, Польша, Югославия, Болгария).

      3. Билеуші топтардың саясаты

Негізгі оқиғалар:

  • 1918 жылғы 12 қарашада Австрия республика болып жарияланды.

  • 1918 жылғы 14 қарашада Чехословакия Республикасы құрылды.

  • 1918 жылы қарашада Польша халықтық Республикасы жарияланды

  • 1929 жылы СХС корольдігі Югославия корольдігі деп өзгертілді.

  • 1938 жылғы 12 наурызда Австрия «Герман мемлекеті» болып өзгертілді

  • 1939 жылғы қаңтарда Венгрия «Антикоминтерндік пактіге» қосылды.

  • 1939 жылғы 15 наурызда Чехословакия өмір сүруін тоқтатты.

  • 1939 жылғы 1 қыркүйекте Гитлерлік Германия Польшаға қарсы соғыс ашты.

Сабақты бекіту:

  • Австрияның әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымындағы жүргізілген шаралар?

  • Венгрияда авторитарлы өкімет режімінің Германиядағы фашистік тәртіптен қандай ерекшелігі бар?

  • Чехословакияның ел ретіндегі өмір сүруін тоқтату себептері қандай?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §7.



9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §8. Кеңес одағы

Сабақтың мақсаты:

  • Кеңестік Ресейдің 1918 жылдан Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңына дейінгі жалпы дамуына сипаттама беріп, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы басты ерекшеліктерді атап көрсету. Оқушыларды кеңес өкіметінің жүргізген ішкі және сыртқы саясатының негізгі мазмұнымен таныстырып, жаңа экономикалық сакясаттың мәнін ашып көрсету.

  • Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мен елді индустрияландырудағы әкімшіл-әміршіл әдістерін және оның зардаптарын нақты факторлармен түсіндіру. Қоғамдық саяси өмірдегі орныққан тоталитарлық тәртіп қоғамның өмір сүруін тоқтатып, тек жай механизмге айналдырғанын ұғындыру.

Сабақтың түрі: аралса

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: Карталар- «Кеңес мемлекеті азамат соғысы, шетел соғыс интервенциясы жылдарында», «Кеңес өкіметінің экономикалық дамуы». Т.б.

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырмасы



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Австрияның әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымындағы жүргізілген шаралар?

  • Венгрияда авторитарлы өкімет режімінің Германиядағы фашистік тәртіптен қандай ерекшелігі бар?

  • Чехословакияның ел ретіндегі өмір сүруін тоқтату себептері қандай?

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Азамат соғысы және интервенция жылдарында

      2. Азамат соғысы жылдарындағы халық шаруашылығы

      3. Жаңа экономикалық саясат

      4. КСРО-ның құрылуы

      5. КСРО-дағы индустрияландыру саясаты

      6. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.

Негізгі оқиғалар:

  • 1918-1920 жылдар-Азамат соғысы

  • 1918-1921 жылдар- «Әскери коммунизм »саясаты енгізілді.

  • 1920 жылы желтоқсанда ГОЭЛРО жоспары бекітілді.

  • 1922 жылы 30 қаңтарда КСРО құрылды.

  • 1924 жылы қаңтарда КСРО Конституциясы бекітілді.

  • 1927 жылы Түркістан-Сібір теміржолы салына бастады. (Түрксіб)

Каталог: uploads -> doc -> 0182
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0182 -> Жер тарихы жјне оны зерттеу јдістері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет