Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау


Күні: 20.10.2015 Сыныбы



жүктеу 1.17 Mb.
бет2/8
Дата13.09.2017
өлшемі1.17 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Күні: 20.10.2015

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы: Мата дайындау технологиясы.

Мақсаты: Білімділік: оқушыларға мата түрлерінің негізгі қасиеттерін,мата атауларының мағынасын, тоқылу, өңдеу әдістерін түсіндіру;

Дамытушылық:оқушылардың танымдық деңгейлерін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту,мата түрлерін ажырата білуге дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік:оқушыларды білімділікке, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: «Мата құрылымдарын салыстыру», «Мата атаулары», «Матаның қасиеттер» кестесі.

Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Өткен сабақты қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4. Бекіту инструктажы

5. Жұмыс орнын жинақтау

I.Ұйымдастыру кезеңі:


  1. Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.

  2. Арнаулы киімін тексеру. Құрал- жабдықтар мен материалдарды тарату;

  3. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау;

  4. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;

  5. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

II. Өткен сабақты қайталау. Сөзжұмбақ шешу.

III. Жаңа сабақты түсіндіру. Мақта және зығыр маталарының түрлері, оларды өңдеу жолдары. Мақта бір жылдық өсімдік. Мақта өсімдігінің жемісі аппақ ұзын талшықтрға құрамдас қораптан тұрады.

Мақтаның жеке талшықтары өте жіңішке болады. Талшықтардың ұзындығы өте жіңішке болады. Талшықтардың ұзындығы әр түрлі: 6-дан 52 мм-ге дейін. Мақта талшығының табиғи түсі- ақ, қоңыр- сарғыш, жасыл түстер көп кездеседі.

Мақта мата мықты, жұмсақ, жеңіл келеді. Одан тігілген киім өте ыңғайлы, жеңіл жылы болады. Гигиеналық тұрғыдан қарасақ, ол ылғыл мен ауаны өткізгіш, тез кебеді, оңай жуылады,жақсы тазаланады, жеңіл үтіктеледі, жоғары температураға аса төзімді. Мақта мата біркелкі иірілгенжіптен тоқылады, оның беті тегіс болады. Бұл маталар негізігі жіп арқылы созылып, жуылған кезде сол арқылы отырады.

Зығыр-зығыр талшықтарны беретін, бір жылдық, шөптектес өсімдік. Зығырдың үш түрі бар: салалы зығыр, жабайы зығыр, бұйры зығыр. Талшықтарды алу үшін салалы зығыр өсіреді.Оның сабағы тік, биіктігі 1 м-гедейін жетеді.Зығыр матаның беті тегіс, жылтыр және жіптің жуандығы әр түрлі болады. Таза зығыр матасы сетінегіш, мыжылғыш келеді және тез үтіктеледі.

Қазіргі кезде зығырға капрон, лавсан т.б. жасанды талшықтар қосылады. Мұндай мата түрлерінің сырт көрінісі сапалы, қатты мыжылмайды, жуылғанда көп отырмайды. Мақтадан, жүннен, жібек пен зығырдан кездеме тоқылады. Мата қазақ өлкесіне бұрын Ұлы Жібек жолы арқылы Шығыс, Оңт,стік Азия елдерінен, кейін Ресейден тасып әкелінген. Тоқылуына, сапасына, өрнектердің түрі мен әдемілігіне қарай матаның әр түрлі атауы бар.

IV. Қорытынды.Оқушылардың алған білімін сұрақ-жауап арқылы қорыту.

VI. Бекіту сұрақтары.

Мататану дегеніміз не?

Талшық деп нені атайды?

V. Үйге тапсырма.мата бетінің құрылысын жасап келу.

VII. Бағалау.

VIII. Жұмыс орнын жинақтау.

Күнделікті сабақ жоспары №8



Пәні: технология

Күні: 27.10.2015

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы: Қағаздан қарапайым жаймалық өрімтоқу макетін жасау.

Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға қағаздан дайындалған бұйымдарды көрсетіп, жасалу жолдарын түсіндіру.

Дамытушылық: Қағаздың бүктеу тәсілдерін үйрету, бүктелген үшбұрыштарды құрастырып бейнеге айналдыру барысында икемділігін, шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік: Эстетикалық талғаммен ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас
Көрнекіліктер: дайын бұйымдар, нұсқау карта, мақал - мәтелдер, суреттер.
Керекті құрал - жабдықтар: екі түсті қағаз А - 4, қайшы, дәптер.

Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Өткен сабақты қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4. Бекіту инструктажы

5. Жұмыс орнын жинақтау

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.

