Отандық шоу-бизнес жұлдызы, әнші Жазира Байырбекова ер-азаматтарды әйелдерін құрметтеуге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/zhazira_bairbekova/

Өнер иесі отбасындағы ердің әйел үшін жұмсайтын қаражаты туралы ой қозғады. 

"Әйелге көп ақша жұмсасаң табысты боласың, жолың болады" деп айтып жүргендерді былай түсіндім. Әйел сыйлық жасағанда, жылы сөз айтқанда, қамқор болғанда көңілі қуанып, ер-азаматына риза болып жүреді.
Әйел ер адамның ризалығын алу керек дегенді көп естиміз. Ер адам да әйелдің ризалығын алу керек. Әйелдің көңілі ақшамен ғана көтеріледі дегенге келіспеймін. Бәрі жетіп тұрғаны, әрине, жақсы ғой. Бірақ бір тал гүлді даладан үзіп әкеліп беріп (қалжыңсыз) шын көңілімен "отбасымызға жасап жүрген еңбегің үшін" деп жылы сөз айтса да риза боламыз. Қымбат сыйлық жасау керек деп бар тапқандарыңызды әйеліңізге жұмсап,ата-анаңызға,бала-шағаңызға жеткізе алмай отырмаңыздар жігіттер. Анаңызға да, әйеліңізге де сіздің ақшаңыздан бұрып жылы сөзіңіз керек. Жылулық, татулық ақшамен өлшенбейді. Мүмкін менің ойым қате шығар… Сіздер қалай ойлайсыздар?”, – деп әнші оқырман қауымға сауал жолдады. 

  • "Республика сарайына жолатпайды": Гауһар Әлімбекова сахнадан көрінбей кеткен себебін түсіндірді

  • "Қыз-жігіт болып жүргенде уәде берген едім": Төреғали Төреәлі әйелінің қымбат көлігін көрсетті

Желі қолданушылар бірауыздан өнер иесінің пікірімен келісетінін жарыса жазды. 

“Әйел сыйлықты қатты ұнатады, табиғаты сондай”, “Көзге көрінбейтін мың шаруа істеген әйел қауымы барлық жақсыға лайық”, “Еркектер жылы сөйлеп үйрену керек”, “Әр жазбаңыздың астындағы ой тұнып тұрған мұхит сияқты”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.