Сабақтың тақырыбы: §23. Сүйек типтері және олардың байланысуы. Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата10.01.2022
өлшемі75.25 Kb.
#23876
түріСабақ
  1   2   3

Сабақ 24. Күні: 8 «Ә»- 8 «Ғ»-

Сабақтың тақырыбы: §23. Сүйек типтері және олардың байланысуы.

Сабақтың мақсаты:

А)Білімділік: оқушыларға сүйектердің типтері олардың байланысуы туралы мағлұмат беру;

Ә) Дамытушылық: оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар, кестемен жұмыс бере отырып ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Б) Тәрбиелілік: оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, сүйектердің маңызын білуге тәрбиелеу;

Сабақтың типі: қортынды сабақ.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, талдау, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа, кесте, тест, презентация, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

- оқушылармен амандасу;

- сыныпты түгендеу;

- оқушылардың назарларын сабаққа аудару;


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Тест жұмысы. Сұраққа жауап беріп, дұрыс жауапты белгілеу.

1. Омыртқа жотасы неше омыртқадан тұрады?

А)35-37 ә)30-32 б) 33-34 в) 35-36

2. Жақ сүйектерінде нелер орналасқан?

А) бауыр ә) тіс б) дендрит в) остеон

3. Көру аймағы қайда орналасқан?

А) төбе бөлігінде ә) шүйде бөлігінде б) самай бөлігінде в) орталық бөлікте

4. Қаңқанының сүйектену процесі неше жасқа қарай аяқталады?

А) 22-25 ә)23-27 б)15-20 в) 12-13

5. Бел омыртқа саны неше?

А)7 ә)5 б) 15 в)4

6. Адам қаңқасы неше сүйектен тұрады?

А) 100-ден астам ә)300-ден астам б)400-ден астам в) 200-ден астам

7. Адамда неше қабырға болады?

А) 15 жұп ә)12 жұп б) 14 жұп в)20 жұп

8. Иық белдеуі неден тұрады?

А)қабырға, төс сүйектен ә) екі жауырын, екі бұғана б) жамбас, сегізкөз в) асықты жілік, шыбық сүйегі

9. Мойын омыртқа саны:

А)7 ә)5 б) 15 в)4

10. Омыртқа жотасының ұзындығы адам бойының ұзындығының шамамен, неше пайызын құрайды?

А)50% ә)55% б) 15% в)40%

11. Сүйек жасушаларын қалай атайды?

А)нейрон ә)остеон б) нефрон в) дендрит

12. Сүйектің неше пайызы органикалық заттан тұрады?

А)60% ә)10% б) 15% в)30%

13. Сүйек тұтастығының бұзылуы қалай аталады?

А) остеон ә) нейрон б) буын в) сыну

14. Қысқа сүйекке жатады:

А) жіліктер ә) омыртқа б) жауырын в)ми сауыты

15. Жалпақ сүйектерге жатады:

А) жіліктер ә) омыртқа б) жауырын в)алақан сүйектері
Жауабы:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет