Бүгін үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстанда қазіргі күні 400-ден астам су қоймасы бар екенін мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister.kz

Ведомства басшысы қазіргі күні барлық су қойма мен су тарту жүйесін есепке алу жүргізілгенін атап өтті. Республикада 400-ден астам су қоймасы бар. 

“Әрбір жергілікті атқарушы органмен бекіткен кешенді жоспарымызға, оның ішінде тек су қоймалары ғана емес, ирригациялық жүйе, цифрландыру, су үнемдеу технологияларына шамамен 2 трлн теңге қажет”, — деді Нұржан Нұржігітов үкіметтегі брифингте сұрақтарға жауап бере отырып. 

  • Қазақстанда суды есепке алудың цифрлық платформасы пайда болады
  • Дүниежүзілік банк Аралда екінші бөгет салуға 1,5 миллион доллар бөледі

Сондай-ақ премьер-министр Әлихан Смайылов су шаруашылығында қордаланған мәселе көп екенін және көп жылдар бойы күтіп ұстауға тиісті көңіл бөлінбей келгенін айтты. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.