Сабақтың тақырыбы : Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы



Дата23.04.2019
өлшемі69 Kb.
#113222
түріСабақ

«Текелі кәсіптік колледжі» МКҚК

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Ерманова Меруерт Болысбековна
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
Эпиграф: «Қазақ жырының аспанындағы аз ғана жұлдыздардың арасынан сенің

жұлдызыңды біз оңай танушы едік. Сенің жұлдызың – ең шұғылалы,

ең мейірімді жұлдыз».

Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ

Сабақтың мақсаты: а) білімділік

Ақынның өмірі мен шығармашылығынан кең көлемде

мәлімет беру.

ә) дамытушылық

Білім алушының сөйлеу тілін дамыту, өз бетімен іздене

білуге, қосымша материалды іріктей алуына, мәнерлеп

оқу дағдысын қалыптастыру.



б) тәрбиелік

Ақын шығармалары арқылы отансүйгіштікке,

адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: портрет сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сатылай кешенді талдау, ізденушілік, сұрақ-жауап,

баспасөз беттерімен жұмыс.



Оқыту құралдары: интерактивті тақта Activ Board 78, 3 бағдарламасы, эпиграф,

ақын портреті, ақынның өлеңдер жинағы, сатылай кешенді

талдау сызбасы, ақын жайлы пікірлер жазылған слайдтар,

үлестірме карточкалар, үнтаспа, қосымша баспасөз материалдары.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Білім алушылармен амандасып, түгендеу.

Ә) Сабаққа әзірліктерін тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасына алдын ала М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты қосымша баспасөз беттерімен жұмыс жасау берілген болатын.


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқытушының кіріспе сөзі.

Ақынның өмірі мен шығармашылығын сатылай кешенді талдау сызбасы арқылы портретін ашу.

1. Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын сатылай кешенді талдау сызбасы арқылы түсіндіру (слайдтар көрсетіледі). Сабақтың осы кезеңінен бастап оқушылар өздерінің дайындап келген материалдарын ұсынады.



  • 1931 – Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген.

  • 1941 - әкесі Сүлеймен Калининград майданында қаза табады.

  • 1948-1949 – ҚазМУ-дың филология факультетінде оқиды.

  • 1948 – оқуын тастап, Шибұт деп аталатын көрші ауылға ауылдық кеңестің хатшысы болып барады.

  • 1949 – көктемде жары Лашынмен отау құрады.

  • 1949 – аудандық «Советтік шекара» газетіне «Қойшы бала Әкітай», «Қырман

басында» деген алғашқы екі өлеңі жарияланды.

  • 1950 – Алматыға келіп Шет тілдер институтына, неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, оны да тұрмыстық жағдайына байланысты тастауға мәжбүр болады.

  • 1954 - Қарасаздағы бастауыш мектепке орыс тілі пәнінен сабақ береді.

«Әдебиет және искусство» журналында үш өлеңі жарық көреді.

  • 1957 – Республикалық радиоға диктор болып жұмысқа тұрады.

  • 1960-1962 – «Советтік шекара» газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарады.

  • 1962 – Алматыға көшіп келеді.

  • 1962-1963 – «Социалистік Қазақстан» газетінде қызмет атқарады.

  • 1963-1965 – «Мәдениет және Тұрмыс» (Парасат) журналында жұмыс істейді.

  • 1964 – «Ильич» атты алғашқы кітабы жарыққа шығады.

  • 1965-1966 – Данте Алигьеридің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» бөлімін

аударады. Ол 1971 жылы жарық көреді.

  • 1965-1972 – «Жұлдыз» журналында қызмет атқарады.

  • 1966 – «Армысыңдар, достарым!» атты өлеңдер жинағы жарыққа шығады.

  • 1967 – «Қарлығашым келдің бе?» атты кітабы жарық көреді.

  • 1969 – У.Уитменнің «Шөп жапырақтары» мен «Мавр» кітабы жарыққа шығады.

  • 1969 – 14 маусымда «Қазақ әдебиетінде» жарияланған өлеңдері «күңгірт», «көмескі», «жұмбақ», «пессимизмнен тұрады» деп сыналады.

  • 1971 – Жазушылар одағына мүшелікке қабылданады.

  • 1971 – «Райымбек! Райымбек!» поэмасын аяқтайды.

  • 1972 – «Дариға жүрек» жинағы жарық көреді.

  • 1973-1974 – Жазушылар одағының жолдамасымен Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында оқиды.

  • 1974-1975 – «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің» кітаптары жарыққа шығады.

  • 1976 – «Өмірдастан» таңдамалылар жинағының сүйінші данасы өлерінен алты күн бұрын қолына тиді.

  • 1976 – 27 наурызда бауыр циррозы ауруынан дүние салды.


Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына сатылай кешенді талдау үлгісі:





2. Ақын жайлы лебіздер (слайд арқылы таныстырылады).



Аян АЙТЖАНОВ:

Мұқағали ағамыз иісі қазақ баласына ортақ ақын. Оның жырлары оқырманның көңіл пернесін дөп басады.


Ерлан БАҒАЕВ:

Хантәңірінің шыңына өскен шынар-ай

Риза шығар саған аға, ұлы Абай.
Жәркен БӨДЕШҰЛЫ:

Аталардың ақ сақалын пір тұтып,

Аналарды арқау еттің жырға асыл.

Темірхан МЕДЕТБЕК:

Мұқағали поэзиясына деген ықылас, пейіл әлі де сол қалпында. Қазір ол ұлы ақын, классик!


Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ:

Мұқағали бүтін бір ғасырдағы қазақ поэзиясын биіктетіп кетті.


3. Ақын күнделігімен танысу (оқушылар өздерінің дайындап келген материалдарын баяндайды).

4. Ақынның сөзіне жазылған әндерге шолу жасау (Сайболат Жанғабыловтың әніне жазылған «Өмір сүрейік алмасып» әнін тыңдау).


ІҮ. Тақырыпты бекіту.

  1. Тест жұмысы (оқушыларды екі топқа бөліп, әр топқа 15 сұрақтан құрастырылған тест жұмысын беру).

  2. Топтастыру әдісі.

















ақын «Жырлайды жүрек» «Отыздан асып барамын»
3. «Мұқағали Мақатаев» атты сөзжұмбақтарды шешу.

4. Үлестірме карточкалармен жұмыс.


Ү. Қорытындылау.

Сабақты қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынованың: «Мұқағалидай ақыны бар халық – бақытты халық» деген пікірімен қорытындылау.


ҮІ. Үй тапсырмасы.

  1. «Ақын шығармаларынан алған әсерім...» атты тақырыпта ойтолғау жазу.

  2. «Венгр сөзжұмбағы» бойынша құрастырылған М.Мақатаевтың сөзіне жазылған әндердің атауларын тауып жазу.


ҮІІ. Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0795
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет