Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау



жүктеу 1.17 Mb.
бет1/8
Дата13.09.2017
өлшемі1.17 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8

Күнделікті сабақ жоспары №1

Пәні: технология

Күні:05.09.2014

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы:Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау

Мақсаты: Білімділік: оқушыларға технология кабинетінде өзін-өзі ұстау ережесін және ішкі тәртіпті сақтай білуге үйрету.

Дамытушылық:коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: оқушыларда жауапкершілік сезімдерін ұштау; жұмыс кезіндегі ұқыптылыққа үйрету.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:

Сабақтың типі: аралас.

Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Өткен сабақты қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4. Бекіту инструктажы



5. Жұмыс орнын жинақтау

I.Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау;

  2. Сәлемдесу

  3. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.

  4. Арнаулы киімін тексеру

  5. Құрал- жабдықтар мен материалдарды тарату;

  6. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау;

  7. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;

  8. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

II. Өткен сабақты қайталау.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Газ плитасын пайдалану кезінде.

  1. Плитаны пайдаланудың алдында үй-жайды желдетіп алу, желдеткішті қосу. Жанағылар мен қаңылтыр пеш шүмектерінің жабық екендігіне көз жеткізу, содан кейін газқұбырындағы шүмекті ашу.

  2. Жанарғы жалынының біркелкі, көкшіл түспен жануын қадағалау. Егер оның түсі сары болып, жанарғыдан алшақ кетсе, жанарғыны ретке келтіру.

  3. Қаңылтыр пешті жанғырғысын жағудың алдында 2-3 минуттай ашып желдету.

Электр плитасын пайдалану кезінде

  1. Асүй электр плитасын қосудың алдында оның тұрқының қорғаныш жерге қосудың бар екендігі мен ақаусыздығына көз жеткізу және диэлектрик (электр өткізбейтін) кілемшеге тұру. Үстел үстілік плитаны жүйеге қосудың алдында қоректендіру бауы мен ашасының ақаусыздығын тексеру, плитаны отқа төзімді тұғырға (кірпіш, асбест және т.б.) орнату.

  2. Плитаға штепсельдік ашаны қосқанда штепсельдік розетка ұяшығына соңына дейін енгізу. Ашаны баудан тартып ажыратпау.

  3. Электр плитасында ас әзірлеу үшін тек эмальданған ыдысты ғана пайдалану.

Кескіш аспаптарды пайдалану кезінде

  1. Кескіш аспаптарды пайдалану кезінде барынша абай болу. Картопты пышақпен, балықты қырғышпен тазалау, еттен еттурағышқа ағаш келсаппен нығыздау.

  2. Нанды, гастрономиялық бұйымдарды, көкеністер мен басқа да азық-түліктерді кесудің дұрыс тісәлдерін сақтай отырып бөлшектеу тақтайшаларында кесу. Сол қолдың саусақтары пышақ жүзінен біршама қашықтықта орналасуы тиіс.

  3. Қол үкккіштермен жұмыс істеген кезде сақ болу керек. Өңделетін азық-түліктерді (жемістерді, көкөністерді және т.б.) мықтап ұстау, өте майда бөліктерді өңдемеу.

Ыстық сұйықтықтармен (су, май, және басқалармен) жұмыс істегенде

  1. Қайнау кезінде ыдыстың ішіндегі сұйықтықтың ернеуінен асып төгілмеуін қадағалау. Қатты қайнау кезінде отты азайту немесе плитаны өшіру.

  2. Ыстық ыдыстың қақпағын сүлгімен ұстап, өзіңнен аулақтата ашу.

  3. Табаны ағаш тұтқалы таба ұстағышпен қою және алу.

Күтпеген жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

  1. Асүй мүліктерінің ақаулықтары кезінде, бөлшектеу пышақтары мұқалып, өтпей қалған кезде жұмысты тоқтатып, бұл туралы мұғалімге хабарлау.

  2. Еденге сұйықтық, май төгілген жағдайда дереу тазалау.

  3. Егер асханалық ыдыс сынып қалса, оның сынықтарын еденнен қолмен жинамай, сыпырғыны немесе қылшақ пен күрекшені пайдалану.

  4. Жарақаттанған жағдайда зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету.

Жұмыс аяқталғаннан кейінгі қауіпсіздік талаптары

  1. Электр плитасын ток көзінен ажырату.

  2. Жұмыс үстелдерін, ыдыстар мен асүй мүліктерін мұқият жинау.

  3. Сыпырындыны, қалдықтар мен қоқымды арнайы орынға шығару.

  4. Арнаулы киімді шешу.

  5. Сорып шығару желдеткішін ажырату.

  6. Қолды мұқият сабындап жуу.

IV. Қорытынды.

V. Бекіту сұрақтары.

1. Газ плитасымен жұмыс істеу кезінде ТҚЕ-ні атаңдар.

2. Кесу құралдарымен жұмыс кезіндегі ТҚЕ-ні санамалаңдар.

VI.Бағалау.

VII. Үйге тапсырма

VIII. Жұмыс орнын жинастыру.

Күнделікті сабақ жоспары №2



Пәні: технология

Күні:15.09.2015

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы:Асүй, асхана ыдысы және оны күту. Дастарқанды таңғы асқа жабдықтау.

Мақсаты: Білімділік: тамақтану және тағам дайындау, тамақтануда көкөністердердің маңызы туралы білімді қалыптастыру;

Дамытушылық: Көкөністен адам ағзасы туралы түсіндіру,көкөністерді майға қуыруды үйренуі және дастархан мәзірін дайындау.

Тәрбиелік:көкөністерді сыртқы түріне қарап, тағамға жарамдылығын айыра білуге үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Сарамандық ,сайыс сабақ

Сабақтың әдісі:әңгімелесу.түсіндіру,ауызша баяндау.

Пәнаралық байланыс:музыка.бейнелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың тазалығын,киімдерін тексеру.

Үй тапсырмасын сұрау.

2.сарамандық жұмыс: Дастарқанды жабдықтау.

                                             Көкөністен екінші тағам дайындау.

1)техника қауіпсіздігі ережелерін еске түсіру.

а.газ.электрплиталарымен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелері.

б.пышақпен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелері.



«Самса »тағамын дайындау.                              Құралдар:

Керекті тағамдар:                                                       Тақтай

1.Ұн-500г.                                                                     Пышақ

2.Езілген картоп-300г.                                               Оқтау т.б.

3.пияз  1-2дана.

4.тұз,май,қара бұрыш.

                             Дастарқанды жабдықтау.                                             

Жабдықтау рет-тәртібі :

1.Үстелге дастарқанды жаю.

2.Үстелге шай ыдыстар мен қасықтарды орналастыру.

3.Сулықтарды жай тәсілмен бүктеу.

4.Дастарқанға шай құралдарын орналастыру(нан,май,қант,кәмпит т.б.

дайындалған бутербродтар).

3.Аспаздық жекпе-жек.(Ортаға екі оқушы шығады).

Бес сезім(оқушылардың сезім мүшелерінің қаншалықты жақсы дамығанын байқау

үшін әр түрлі тағамдар ұсынылады)

а.ішу арқылы (шәй,лимонад,шырын,қымыз т.с.с)

ә.жеу арқылы (құрт,жент,сарысут.с.с)

б.ұстап көру арқылы(печенье,торт,нан,кекс)

в.иісі арқылы(алма,апельсин,киви,ананас,қияр)

г.дыбысы арқылы(қасық,стакан,кастрол,шәйнек)

4.Кім шебер.(шеберліктерін көрсетіп,дайынтағамдардан салат түрін әзірлеу)

5.Кім біледі.(суреттері көрсетілген көкөніс жөнінде айту)



6.Сабақты қортындылау. «Қазақы дастарқан» әнін орындау. Бағалау.