2. Арнаулы киімін тексеру. Құрал- жабдықтар мен материалдарды тарату;

3. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау;

4. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;

5. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;



II. Өткен сабақты қайталау. Сұрақ-жауап.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Қайшымен жұмыс жасайтын еңбек қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.

Қағазды бүктеп бейнеге айналдыру өнерін – оригами деп атайды. Бұл өнер Жапонияда пайда болған. Жапондықтар қағазды қолданудың көптеген тәсілдерін ойлап тапқан.

Қағаз


Жазу жазады Бүктеу арқылы бұйымдар жасайды Кескіндемелер салады

Сарамандық жұмыс: Қағаздан қарапайым жаймалық өрімтоқу макетін жасау.

- қағазды тең бөліктерге бөліп қию

- екі түрлі қағаздан айқастыру арқылы жаймалық өрім тоқу.


Сергіту сәті:
Мақал - мәтелдердің ұйқасын табу керек.
Жұмысты әрі қарай жалғастыру, әр оқушыға жекелеп көмек көрсетіп, жұмыс жасау барысын бақылау.

IV. Қорытынды.Оқушылардың алған білімін сұрақ-жауап арқылы қорыту.

VI. Бекіту сұрақтары:

1. Сабақ ұнады ма? Қандай қиындықтар кездесті?


2. Оригами өнері деніміз не?
3. Қағаздан тағы да қандай бұйымдар жасауға болады?

V. Үйге тапсырма. Жұмысты аяқтап келу

VII. Бағалау. Жасаған жұмыстарына қарай ерекше бағалау.

VIII. Жұмыс орнын жинақта

Күнделікті сабақ жоспары №9



Пәні: технология

Күні: 02.11.2015

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы: Матаның өң және теріс беттерін айыра білу

     Сабақтың мақсаты:

 Білімділік: Матаның өң және теріс беттерін айыра білу

 Дамытушылық: Оқушылардың мата туралы түсініктерін дамыту

     Тәрбиелік: Оқушыларды әдеміліліккетәрбиелеу.

    Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, сарамандық жұмыс.

    Пән аралық байланыс:Математика, бейнелеу, дүниетану

    Көрнекіліктер байланыс: Мата талдығы, матаның оң, терісі көрсетілген плакат.

    Көрнекі құралдар:  Түрлі – түсті қағаз, қайшы, желім,қарандаш, сызғыш.

    Сабақтың мазмұны:



  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын сұрау

  3. Үй тапсырмасын қорыту

  4. Жаңа сабақтың мақсатын қою

  5. Жаңа сабақ

  6. Сарамандық жұмыс

  7. Сабақты бекіту, бағалау

  8. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:        

         I.Ұйымдастыру: Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын белгілеу, назарларын сабаққа аудару.

        II. Үй тапсырмасын сұрау: сұрақ – жауап

1.      Талшық деп нені атайды?

2.      Табиғи өсімдіктен алынатын талшықтарды ата?

3.      Химиялық талшықтарды қалай атайды?

4.      Мақта мен зығыр талшықтарының айырмашылығы неде?

        III.Үй тапсырмасын қорыту

         Сөзжұмбақ арқылы қорытылады.

 


 

 

 

Т

 

 

 

 

 




 

 

 

А

 

 

 




 

 

Б

 

 

 

 

 

 




 

 

 

 

И

 

 

 

 

 

 




 

 

 

Ғ

 

 

 

 

 

И

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 

  1. Бұйым пішілетін зат? (мата)

  2. Тігін құралы? (қайшы)

  3. Ер адамдар бас киімі?     (бөрік)

  4. Өлшем алуға арналған құрал? (сантиметрлік таспа)

  5. Өсімдік алынатын талшық(зығыр)

  6. Тігін құралы (ине)

  IV.Жаңа сабақтың мақсатын қою:

Матаның шығуын және матаның арқау және негізгі жібін айыра білу, матаның оң, терісін айыра білу және айқаспаларын түрлі – түсті қағаздан жасап көрсету.

        V. Жаңа сабақ.

       Матаны шығарудың ең алғашқы сатысы – талшықтардын жіп жасау.

       Тоқыма фабрикасына түскен талшықтарды арнайы машиналарда қопсытады, қоқыстардан тазартады, тарайды. Содан соң бірыңғай ұзын таспа түрінде созады. Тоқыма машиналарында ұршықтың көмегімен оны иіреді.

      Талшықтап жіп шығару процесін иіру деп атайды. Дайын болған жіп тоқыма фабрикасына түсіп, одан тоқу станоктарыны мата шығарады, матаның ұзына бойы орналасқан жібі негізгі жібі, ал бойы көлденеңнен орналасып жатқан жібі арқау жібі деп атаймыз.

       Матаның екі жағындағы тарқалмайтын шеттерін  - матаның жиегі дейміз.

       Мата тоқылуы жіптердің айқасу жолдарынан тұрады. Айқаспалар мата түрлеріне қарай күрделене түседі. Соның ішінде ең жай түрі – кездеме тоқу.

       Тоқыма станоктарынан алынған маталарды өңдейді, тазалайды, ағартады, бояйды және өрнек салады.

       Матаның екі жақ беті болады. Оң және теріс. Матаның оң, теріс жағынан мата бетіне түскен суреті, бетінің жылтырлығы арқылы анықтаймыз.

       VI. Сарамандық жұмыс.

        Екі түсті қағаздан бірдей төртбұрыш қиып алып, қағаздың беттеріне 1см ауа қашықтықта параллель сызықтар жүргізу.

        1 – ші қағаздың жоғары жағынан 1 см орын қалдырып көлденең сызу.

         Қағазды сызыққа дейін бірыңғай тіліктерге қию. Екінші қағазды бірыңғай жолақтарға қиып, таспа дайындау. Дайын қағаздардан мата айқаспаларын, яғни арқау жібін, негізгі жібін анықтауды үйрету.

         Жұмыс барысында тексеру, нұсқау беру, қатені түзету.

         VII. Сабақты бекіту, бағалау.

        Сабақты қорытындылау сұрақтары:


  1. Матаны шығарудың ең алғашқы сатысы не?

  2. Иіру деп нені атаймыз?

  3. Матаның арқау жібін және негізгі жібін қалай анықтаймыз?

  4. Матаның неше беті болады?

  5. Мата жиегі дегеніміз не?

Енді сабақты бекіту мақсатында мына сөзсызбасын шешейік.

 


ш

м

а

д

е

р

қ

ы

т

қ

ә

к

а

ы

л

а

п

с

н

б

т

ж

і

т

ә

а

с

а

е

б

е

н

а

в

с

к

л

а

п

л

с

и

а

т

с

а

р

ш

а

Шыт,мақпал, жібек, атлас, парша, сәтен, дәке, лавсан, барқыт, сиса.

Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма беру.

 Мата қалдығынан  коллекция жасау.Коллекцияны ою - өрнек үлгісінде жасау.

 

Күнделікті сабақ жоспары №10



Пәні: технология

Күні: 17.11.2015

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы: Матаның негізгі жібі мен арқау жібінің бағытын анықтау.

 Білімділік: Матаның негізгі жібі мен арқау жібінің бағытын анықтай білу

 Дамытушылық: Оқушылардың мата туралы түсініктерін дамыту

     Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелеу.

    Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, сарамандық жұмыс.

    Пән аралық байланыс:Математика, бейнелеу, дүниетану

    Көрнекіліктер байланыс: Мата талдығы, матаның оң, терісі көрсетілген плакат.

    Көрнекі құралдар:  Түрлі – түсті қағаз, қайшы, желім,қарандаш, сызғыш.

    Сабақтың мазмұны:


  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын сұрау

  3. Жаңа сабақтың мақсатын қою

  4. Жаңа сабақ

  5. Сарамандық жұмыс

  6. Сабақты бекіту, бағалау

  7. Үйге тапсырма



Сабақтың барысы:        

         I.Ұйымдастыру: Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын белгілеу, назарларын сабаққа аудару.

        II. Үй тапсырмасын сұрау: сұрақ – жауап

1.      Талшық деп нені атайды?

2.      Табиғи өсімдіктен алынатын талшықтарды ата?

3.      Химиялық талшықтарды қалай атайды?

4.      Мақта мен зығыр талшықтарының айырмашылығы неде?

5. матаның неше беті бар

  IV.Жаңа сабақтың мақсатын қою:

Матаның шығуын және матаның арқау және негізгі жібін айыра білу, матаның оң, терісін айыра білу және айқаспаларын түрлі – түсті қағаздан жасап көрсету.

        V. Жаңа сабақ.

       Матаны шығарудың ең алғашқы сатысы – талшықтардан жіп жасау.

       Тоқыма фабрикасына түскен талшықтарды арнайы машиналарда қопсытады, қоқыстардан тазартады, тарайды. Содан соң бірыңғай ұзын таспа түрінде созады. Тоқыма машиналарында ұршықтың көмегімен оны иіреді.

      Талшықтап жіп шығару процесін иіру деп атайды. Дайын болған жіп тоқыма фабрикасына түсіп, одан тоқу станоктарыны мата шығарады, матаның ұзына бойы орналасқан жібі негізгі жібі, ал бойы көлденеңнен орналасып жатқан жібі арқау жібі деп атаймыз.

