Маңғыстау облысы Қарақия ауданында 21 жастағы жігітке оқ тиіп, жәбірленуші санавияциямен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қайғылы оқиға 2 қаңтар күні кешкі сағат 9 шамасында болған. Жәбірленуші Қарақия аудандық ауруханасына жеткізіліп, артынша Маңғыстау облыстық ауруханаға санавияциямен жеткізілген. 

Аурухана өкілдерінің мәліметінше, науқастың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. 

Ал Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Әйгерім Ибатуллаеваның мәліметінше, бұл іске қатысты күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша жүргізіледі. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді", – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.