Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: mk.ru

Мемлекет басшысы Ресей президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті.

Тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылады. Мемлекеттер басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті.

  • "Орыс тіліне жасалған қысым мен Путинді ашық қолдау": Алматыда Ресей президенттігіне дауыс берушілер не дейді
  • "Батыстағы адамдарға айырбастауға келістім": Путин Навальныйдың өліміне қатысты алғаш рет пікір білдірді

Айта кетейік, Ресей президентін сайлау 15-17 наурыз аралығында өткен болатын. Оған төрт үміткер қатысты: қазіргі Мемлекет басшысы Владимир Путин, ЛДПР-дан Леонид Слуцкий, КПРФ-дан Николай Харитонов және "Жаңа адамдар" партиясынан Владислав Даванков.

Бұған дейін Ресейдегі президент сайлауының үшінші күнінде елімізде сайлау учаскелері ашылғанын жазған едік. Ресей азаматтары Ресейдің Астанадағы елшілігінің консул бөлімінде, Алматыдағы бас консулдық пен Өскемен және Оралдағы консул бөлімшелерінде дауыс берді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.