       Матаның екі жағындағы тарқалмайтын шеттерін  - матаның жиегі дейміз.

       Мата тоқылуы жіптердің айқасу жолдарынан тұрады. Айқаспалар мата түрлеріне қарай күрделене түседі. Соның ішінде ең жай түрі – кездеме тоқу.

       Тоқыма станоктарынан алынған маталарды өңдейді, тазалайды, ағартады, бояйды және өрнек салады.

       Матаның екі жақ беті болады. Оң және теріс. Матаның оң, теріс жағынан мата бетіне түскен суреті, бетінің жылтырлығы арқылы анықтаймыз.

       VI. Сарамандық жұмыс.

        Екі түсті қағаздан бірдей төртбұрыш қиып алып, қағаздың беттеріне 1см ауа қашықтықта параллель сызықтар жүргізу.

        1 – ші қағаздың жоғары жағынан 1 см орын қалдырып көлденең сызу.

         Қағазды сызыққа дейін бірыңғай тіліктерге қию. Екінші қағазды бірыңғай жолақтарға қиып, таспа дайындау. Дайын қағаздардан мата айқаспаларын, яғни арқау жібін, негізгі жібін анықтауды үйрету.

         Жұмыс барысында тексеру, нұсқау беру, қатені түзету.

         VII. Сабақты бекіту, бағалау.

        Сабақты қорытындылау сұрақтары:


  1. Матаны шығарудың ең алғашқы сатысы не?

  2. Иіру деп нені атаймыз?

  3. Матаның арқау жібін және негізгі жібін қалай анықтаймыз?

  4. Матаның неше беті болады?

  5. Мата жиегі дегеніміз не?

Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма беру. Мата қалдығынан  коллекция жасау.

Күнделікті сабақ жоспары №11



Пәні: технология

Күні: 24.11.2015

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы: Қол жұмыстарын орындауға арналған жұмыс орнын ұйымдастыру.

Мақсаты: Білімділік: Қол жұмыстарын орындауда қолданатын аспаптар, құралдармен таныстыру,қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету

Дамытушылық: оқушылардың танымдық деңгейлерін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту,құралдарды ажырата білу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды жинақылыққа және құралдарды ұқыптап пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: сантиметрлік таспа, оймақ, тігін инелері.

Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Өткен сабақты қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4. Бекіту инструктажы

5. Жұмыс орнын жинақтау

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау;

2.Сәлемдесу


  1. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.

  2. Арнаулы киімін тексеру

  3. Құрал- жабдықтар мен материалдарды тарату;

  4. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау;

  5. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;

  6. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

II. Өткен сабақты қайталау.

Мата жайында не білеміз?

Қаіпсіздік ережесін еске түсіру

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Бұйымның бөлшектерін өзара инешаншым және тігім арқылы қосады. Сонымен инешаншым дегеніміз- матада жіптердің айқасуы арқылы аяқталған процесі. Тігім бірнеше рет қайталанған инешаншым орны. Тігіс бөлшектердің біріккен орны. Тігістің ені деп бөлшектердің шеткі қиығынан тігіске дейінгі ара қашықтықты айтады.Орындалуына қарай инешаншымдар қолмен жіне машинамен іске асырылады. Ал қолданылуына қарай біріктіру және сіндік болып бөлінеді.

Қол жұмыстарын орындауда ескеретін техникалық қауіпсіздік ережелері. 1. Жұмыстың барысында ине қорабындғы немесе ине шаншығыштағы инелердің санын білу; қыралдармен жабдықтарды өз орнында ұстау. 2. Жұмысты ұқыпты орындау; ине шаншар алдында ортаңғы саусағына оймақ киіп ал, ол қолды жарақаттанудан сақтайды, жұмысты бітісімен ине, түйреуіштерді ине шаншығышта ұста, қайшыны ашық тастама жәәне үшкір жағын өзіңе қаратып қойма,қайшының тұтқыл жағын қаратып ұсын.

3. Жұмыстың соңында ине мен түйреуіштерді санап инешаншығышқа салып қой, қайшыны ұорабына салып қой, жұмыс орныңды тазала.

Қол жұмыстарын жасау кезіндегі аспаптар мен құралдар: сантиметрлік таспа, түймелік тесетін құрал, оймақ, тігін инелері т.б.

Қол жұмістарында қолданылатын термин сөздер: көктеу, көктеп тігу, бүгіп көктеу, тепшу, қадау т.б.



Каталог: uploads -> doc -> 0479
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0479 -> Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет