Сабақтың тақырыбы : Ж.Әлмашұлы «Алтын балық»



жүктеу 63.96 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі63.96 Kb.
түріСабақ




Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Ж.Әлмашұлы «Алтын балық»

Күні,уақыты: 11.09.2017ж

Сабақ ұзақтығы: 45 мин

Сынып: 4 "З"

Оқушылар саны: 26

Сабақтың әдіс-тәсілі: Жұмбақтар, Жалқау паравоз, Ғажайып бақ, ДЖИКСО, Кубизм стратегиясы, Алтын балыққа тілек, постермен жұмыс, ой қозғау.

Дарынды және талантты оқушылар: Әбдікәрім Кәусар, Убаева Аружан


Негізгі түсініктер: армандау арқылы өз арманыңның орындалуына сене білу


Өткен сабақпен байланысы: адам болудың маңызы мен армандау арқылы өз мақсатыңа жету


Бағалау: топ басшысының бағалауы, бірін - бірі бағалау.


Сабақтың мақсаты: Әңгіме мазмұнын түсіндіре отырып, баланың арманы мен қиялына баға беруге үйрету, жазушының астарлы, айшықты сөздеріне баланың назарын аудара отырып, көркем сөздің адам ойын дәл жеткізудегі рөлін айқындау, сөздің құдіреттілігіне, әсерлілігіне көзін жеткізу, адамгершілікке, ізгілікке баулу.

Сабақтан күтілетін нәтиже: Әңгіменің негізгі идеясын аша алады, оны өмірмен салыстырады. Тақырыпқа сай берілген тапсырмаларды өз бетінше, топпен бірлесе талдайды. Топтаса алады, бағалайды, өз ойларын ашық айтады, топ мүшелеріне көмектеседі


Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, бейнелеу өнері

Сыныпты ұйымдастыру.



Көрнекіліктер: суреттер, плакаттар, фигуралар, слайдтар






Уақыты



Жұмыстың түрі



Мұғалімнің рөлі



Оқушының рөлі


3 мин

Сәлемесу

Оқушылары түгендеу

Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу


Сыныпта біздің тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк

Оны біздер қоштаймыз

Кешіккенді тоспаймыз

Күнделікті қызықты

Кезекті сабағымызды бастаймыз



Жұмбақтар арқылы топқа бөлу

1.Жүріп кетсе соңында, қалып жатқан ізі жоқ (балық)

2. Жазда сылдыр қағады,

Қыста тыным табады (өзен)

3. Айдында жүзеді, Тірі күміс сүзеді (балықшы)

4. Бар екен бір айдаһар жалғыз тілді,

Ұқсамас еш сипатқа оның түрі.

Өзі жансыз айдаһар жандыны алған,

Жеріне жақындаған кетпес тірі (қармақ)


Хормен айту

Оқушылар жұмбақтың жауабын шешу арқылы өз орындарын шатаспай тез табуға тырысады




5 мин

Үй тапсырмасын сұрау

«Жалқау паравоз» әдісі



Мырзабек Дүйсенов «Мен қалай торғай болдым» мәтінін мазмұндау

«Шіркін, егер мен... болсам» тақырыбына шағын эссе(арманыңды) жазу




мәтінді мазмұндап тоқтаған оқушыдан ары қара жалғастырып айтады.

3 мин

Үй тапсырмасын бекіту

Карточкалар

«Ғажайып бақ» стратегиясы



Ағашқа сұрақтарға жауап беру арқылы торғайларды ілдіру.

  1. Бала не болуды армандады?

  2. Әділ не тауып алды?

  3. Торғайға айналып кетуіне кім көмектесті?

  4. Мәтінде қандай мақал-мәтел кездесті?

  5. Баланың торғайға айналғандағы қуанышы мен өкініші?

  6. Торғайлардың жауы не?

  7. Торғай болу жақсы ма адам болу ма?

  8. Сен кімге айналып кеткің келеді

  9. Торғайға айналған жақсы ма?

  10. Адамның құстардан айырмашылығы қандай?

Берілген карточкалар арқылы сұрақтарға жауап береді.

5 мин

Жаңа сабақ

Ой қозғау



Жұмбақ

Шаңқ-шұңқ еткен үні жоқ,

Сусыз оның күні жоқ.

Жүріп кетсе соңында,

Қалып жатқан ізі жоқ.

Бұл не?(Балық)


Балықтар туралы мәлімет

Балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс,дем алады.Желбезек арқылы балықтарға суда араласқан оттегі түседі.

Жануарлар мен жәндіктер жерде және суда тіршілік етіп көбейсе, ал балықтар тек қана суда тіршілік етіп көбейеді.Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі. 
Балық түрлерін атай отырып жаңа тақырыпты анықтаймын.
Жолтай Әлмашұлы туралы мәлімет

Жолтай Әлмашұлы 14 ақпанда 1957 жыл, Жаңақорған ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. Жазушы, ғалым, филология ғылымының кандидаты. «Біздің команда», «Күн тәртібі», «Оянған ұрпақ» т.б.


Ойлана отырып жұмбақты шешеді.


өз ойларын ортаға салады.


Балықтың атауларын атап жаңа тақырыпты анықтайды.



10 мин

3 мин


Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс



ДЖИКСО әдісі бойынша оқушыларға мәтінді бөліп оқыту.

1-топ: көбігін аспанға атып жатады

2-топ: ұғына алмады

3-топ: балық бәрібір сөйлемейді

4-топ: соңына дейін
Оқып болған соң топтарға тапсырма беру.

1-топ: Баланың аты «Шөкі» деп қою себебі жазылған жерді тауып оқы.

2-топ: Шөкінің «Алтын балыққа» айтқан сөзін тауып оқы.

3-топ: Шөкінің балық аулаған тұстарын сипаттап оқу

4-топ: Балық анасының ертегісін тыңдап отырып қандай қиялдаған тұсын тауып оқы

мәтінді түсініп оқидя, топпен ақылдаса отырып постерге өздеріне берілген мәтінді оқиды.

Мәтіннен берілген бөлікті тауып оқиды.


2 мин

Сергіту сәті

«Анажаным»

Хормен орындайды

5 мин

Шығармашылық тапсырма:

Дарынды оқушылармен жұмыс



Дарынды оқушыларға:

«Балықтардың су астындағы тіршілігі» эссе

1-топ: «Балықтар»

5 жолды өлең

2-топ: «Шөкі» туралы шағын эссе

3-топ: Венн диаграммасы Пушкин мен Алмашұлының жазған Алтын балығы

4-топ: Топтастыру

«Ана», «әже»




әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды

3 мин

Жаңа сабақты бекіту

  1. Әңгімеде басты кейіпкер кім?

  2. Бала шешесінен қандай ертегіні көп тыңдайтын еді?

  3. Шөкінің арманы

  4. Баланың есімі неліктен Шөкі қойылған?

  5. «Тіл тию» дегенді қалай түсінеміз?

  6. Шөкі қармағына түскен балықтан қандай тілек тіледі?




Кубикті айналдыру арқылы мәтіндегі сұрақтарға жауап береді.

2 мин

«Алтын балыққа тілек»

Егер сен «Алтын балық» ұстап алсаң, не тілер едің?

Балалар өз тілектерін алтын балыққа жазып теңізге жібереді.

2 мин

Бағалау

Топ басшысы әр оқушыны бағалайды.

Топ басшысы бағалайды,бір- бірін бағалау

1 мин

Үйге тапсырма:

Мәтінді оқу, мазмұндау. Шөкіге хат жазып келу.

Бағаларын қойғызады

1 мин

Рефлекция



Смайликтер арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін білдіреді

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет