Сабақтың тақырыбы: § 3. ХХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Дүниежүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі, Германияның өркендеуі және әскери-саяси одақтардың құрылуы, орыс-француз одағы, ағылшын-орыс қатынастары, бірінші дүниежүзілік соғыстардың басталуы, барысы және аяқталуы, Германияда революцияның басталуы, соғыстың аяқталуы туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, салыстыру, талдау әдістерін қолдануды үйрете отырып, шығармашылық ізденіске жетелеу.
Тәрбиелік: балаларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, елдер арасында достық, бейбітшілік қарым-қатынастың қадірін білуге үйрету.
Көрнекілігі: Дүниежүзінің саяси картасы, кеспелер, кестелер.
Сабақтың әдісі: тірек-сигналдар арқылы оқыту
Пәнаралық байланыс: география, Қазақстан тарихы.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Жаңа сабақты меңгерту
-
Тірек-тақырыптармен жұмыс жүргізу
-
Термин сөздермен жұмыс
-
Тірек-сызбамен жұмыс
-
Топтастыру стратегиясы
-
Бекіту сұрақтары
-
Үйге тапсырма беру
№ 1 тапсырма.
-
Дүние жүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі.
-
Германияның өркендеуі және әскери-саяси одақтардың құрылуы тақырыптарына 3-5 мин ішінде шығарма жазу.
Нәтижесінде жазылған шығарма жария етіледі. 4-5 оқушыға өзінің жазған шығармасы туралы түсінігін айтқызамыз.
Осы тақырыптар бойынша негізгі ұғымдар:
-
Бәсекелес елдер – Германия мен Италияның бірігуі нәтижесінде олардың сыртқы саясаты Англия, Франция, Ресей елдеріне қарсы бағытталды.
-
Империалистік державалардың өзара таласын туғызған иеліктер: Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Оңтүстік Шығыс Еуропа елдері.
-
Германияның ХІХ ғасырдың 90-жылдарында Германия біртұтас саяси және әскери қуатты державаға айналды.
-
1882 жылы ірі басқыншы соғыс одағы – Үштік одақтың құрылуы: Германия, Италия және Австро-Венгрия
-
1904 жылы дүниежүзін отарға бөлуден туындаған Англия-Франция келісімі жарияланды. Бұған 1907 жылы Ресей қосылды. Германия құрған Үштік одаққа қарсы тұрған үш державаның одағы – Антанта одағы құрылды. Оның құрамына – Англия, Франция, Ресей енді.
№ 2 тапсырма. Кестемен жұмыс
№
|
Тақырыбы
|
Жауаптары
|
1.
|
Орыс-француз одағы
|
Әскери одақ құруға Франция соғысты пайдалана отырып, Ресейді француз капиталына тәуелді етіп қойып, одақтастық тіндеттемелермен шырмап қойғысы келді.
|
2.
|
Ағылшын-орыс қатынастары
|
Ағылшын-орыс қарым-қатынасының жақындасуына негізгі себеп – Германия күшінің күн санап артуы еді. 1907 жылы Англия мен Ресей Иран, Ауғанстан, Тибетті өзара ықпал ету аймағына бөліп алуға келісімге келді.
|
3.
|
Балқан соғыстары
|
1912 жылы қазанда бірінші Балқан соғысы басталды. Болгария армиясы түрік әскерін талқандады. Түркия жеңілгенін мойындап, 1913 жылы 21 сәуірде уақытша келісімге, ал 30 мамырда Лондон бітіміне қол қойды.
|
№ 3 тапсырма Тірек-сызбамен жұмыс.
Бекіту сұрақтары:
-
Дүниежүзін қайта бөлісудің қандай әрекеттері жасалды?
-
Үштік одақ пен Антанта одақтары қандай негізде қалыптасты?
Олардың мақсаты қандай?
-
Балқан түбегін неліктен Еуропаның «жарылғыш қоймасы» деп атады?
-
Бірінші Балқан соғысы қандай халықаралық қайшылықтардан туындады?
Үйге тапсырма: тақырыпты оқу. Тірек-сызбамен жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: |