7.Үйге тапсырма:Әр түрлі тағамдардың адам денсаулығына пайдасы туралы  

мәлімет жинау.

Күнделікті сабақ жоспары №3



Пәні: технология

Күні:22.09.2015

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы: Көкөністерден тағамдар дайындау.

Мақсаты: Білімділік:көкөністің адам ағзасына пайдасын түсіндіру,көкөністерді майға қуыруды, бұқтыруды үйрету.

Дамытушылық: оқушыларды қиялдай білуге, елестете білуге ( салыстыра білу, талдау жасай білуге); еңбектенуге; өз бетінше жұмсап, өзің-өзі тексеруге; тапсырманы шығармашылық түрде орындауға үйрету.

Тәрбиелік:еңбек мәдениеті дағдыларын және тамақ әзірлеу кезінде тәртіптілікті қалыптастыру.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Кесте,тақта, оқулық, дәптер.

Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Өткен сабақты қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4. Бекіту инструктажы

5. Жұмыс орнын жинақтау

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау;

2. Сәлемдесу

3. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.



  1. Арнаулы киімін тексеру

  2. Құрал- жабдықтар мен материалдарды тарату;

  3. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау;

  4. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;

  5. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

II. Өткен сабақты қайталау.

1)Техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру

А)газ, электрплиталарымен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері.

Б) Пышақпен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелері.



III. Жаңа сабақты түсіндіру. Көкөністердің адам ағзасы үшін зор пайдасы бар. Көкөніс азықтарында бәрінен де углеводтар көп болады, аздаған мөлшерде белок пен май бар. Көкөністер-дәрумендердің негізгі қайнар көзі, әсіресе аскорбин қышқылына бай.

«Жалқау голубцы» тамағын дайындау.

Керекті тағамдар: Құралдар:

  1. Орамжапырақ-1 дана тақтай

  2. Ет-500 г. пышақ

  3. Пияз-1-2 дана үккіш

  4. Шемішке майы

  5. Сәбіз-1-2 дана

  6. Су-1-2 стакан

  7. Күріш -1 стакан

  8. Томат-1 ас қасық

  9. Лавр жапырағы-3-4 тұз,бұрыш

Оқушылардың көмегімен көкөністерді турап, дайындау.

Дайындау жолы:

  1. Капустаны ұзыншалап, жіңішкелеп турау.

  2. Етті ұсақтап турау.

  3. Пиязды жарты сақиналап, сәбізді үккіштен өткізу, томатқа қуыру.

  4. Қазанға ретімен салу.

  1. Май жағу.

  2. Орамжапырақтың жартысын салу, тұз себу.

  3. Үстіне ет салу.

  4. Еттің үстіне қуырылған пияз, сәбіз салу.

  5. Оның үстіне шикі күріш салу. Тұз, бұрыш себу.

  6. Үстіне қалған орамжапырақты салып, су құйып, 40 минут бұқтырып пісіру.

Шеберліктерін көрсетіп дайын тағамдардан салат түрін әзірлеуДайындаған салаттарына ат қою.

IV. Бекіту сұрақтары.

  1. Винегрет салатына қосылатын негізігі көкөністі ата?

  2. Көкөністің адам ағзасына пайдасы қандай?

  3. Санитарлық-гигиеналық талаптарды ата?

VI. Қорытынды.оқушылардың алған білімін сұрақ-жауап арқылы қорыту.

Білдім

үйрендім

Білгім келеді?










V. Үйге тапсырма. Дайындаған тағамдарының сызбасын жасап келу.

VII. Бағалау.

VIII.Жұмыс орнын жинақтау.

