Америкалық миллиардер және кәсіпкер, SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маск НАТО-ны таратуды жақтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: by.tribuna.com

Илон Маск америкалық бизнесмен Дэвид Сакстың позициясымен келісті. Оның айтуынша, НАТО Варшава шарты мен Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін таратылуы керек еді.

"1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, НАТО экзистенциалды дағдарысқа тап болды. Оның әрі қарай жұмыс істеуіне енді негіз жоқ еді. Алайда оның тарау орнына жаңа миссиясы пайда болды, яғни кеңею. Ал тұйық циклде НАТО кеңеюі дұшпандық тудырады”, – деп жазды Сакс.

  • Ауыл мектептеріне арналған интернет: Илон Масктың Starlink қондырғысының алғашқы легі Қазақстанға жеткізілді
  • Илон Масктың Neuralink компаниясы адам миына алғашқы чип салды

Маск НАТО-ны сақтап қалудың орындылығына әрқашан мүдделі екенін баса айтып, жауап берді.

"Шынымен. Қас дұшпаны Варшава келісім ұйымы ыдырап кетсе де НАТО-ның әлі де жұмыс істеп тұрғаны мені де таң қалдырады", — деп жазды Илон Маск. 

Айта кетейік, бұған дейін Америкалық миллиардер Илон Маск қазіргі АҚШ әкімшілігінің көші-қон саясаты елді ең қауіпті қылмыскерлердің панасына айналдырғанын айтқаны туралы жағзан едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.