Үндістандық ұшақ ресейлік науқас әйелді Таиландтағы ауруханадан Ресейге апара жатқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Известия басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ресей туроператорлар қауымдастығының мәліметінше ұшақта төрт экипаж мүшесі мен екі жолаушы болған. Ерлі-зайыпты Анна мен Анатолий Евсюков Волгодонскіден келген екен. Апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік науқас әйелді Таиланд емханасынан Ресейге апара жатқан. Анна Евсюкованың ұлының айтуынша, анасы Таиландта ауырып, ауруханаға түскен. Кейін туыстары шетелдегі ауруханада жатудың қажеті жоқ екенін түсініп, әйелді Мәскеуге жеткізбек болады.

  • Ауғанстанда апатқа ұшыраған ұшақ: Ресейлік ерлі-зайыптының қаза тапқаны анықталды
  • "Бәрі ақылы": Әнші Бақыт Шадаева Fly Arystan әуе компаниясына шүйлікті

Апаттан аман қалған төрт жолаушы тәліп шенеуніктерінің қолында. Үндістанның көлік және авиация министрлігінің мәліметінше, олардың бірі– ұшқыш. Afghanistan International (AI) телеарнасының дереккөзіне сүйенсек, тірі қалғандардың бірі өз бетінше Коф Аб ауданындағы Педу ауылына жетіп, адамдардан ым-ишара арқылы көмек сұраған. 

Жергілікті тұрғындар ұшақтың облыс орталығынан бірнеше сағат жерде орналасқан шалғай ауылға құлағанын айтты. Сондай-ақ жергілікті билік ұшақтағы екі жолаушының қаза тапқанын растады. Бадахшандағы Талибан губернаторының баспасөз хатшысы Забихулла Амири аман қалған төрт жолаушының қазір жергілікті шенеуніктермен бірге екенін айтты.

Бұған дейін Мәскеуге бет алған үнді ұшағы Ауғанстан аймағында апатқа ұшырағаны туралы жазған едік.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.