Күнделікті сабақ жоспары №4



Пәні: технология

Күні: 29.09.2015

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы: Жұмыртқадан дайындалған тағамдар

Мақсаты: Білімділік.Жұмыртқаның құрылысы, тағамдық құндылығы және әзірлеу тәсілдері туралы оқушылардың білімдерінқалыптастыру; түрлі тәсілдермен жұмыртқаның сапасын анықтау, одан тағам әзірлеуге үйрету;

Дамытушылық:шығармашылық ойлауды, олардың жұмысқа деген тиянақтылығын, мұқиятылығын дамыту.

Тәрбиелік: еңбек мәдениетіне тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: «жұмыртқаны турауға арналған құралдарды пайдалану ережелері», «Пышақ, құрадарымен жұмыс істеу тәсілдері» кестелер, пышақтар, құралдар, тағамдар, үлкен және шағын тәрелкелер, турау тақтайлары.

Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Өткен сабақты қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4. Бекіту инструктажы

5. Жұмыс орнын жинақтау

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау;

Сәлемдесу

Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.

Арнаулы киімін тексеру

Құрал- жабдықтар мен материалдарды тарату;

Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау;

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

II. Өткен сабақты қайталау. Сұрақ-жауап (жұптық)

III. Жаңа сабақты түсіндіру.жұмыртқа туралы мәліметтер айту.


  • Тауық жұмыртқасы

  • Жұмыртқа құрылысы

  • Жұмыртқадан әзірленетін түрлі тағамдар жайлы айту

IV. Сарамандық жұмыс. Жұмыртқадан тағам әзірлеу

Азық-түлік атауы

Азық-түлік мөлшері

Әзірлеу реттілігі

Ыдыс-аяқпен құрал-жабдықтар

Жұмыртқа

1 дана

Қатырып пісіру. Тазалау. Екіге бөліп турау. Сарыуызын алу.

Кастөл, пышақ, тарау тақтайы.

Паштет

2 шай қасық

Сарыуызбен араластыру

Тәрелке, шанышқы

Тұз, бұрыш

дәміне қарай

Пештетке қосу. Араластыру.

Қасық

майонез

1 асқасық

Жұмыртқаны жентекпен толтырып, үстіне майонез құю.

Қасық, ыдыс.


VI. Бекіту. Кесте толтыру

Білдім

Білгім келеді

Үйрендім











V. Үйге тапсырма. жұмыртқадан тағамдар дайындау

VII. Бағалау. жасаған жұмыстарына байланысты жекелей бағалау.

VIII. Жұмыс орнын жинақтау.

Күнделікті сабақ жоспары №4



Пәні: технология

Күні: 06.10.2015

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы: Бутербродтар әзрлеу . Шай дайындау.

Мақсаты: Білімділік.Оқушыларды шайдың құрамымен, түрлерімен және сұрыптарымен таныстыру. Қонақтарды күту ережелерімен, әр түрлі елдердің шай ішу дәстүрлерімен, шай дастарқан жаю және шай ішу кезіндегі сый-сияпаттармен таныстыру

Дамытушылық: Әр түрлі бутербродтар дайындап үйрену.

Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, жинақтылыққа және эстетикалық талғамын тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс



Керекті құралдар: тақтайлар, көкөністер үшін пышақтар, нан, ірімшік, жұмыртқа.

Азық-түліктер: Нан, шұжық, ірімшік, пісірілген жұмыртқа, қызанақ, қияр, аскөк.
1. Нанды турап, ашық және жабық бутербродтарға пайдалану.
2. Сүрленіп пісірілген шұжықты турау 2,5-3мм
3. Ірімшікті турау 1-2мм 
4. Жұмыртқаны турау. (тілімдеп)
5. Қызанақты, қиярды турау (тілімдеп)
6. Аскөк (ұсақтап)

Жұмыстың орындалу реті:
1. Жабық бутерброд. Нанның қыртысын кесіп алу. Бірнеше қабатқа турау, нанның бір жағына май жағып, ірімшік салу, үстін нанмен жабу. Дайындалған үлкен бутербродты ұзындығы 7-8см, ені 5-6см етіп, кішкене бутербродқа турау.
2. Күрделі бутерброд. Май жағылған нанға бір тілім шұжық, бір бөлек жұмыртқа, бір тілім қияр салып аскөкпен әсемдеу.
3. Басытқы бутерброд. Нанның қыртысын кесіп алу, жапырақтап турау, май жағу, әсемдеу, кішкене бутербродқа турау.
1. Ұн қалай пайда болды?
2. Нанды неге күнделікті қолданамыз?
3. Нанды неден аламыз? 
4. Қандай нан өндіруші мамандарды білесіңдер?
5. Ұн сорттарын ата?
6. Бутерброд дегеніміз не?
7. Бутербродтар түрлерін ата?

Үлестірмелі карточкалар:
1) Пышақтың қауіпсіздік ережесін сақтау.
2) Өнімді дайындамас бұрын санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау.
Келесі ескертпелер:1) Бутербродты әшекейлеу.
2) Бутербродқа керекті өнімдер:шұжық, нан, сырды кесу.
Мақсаты: Жұмыс орнын ұйымдастыру:
а)Санитарлық және техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.
б)Бутерброд дайындауда қажетті техникалық қажеттіліктер.
в)Дастархан жасақтау мәзірін сақтау.
г)Дегустация
д)Жұмыс орнын жинастыру

Қорытындылау:
1.Бутербродтардың қандай түрлерін білесің?
2. Жабық бутербродтың жасалу жолын түсіндір?
3.Күрделі бутербродпен басытқы бутербродтың айырмашылығы неде?
Үйге тапсырма: Бутербродтар дайындау технологиясы.VIII. Жұмыс орнын жинақтау.

Күнделікті сабақ жоспары №5



Пәні: технология

Күні: 30.09.2014

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы: Таңғы ас дастархандарын жабдықтау.

Мақсаты: Білімділік. Таңғы ас дастархандарын, меркелік және фуршет дастархандарын жабдықтау туралы үйрету.

Дамытушылық:ойды жүйелеу, әдептілік сезімін дамыту.

Тәрбиелік:оқушыларды жинақылыққа және азық-түліктерді ұқыптап пайдалануға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Кесте,тақта, оқулық, дәптер.

Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Өткен сабақты қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4. Бекіту инструктажы

5. Жұмыс орнын жинақтау

I.Ұйымдастыру кезеңі:


  1. Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау;

  2. Сәлемдесу

  3. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.

  4. Арнаулы киімін тексеру

  5. Құрал- жабдықтар мен материалдарды тарату;

  6. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау;

  7. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;

  8. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

II. Өткен сабақты қайталау.

III. Жаңа сабақты түсіндіру. Дастархан мәзірін жасау жалпы мәдениетке және адамның талғамына, атап айтқанда, оның аспаздық мәдениеті мен біліміне байланысты. Таңғы асқа калориясы жеңіл астар ұсынылады.

Мерекелік дастарқан- әуресі көп болсада, көңіл сүйдіретін жайт.Қонақ күтушінің жылы жүзі, қонақтардың жақсы көңіл күйі ең үздік сый болып табылады. Әрине , мерекелік түскі асқа немесе кешкі асқа қажетті тамақтың мөлшерінен әдеттегі түстік астың 300-500 г көже, 400-450 г екінші тағам, 200-250 г тәтті тағамдардан тұратынын біле отырып шамамен анықтауға болады. Алуан түрлі асарлықтар болатын мерекелік дастарқанда бірінші және екінші тағамдардың мөлшерін шамамен екі есеге азайту орынды.

Дастархан мәзірі- ұсынылатын тағамдардың тізбесі. Мұнда бірдей тағамдар қайталанбауы тиіс. Бұған қоса таңертеңгілік асқа, түскі асқа және кешкі асқа берілетін тағамдар тек қана сұйық немесе тек қана қою болмауы керек.

Жабдықтау рет-тәртібі: 1. Үстелге дастарқанды жайғанда шеттері 20-30 см түсіп тұру керек. 2. Үстелеге шай немесе кофе ыдыстарын орналастыру. 3. Сулықтарды жай тәсілмен бүктеп, ыдыстың қасына қою. Дастарқанға шай құралдарын орналастыру.



IV. Қорытынды.Оқушылардың алған білімін сұрақ-жауап арқылы қорыту.

VI. Бекіту сұрақтары.

  1. Шайды (қанша?) уақыт тұндырамыз

  2. Алдымен суды қайнатып (нені?) шаямыз

  3. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата?

  4. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру

  5. Көкөністің адам ағзасына пайдасы қандай?

  6. Санитарлық-гигиеналық талаптарды ата?

V. Үйге тапсырма. Мерекелік ас мәзірін құру

VII. Бағалау.

VIII. Жұмыс орнын жинақтау.

Күнделікті сабақ жоспары №6



Пәні: технология

Күні: 13.10.2015

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы:Тоқыма талшықтарын жіктеу.

Мақсаты: Білімділік: оқушыларға мата түрлерінің құрылымдық ерекшеліктерін, негізгі қасиеттерін,мата атауларының мағынасын, тоқылу, өңдеу әдістерін түсіндіру;

Дамытушылық:оқушылардың танымдық деңгейлерін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту,мата түрлерін ажырата білуге дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік:оқушыларды білімділікке, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: «Мата құрылымдарын салыстыру», «Мата атаулары», «Матаның қасиеттер» кестесі.

Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Өткен сабақты қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4. Бекіту инструктажы

5. Жұмыс орнын жинақтау

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.

Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау;

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

II. Өткен сабақты қайталау.

III. Жаңа сабақты түсіндіру. Гүлдері бар құлпырған,

Кең жазықтан аумайды.

Оған әркім ұмтылған,

Киер киім оңтайлы. Бұл не? (мата

Маталар құрамына, құрылысына, өңделуіне, сырт көрінісіне және тігу, жуу, тазалау кезінде өңделу жұмыстарына байланысты түр-түрлеге бөлінеді. Мата талшықтардан тұрады. Талшықтар шығу тегіне қарай табиғи және қоспалы болып екіге бөлінеді. Табиғи талшықтарға өсімдік, зығыр, жүн, жібек, мақта, т.б. талшықтар жатады.Химиялық талшықтар әр түрлі шикізаттың қосылуынан- мұнай, құрамына қарай табиғи газ, таскөмірден т.б. алынады. Елімізде мақта өсіретін бірден бір аймақ Оңтүстік Қазақстан облысы. Мақта-бір жылдық өсімдік. Мақта өсімдігінің жемісі аппақ, ұзын талшықтарға құрамдас қораптардан тұрады. Осындай талшықтарды мақта деп атайды. Матаның сапасы көбінесе талшықтардың құрамына байланысты. Ұзын және жіңішке, мықты, біркелкі жіп алынады. Мұндай жіптен тоқылған мата жұқа, берік, тегіс, жұмсақ болып келеді.

Ирек талшықтар жақсы жылу сақтағыштығымен ерекшеленеді. Мұндай талшықтан тоқылған матларды қысқы киім тігу үшін қолданылады.



IV. Қорытынды.Оқушылардың алған білімін сұрақ-жауап арқылы қорыту.

Мата атауларын білеміз бе?



V. Үйге тапсырма.қыздардың есімдерімен байланысты мата атауланынан сөз жұмбақ жасап келу.

VII. Бағалау.

VIII. Жұмыс орнын жинақтау.

Күнделікті сабақ жоспары №7



Пәні: технология

Каталог: uploads -> doc -> 0479
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0479 -> Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет