Павлодар әуежайы екі жүк көлігін, жүк түсіргіш пен ассенизаторды 142 миллион теңгеге сатып алмақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еріктілері бұл іске араласып, мемлекет бюджетінің негізсіз жұмсалуының алдын алды.

  • "Әр көліктен 50 мен 200 мың теңге арасында": Түркістан облысында кеденшілер пара алып келген
  • "258 миллион теңге жымқырған": Антикор Петропавлда ұсталған депутатқа қатысты түсініктеме берді

“Ұйым жалпы сомасы 64 478 000 теңгеге (біреуі 32 239 200 теңге) 2 жүк көлігін сатып алуды жоспарлаған. Сондай-ақ 46 455 000 теңгеге ассенизатор және 31 миллион теңгеге самосвалды сатып алмақ болған. Аталған арнайы техникалардың нарықтағы бағалары әлде қайда төмен. Мысалы ассенизатордың бағасы – 21 миллион теңге болса, ал жүк түсіргіштің 25 миллион теңге тұрады”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Түркістан облысында Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері 24 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырғаны туралы жазған едік.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.