Сабақтың тақырыбы: Қайталау алгоритмі Сілтеме 8 сынып оқулығы Әдістемелік нұсқаулық



Дата03.05.2019
өлшемі1.51 Mb.
#131071
түріСабақ

Күні:

Пәні
Информатика

Мұғалім аты- жөні
Жалғасбаева Рита

Қарасақал Ерімбет атындағы № 96 мектеп
8- сынып

Оқу ісінің меңгерушісі:
___________________ Л. Жаленова


Сабақтың тақырыбы: Қайталау алгоритмі

Сілтеме

1. 8 - сынып оқулығы 2. Әдістемелік нұсқаулық

SMART мақсат

Паскаль тілінің параметрлі қайталау операторы – WHILE, REPEAT операторымен таныстырып, программа құруға дағдыландыру

Күтілетін нәтижие

Оқушы бағдарлама құруда алғы шартты циклден соңғы шартты циклге тез ауысуды меңгереді.

Түйінді идеялар

Цикл, цикл түрлері, әзірше, дейін, үшін циклдерінің құрылымы. Ерекшелігі.

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгерту

Әдіс - тәсілдері

Болжау стратегиясы, түсіндіру, деңгейлік тапсырма

Пәнаралық байланыс

Математика, Бейнелеу, Биология

Оқыту модулі

Оқыту мен оқудағы АКТ, Сын тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер




Кезеңдер:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Ресурстар

I.Ұйымдастыру


Сәлемдесу

Сыныптың сабаққа дайындығына көңіл аудару

Оқушыларды жеміс түрлері бойынша бойынша, 4 топқа бөлу.



Оқушылар жеміс суреттерін таңдап, алған жемістері бойынша өз беттерінше 4 топқа жинақталады.





ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Проблемалық жағдаят туғызу.

Алғашқы 5 натурал санның қосындысын есептеу бағдарламаласын құру.

Алдыңғы сабақта біз осы есептің

а) Сызықтық алгоритмді пайдаланып бағдарлама құрдық.

б) Осы есепті тармақталу командасын пайдаланып шығардық



Үй тапсырмасы:

Осы есепті циклдің түрі қайталану саны белгілі жағдайда қолданылатын FOR циклін пайдаланып есептеу программасын құруү





Оқушылар есепті өтілген тақырыптар бойынша компьютерде бағдарламасын құрады:

б) Үшін циклін пайдаланып шығарайық,

program kosyndy;

var i,s: integer;

begin


readln(n);

s:=0;


For i:=1 to n do

Begin


S:=s+i;

End;


writeln (‘s=’,s);

end.


Ашық журнал

.

ІІІ.Жаңа тақырыпқа кіріспе

Омардың шарбақты бояу әрекеті

Ол үшін Омар төмендегідей әрекеттерді орындайды:


1- ші әрекет




  1. Қылқаламды алу.

  2. Оны сырға салу.

  3. Шарбақты бояу.




Оқушылар Омардың шарбақты толық сырлап шығу әрекетін дәптерге жазып шығады

Омардың келесі әрекеттері төмендегідей болады:

  1. Қылқаламды алу.

  2. Оны сырға салу.

  3. Шарбақты бояу.

  4. Қылқаламды алу.

  5. Оны сырға салу.

  6. Шарбақты бояу.

  7. Қылқаламды алу.

  8. Оны сырға салу.

  9. Шарбақты бояу.

  10. Қылқаламды алу.

  11. Оны сырға салу.

  12. Шарбақты бояу.

  13. Қылқаламды алу.

  14. Оны сырға салу.

  15. Шарбақты бояу.







IV.Жаңа оқу материалын таныту

Белгілі бір шартқа байланысты қайталанатын әрекеттер тобын жүзеге асыратын алгоритм циклдік деп аталады. Ал, қайталанатын әрекеттер тізбегін (цикл денесі) цикл деп аталады.

Паскаль тілінде циклді ұйымдастыру үшін екі түрге бөлеміз: қайталану саны белгісіз циклдер және қайталану саны белгілі циклдер. Қайталану саны белгісіз циклдер шартын алдын ала тексеретін әзір циклі және шартын соңынан тексеретін дейін циклі болып бөлінеді. Ал қайталау саны белгілі болса үшін циклі қолданылады





Түрлері

Блок схемасы

Бағдарламалау

1

Шартын алдын ала тексеретін цикл.






while шарт do

begin

цикл денесі

(серия);

end;


2

Шартын соңынан тексеретін цикл.






repeat

цикл денесі

(серия);

until шарт






Арасындағы айырмашылығы …
1. While-Do операторының орындалуы:

1. While операторы циклге кіру шартынан және цикл денесінен тұрады.

2. Цикл денесін әрбір қайталау алдында шарт тексеріледі. Шарт ақиқат болған жағдайда, цикл денесі орындалады, әйтпесе бағдарлама келесі операторға көшеді.

3. Егер шарт алғаш тексерілгенде жалған болса, цикл денесі бір рет те орындалмастан бағдарлама цикл соңына шығады.

2. Repeat–until операторының орындалуы:
1. шарт кейін тексеріледі, сондықтан серия кем дегенде бір рет атқарылады.

2. repeat операторында шарт ақиқат (иэ) болғанда қайталау (цикл) аяқталады.

3. repeat операторында қайталау соңы шартпен аяқталады.






V.Бiлiмдерін бекiту.

Енді алдыңғы мысалдағы алғашқы 5 натурал санның қосындысын есептеу бағдарламасын әзірше, дейін циклдік операторлар көмегімен құрайық.


program kosyndy;

var x,s: integer; begin

s:=0; x:=1;



while x<=5 do

begin

s:=s+x;


x:=x+1;

end;

writeln (‘s=’,s);

end.

program kosyndy; var x,s: integer; begin

s:=0; x:=1;



repeat

s:=s+x;

x:=x+1;

until x>5;

writeln (‘s=‘,s); end.





Ойлан, Бірік, Бөліс

Оқушылар идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс)

1. Бірінші бағдарламадағы while операторы жазылған жолға екінші бағдарламада repeat

операторы жазылады.

2. Бірінші бағдарламадағы цикл денесі begin … еnd; операторлық жақшаға алынады, ал

екінші бағдарламада цикл денесін (операторлық жақшаға алу міндетті емес) кейін until

операторы жазылады.

3. әзір цикліндегі шартқа дейін цикліндегі шарт қарама-қарсы.





Ойлан, Бірік, Бөліс


VI.Кері байланыс

Даналық ағашы
Мұнда оқушылар өздерінің сабақ соңындағы көңіл- күйін, сабақ жайындағы көзқарасын стикерлерге жазып, “Даналық ағашына іліп қояды”


Сабақта бәрінен де не ұнады?

Сен нені үйрендің?

Оқытудың қай бөлігі сен барынша тиімді болды?




VII. Үй тапсырмасы. Бағалау.

Үйге берілген тапсырманы хабарлау, оның орындау әдiстемесiн түсiндiру.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, бағаларын күнделіктеріне қою. Сабақ аяқталды! Сау болындар!



Оқушылар үйге берген тапсырманы күнделікке жазады. Сұрақтары болса сұрайды.

Күнделіктеріне бағаны қойдырады.






Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет