Сабақтың тақырыбы: §23. Сүйек типтері және олардың байланысуы. Сабақтың мақсаты



Дата10.10.2017
өлшемі75.24 Kb.
#3220
түріСабақ

Сабақ 24. Күні: 8 «Ә»- 8 «Ғ»-

Сабақтың тақырыбы: §23. Сүйек типтері және олардың байланысуы.

Сабақтың мақсаты:

А)Білімділік: оқушыларға сүйектердің типтері олардың байланысуы туралы мағлұмат беру;

Ә) Дамытушылық: оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар, кестемен жұмыс бере отырып ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Б) Тәрбиелілік: оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, сүйектердің маңызын білуге тәрбиелеу;

Сабақтың типі: қортынды сабақ.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, талдау, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа, кесте, тест, презентация, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

- оқушылармен амандасу;

- сыныпты түгендеу;

- оқушылардың назарларын сабаққа аудару;


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Тест жұмысы. Сұраққа жауап беріп, дұрыс жауапты белгілеу.

1. Омыртқа жотасы неше омыртқадан тұрады?

А)35-37 ә)30-32 б) 33-34 в) 35-36

2. Жақ сүйектерінде нелер орналасқан?

А) бауыр ә) тіс б) дендрит в) остеон

3. Көру аймағы қайда орналасқан?

А) төбе бөлігінде ә) шүйде бөлігінде б) самай бөлігінде в) орталық бөлікте

4. Қаңқанының сүйектену процесі неше жасқа қарай аяқталады?

А) 22-25 ә)23-27 б)15-20 в) 12-13

5. Бел омыртқа саны неше?

А)7 ә)5 б) 15 в)4

6. Адам қаңқасы неше сүйектен тұрады?

А) 100-ден астам ә)300-ден астам б)400-ден астам в) 200-ден астам

7. Адамда неше қабырға болады?

А) 15 жұп ә)12 жұп б) 14 жұп в)20 жұп

8. Иық белдеуі неден тұрады?

А)қабырға, төс сүйектен ә) екі жауырын, екі бұғана б) жамбас, сегізкөз в) асықты жілік, шыбық сүйегі

9. Мойын омыртқа саны:

А)7 ә)5 б) 15 в)4

10. Омыртқа жотасының ұзындығы адам бойының ұзындығының шамамен, неше пайызын құрайды?

А)50% ә)55% б) 15% в)40%

11. Сүйек жасушаларын қалай атайды?

А)нейрон ә)остеон б) нефрон в) дендрит

12. Сүйектің неше пайызы органикалық заттан тұрады?

А)60% ә)10% б) 15% в)30%

13. Сүйек тұтастығының бұзылуы қалай аталады?

А) остеон ә) нейрон б) буын в) сыну

14. Қысқа сүйекке жатады:

А) жіліктер ә) омыртқа б) жауырын в)ми сауыты

15. Жалпақ сүйектерге жатады:

А) жіліктер ә) омыртқа б) жауырын в)алақан сүйектері
Жауабы:


1.Б

2. Ә

3. Ә

4. А

5. Ә

6. В

7. Ә

8. Ә

9. А

10. В

11. Ә

12. В

13. В

14. Ә

15. Б


Бағалау критерийлері:

13-15 балл- «5»

9-13 балл- «4»

4-8 балл- «3»

0-3 балл «2».

ІІІ. Жаңа сабақ.

Адам қаңқасының сүйектері қысқа, жалпақ және ұзын (түтік тәрізді, қуыс) сүйектер болып жіктеледі. Қысқа сүйектерді омыртқа, білезік, алақан, табан сүйектері құрайды. Жалпақ сүйектерге жауырын, бас сүйектің ми сауыты және сүйектері, қабырғалар, төс жамбас сүйектері жатады. Ұзын, түтік тәрізді сүйектерге жіліктер жатады. Бұл сүйектердің қуысы сүйектің сары жілік майына толы келеді. жілік басы сүйекті нығайтатын кемі заттан және қан түзу мүшесі- сүйектің қызыл кемігінен тұрады.



Сүйектің байланысуы. Сүйектер өзара қозғалмайтын, жартылай қозғалатын, қозғалатын болып байланысады.Сүйектің қозғалмайтын болып қосылуы олардың қисаиып бітуі арқылы түзіледі.Осылай құйымшақ және сегізкөз өзара байланысқан. Жік арқылы қозғалмайтын болып байланысу бас сүйектеріне тән.
Сүйектердің байланысуы


Қозғалмайтын Жартылай қозғалатын Қозғалатын


Көптеген сүйектер созылмалы және иілгіштігі жоғары шеміршекті астар мен омыртқа дискісін түзіп байланысқан.Бұл омыртқа жотасының иілгіштігін қамтамассыз ететін сүйектердің жартылай қозғалатын болып байланысуы. Буын- сүйектердің қоғалатын болып байланысуы.Буын тұтас сүйектерден тұрады.Олардың біреуінде басқа сүйектің буын басы кіретін буын ойысы болады.

Байланысқан сүйекті буын қабы жабады. Буын қабының ішкі беті үйкелісті азайтатын және байланысқан сүйектер арасындағы қозғалысты қамтамасыз ететін аз мөлшерде тұтқыр сұйықтық бөледі.

Дұрыс отырмаған кезде адамның омыртқа жотасы қисайып, иығы бүкірейіп қалуы мүмкін.Ал ұзақ уақыт аяққа күш түскенде, тар және өкшесі биік аяқ киім кигенде жалпақтабандылық болады.

Қаңқаның сүйектену процесі дене тоқтағанда 22-25 жасқа қарай аяқталады.


ІУ. Бекіту.

1 -тапсырма:

Дәптерлеріңе кестені толтырыңдар.



Сүйектердің байланысуы.


Сүйектердің қандай байланысын білесіңдер?

Біздің денеміздің қай жерінде кездеседі?







2- тапсырма:

Кестені толтырындар.

Сүйектерді адам қаңқасының бөлімдері бойына орналастыр: 


Р/с

Сүйектер

Бас сүйек

Қол қаңқасы

Аяқ қаңқасы

1

Бұғана










2

Шыбық(садақ)сүйек










3

Шүйде сүйегі










4

Ортан жілік










5

Шынтақ сүйек










6

Ми сауыты










7

Жауырын










8

Асықты жілік










9

Тоқпан жілік










10

Толарсақ сүйектері










11


Білезік сүйектері










12

Жамбас сүйектері










13

Башпай сүйектері










14

Саусақ сүйектері











V. Қорытынды.

№8 зертханалық жұмыс. Омыртқа жотасының иілгіштігін, бұлшық еттермен сүйектерінің орналасуын анықтау.



Тақырыбы: Омыртқа жотасының иілгіштігін , бұлшық еттер мен сүйектерінң орналасуын анықтау.

Мақсаты: Омыртқа жотасының икемділігін анықтауды үйрену

Қажетті құрал-жабдықтар: отырғыш, сызғыш. ( отырғышты баспалдақпен аустыруға болады).

Орындалатын тапсырмалар:

1Қолыңызға сызғыш алып отырғыштың немесе баспалдақтың үстіне шығыңыз.

2.Тізеңізді бүкпей, енкейіңіз.

3. Төмен түсірілген қолыңыздың сұқ саусағыңыздың ұшымен отырғыш биіктігіндегі ара қашықтықты есептеңіз. Егер қолыңыз отырғыш биіктігінен төмен түссе «+» таңбасын, түспесе «-» таңбасын қойыңыз.

4.Сыныптағы оқушылардың омыртқа жотасының иілгіштігін орташа есебін есептегіңіз. Омыртқа жотасының иілгіштігін орташа есебін ұлдардан алынған мәліметті бір-біріне қосыңыз, сосын қыздардан алынған мәліметтерді қосыңыз. Бірінші алынған мәліметті барлық қатысушы ұлдар санына бөліңіз, екінші алынған санды қатусушы ққыздар санына қосыңыз.

5.Нәтижелерді формула бойынша есептеңіз


(қыздардың нәтижесі – ұлдардың нәтижесі) ∙ 100

қыздардың нәтижесі



6.Статистикалық мәліметтермен қарасақ ұлдарға қарағанда, қыз балаларда 20-25% артық болады. Бұл құбылысын сіздің сыныбңызда байқалды ма?

Қорытынды: Жұмыс барысында Омыртқа жотасының икемділігін анықтауды үйренді
УІ. Үйге тапсырма. §23. Сүйек типтері және олардың байланысуы тақырыбын оқу, мазмұндау.

УІІ. Бағалау.
Каталог: 2016
2016 -> «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі»
2016 -> Шжқ «Павлодар қаласының №5 емханасы» кмк байқау кеңесі отырысының №2 хаттамасы павлодар қ. 2015 жылғы 12 қазан Өткізу формасы
2016 -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
2016 -> 2016 жылғы 18 қараша №706 Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
2016 -> Силлабус (syllabus) – студенттерді оќыту баєдарламасы
2016 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
2016 -> Саламатты Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет