Ақтөбе соты қызметкердің жұмыс берушіден моральдық шығын өндіру туралы талабы бойынша істі қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: expertitalia.ru

Ер адам зауытта 25 жылдан астам шикізат дайындаушы қызметін атқарған. Зиян жұмыстарды істеп жүріп, ауруға шалдығып, еңбекке қабілеттігінен айырылған. 

2021 жылы ер адамға қатерлі ісік диагнозы қойылды. Ол Санкт-Петербургке ақылы ота жасатуға барғанда ер адамның бір өкпесі алынған. Қызметкерге екінші топтағы мүгедектігі бар деген диагноз қойылған.

  • Жұмыс беруші жалақы төлемей қойған кезде қызметкерлер не істей алады – Мамандар кеңес берді
  • Жұмыс беруші демалысқа кеткен қызметкердің міндетін қосымша ақы төлемей екіншісіне жүктей ала ма

Мүгедектік алғаннан кейін жұмыс беруші еңбек шартын бұзды. Сот қызметкердің кәсіптік ауруға шалдығуына жұмыс беруші 100% кінәлі деп тапты. Ал ер адамның еңбекке қабілеттігін жоғалтуы – 89%.

"Сот талапкердің қатерлі ісік ауруына шалдыққанын, өміріне маңызды органының алынуын, асқынулардың пайда болуын – тыныс алу жетіспеушілігін, сүйемелдеу және сырттан көмек пен күтім көрсету қажет екенін назарға алды", – делінген хабарламада. 

Сот жұмыс берушіден талапкердің пайдасына 17 миллион теңге моральдық шығынды өндіру туралы шешім қабылдады. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Жұмыс берушілер өндірістегі жазатайым оқиға туралы есепті электронды форматта жіберуге міндеттелетіні туралы жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.