Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау



жүктеу 1.17 Mb.
бет3/8
Дата13.09.2017
өлшемі1.17 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

IV. Қорытынды.Оқушылардың алған білімін сұрақ-жауап арқылы қорыту.

VI. Бекіту сұрақтары:

  1. Қол тігістерінің қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Өздерің орындаған қол тігістерін қайда қолданады?

  3. Тігістің ені деп нені атайды?

  4. Тігім дегеніміз не?

V. Үйге тапсырма. көктеу тігісі арқылы инешаншым жасап келу

VII. Бағалау. Жасаған жұмыстарына қарай ерекше бағалау.

VIII. Жұмыс орнын жинақтау.

Күнделікті сабақ жоспары №11



Пәні: технология

Күні: 25.11.2014

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы: Мата және зығыр талшықтарын зерттеу.

Мақсаты: Білімділік: оқушыларға мата және зығыр талшықтарының түрлерін құрылымдық ерекшеліктерін, негізгі қасиеттерін,мата атауларының мағынасын, тоқылу, өңдеу әдістерін түсіндіру;

Дамытушылық: оқушылардың танымдық деңгейлерін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту,мақта және зығыр талшықтарын ажырата білу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларда жауапкершілік сезімдерін ұштау; жұмыс кезіндегі ұқыптылыққа үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: .

Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Өткен сабақты қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4. Бекіту инструктажы

5. Жұмыс орнын жинақтау

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау;

2. Сәлемдесу

3. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.

4. Арнаулы киімін тексеру


  1. Құрал- жабдықтар мен материалдарды тарату;

  2. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау;

  3. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;

  4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

II. Өткен сабақты қайталау.

Инешаншым дегеніміз не?



III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Мақта—бір жылдық өсімдік. Мақта өсімдігінің жемісі аппақ ұзын талшықтарға құрамдас қораптан тұрады.Мақтаның құрылымы. Мақтаның жеке талшықтары өте жіңішке болады. Талшықтардың ұзындығы әр түрлі: 6-дан 52 мм-ге дейін. Мақта талшығының табиғи түсі- ақ, сонымен қатар қоңыр-сарғыш, жасыл түстеріде кездеседі. Мақта мата мықты, жұмсақ, жеңіл келеді. Одан тігілген киім өте ыңғайлы, жеңіл, жылы келеді.Гигиеналық тұрғыдан қарасақ, ол ылғал мен ауа өткізгіш, тез кебеді, оңай жуылады, жақсы тазаланады, жеңіл үтіктеледі, жоғары температураға аса төзімді.

Зығыр- зығыр талшықтарын беретін, бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Зығырдың үш түрі бар: салалы зығыр, жабайы зығыр, бұйра зығыр. Талшықтарды алу үшін салалы зығыр өсіреді. Оның сабағы тік, биіктігі 1мм-ге дейін жетеді. Талшықтардың жуандығы мақта талшықтарындай. Ұзындығы 15-26 мм. Талшықтардың түсі ашық сұрдан жабық сұрға дейін болады.

Қазіргі кезінде зығырға капрон, лавсан т.б. жасанды талшықтар қосылады. Мұндай мата түрлерінің сырт көрінісі сапалы, қатты мыжылмайды, жуылғанда көп отырмайды. Матадан, жүннен,жібек пен зығырдан кездеме тоқылады. Мата қазақ өлкесіне бұрын Ұлы Жібек жолы арқылы Шығыс, Оңтүстік азия елдерінен, кейін Ресейден тасып әкелінген. Тоқылуына, сапасына, өрнектердің түрі мен әдемілігне қарай матаның әр түрлі атауы бар.



IV. Қорытынды.Оқушылардың алған білімін сұрақ-жауап арқылы қорыту.

VI. Бекіту сұрақтары:

  1. Мақта матаның гигиеналық қасиеті қандай?

  2. Мата қандай өлке арқылы тасымалданған?

V. Үйге тапсырма.

VII. Бағалау. Жасаған жұмыстарына қарай ерекше бағалау.

VIII. Жұмыс орнын жинақтау.

Күнделікті сабақ жоспары №13



Пәні: технология

Күні:02.12.2015

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы: Қолмен орындалатын инешаншымдар мен тігімдерді жасау
Мақсаты: 1)Білімділік:оқушыларға қарапайым тігістерінің түрлерімен таныстыра отырып, тігістер жасау үйрету.
2)Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, білімдерін іс жүзінде жүргізуге ықпал ету, жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту.
3)Тәрбиелік: еңбек мәдениетіне, іскерлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тігін машинасы
Сабақтың барысы:

1 . Ұйымдастыру кезеңі.

2.Өткен сабақты қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4. Бекіту инструктажы

5.Жұмыс орнын жинақтау

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.

2. Арнаулы киімін тексеру.Құрал- жабдықтар мен материалдарды тарату;

3. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау;

4. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;

5. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;



II. Өткен сабақты қайталау. Сұрақ-жауап.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Бұйымның бөлшектерін өзара инешаншым және тігім арқылы қосады. Сонымен инешаншым дегеніміз –матада жіптердің айқасуы арқылы аяқталған процесі. Тігім-бірнеше рет қайталанған инешаншым орны. Тігіс- бөлшектердің біріккен орны. Тігістің ені деп бөлшектің шеткі қиығынан тігіске дейінгі ара қашықтықты айтады. Орындалуына әдісіне қарай инешаншымдар қолмен және машинамен іске асырылады. Ал қолданылуына қарай біріктіру және сәндік болып бөлінеді.

Қол тігістерінің түрлері: көктеу, жөрмеу, көмкеру,қиғай көмкеру, майда қайшы тігіс, ірі қайшы тігіс, тор тігіс, қайып тігіс.

Сарамандық жұмыс:Көктеу тігісі арқылы инешаншым дайындау.

Қажетті құралдар: ине жіп, қатты қағаз, ыдыстың қақпағы, мақта, мата.

Жасалу жолдары: матаны екі дөңгелек етіп қиып аламыз біреу, үлкен біреуі кішкентай.дөңгелек матаның ішіне қақпақтысалып көктеп тігіп жібін тартып жиырып аламыз. Картон қағазды салып оныда көктеп тігіп аламыз содан кейін бірбіріне қасып тігеміз. Тесмамен әрлеугеде болады.



IV. Қорытынды.Оқушылардың алған білімін сұрақ-жауап арқылы қорыту.

VI. Бекіту сұрақтары:

Инешаншым дегеніміз не?

Қол жұмыстарына арналған құрал-жабдықтарды ата?

V. Үйге тапсырма. Жұмысты аяқтап келу

VII. Бағалау. Жасаған жұмыстарына қарай ерекше бағалау.

VIII. Жұмыс орнын жинақтау

Күнделікті сабақ жоспары №14



Пәні: технология

Күні:08.12.2015

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы: Кестелеу технологиясы
Мақсаты: 1)Білімділік: халықтың қолөнерінің бірі кестелеу, көркем тігістері, қолөнері туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту.

2)Дамытушылық: кесте тігістерінің орындалу әдіс - тәсілдерін меңгерту, қол икемділігін дамыту.
3)Тәрбиелік: қолөнерді үйрету арқылы атадан қалған салт – дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: сарамандық
Сабақтың әдісі: зерттеу, түсіндірмелі, сұрақ - жауап.

Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу, сызу.
Сабақтың көрнекілігі: дайын бұйымдар, нұсқау карталары.

құрал - жабдықтар:мата, ине, қайшы, кергіш, жіп
Сабақтың барысы:

1 . Ұйымдастыру кезеңі.

2.Өткен сабақты қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4. Бекіту инструктажы



5.Жұмыс орнын жинақтау

I.Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.

  2. Арнаулы киімін тексеру. Құрал- жабдықтар мен материалдарды тарату;

  3. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау;

  4. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;

  5. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

II. Өткен сабақты қайталау.
ІІІ Жаңа материалды меңгерту.
Кестелеу өнері ертеден келе жатқан халық өнері. «Өнері таусылмас қазына, жұтамас байлық» дейді дана халқымыз. Қазақ қолөнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән - мағынасымен, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы, соның бірі кестелеу өнері. Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Мысалы: ұлттық киімдерді, бас киімдерді, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге болады.
Кесте түрлері:
Біз кесте шығыс халықтарының арасында қазақ пен қырғыз халқында аса жоғары деңгейде дамыған. Біз кесте - кергішке керілген арнайы мата бетіне түсірілген, бейнені ою - өрнек немесе бейнені сызық бойымен қармақ бізді матадан ары өткізіп, жіпті бері іліп шалып алу арқылы қайталанатын майда тігісті айтамыз. Біз кестеде матаға сызылған ою - өрнекті сызық бойымен кестелеп, сонан соң ішкі жағын түрлі өңді жіптермен толтырамыз.
Баспа кесте материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды аз қалдырып, тұтас кестеленген шымқай кестені айтады.
Әредік кесте - матаның әр жері әшекейленіп, бөлек - бөлек өрнек салынады. Тақия, балақ, өңір, жаға, етек, әйелдердің тымағы сияқты зат бөлігіне тігіледі.
Оюластырып кестелеу маталарды бөлек - бөлек кестелеп, оюластырып жапсыру. Бір матаның бетіне екінші матадан тігілген фигура салынып шет жақтары әртүрлі кесте тігістерімен тігіледі.
Маржандап, моншақтап кестелеу әйелдер бас киімдеріне, тақия, сәукеле, өңір, қол дорба қамзолдар және сән - салтанатты киімдерді маржандап, моншақтап кестелейді.
Кесте тігуге қажетті негізгі құрал - жабдықтар.
Инелер, дөңгелек және төрт бұрышты кергіштер, қайшы, оймақ, түйреуіштер, жіптер, маталар.
ІҮ Сарамандық жұмыс.
Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
1. Инені аузыңа салма
2. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.
3. Инені кез келген жерге қадауға болмайды.
4. Қайшыны жолдасыңа үшкіл жағымен берме.
5. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде, көңілін бөлуге болмайды.
6. Қайшының ұшын жоғары қарай көтерме.
Нұсқау карта
р/с Жұмыстың орындалу реті Керекті заттар
1. Матаны кергішке керу
2. Матаға өрнекті салу
3. Матаға сызылған өрнекті сызық бойымен кестелеу
4. Ішкі жағын әртүрлі жіптермен толтыру кергіш, мата
5. Мата, карандаш, ине, жіп, қайшы.
1 - кезең. Тышқан із тігісі - тігілу әдісі жағынан көлемді біркелкі ілмектер шынжыр секілді бір - біріне тіркесе тігіледі. Жіпті бекітіп, оны матаның оң жағына шығарып алған соң, ілмек тәрізді етіп созып, оны сол қолымыздың басбармағымен басып тұрып, инені алғашқы шаншыған жерден дәлдеп, төмен қарай, яғни матаның астыңғы бетіне қарай шаншимыз.
2 - кезең. Шалып торлаудың түрлері.
3 - кезең. Таңдай тігіс әдісімен тігілген қабырға кесте.
4 - кезең. Жіп салып тігу.
5 - кезең. Айқас тігісімен тігу.
Ү Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту кезең:

Мақал мәтелдер


1. Жеті рет өлшеп ------------------(бір рет піш)
2. Көз қорқақ ------------------------(қол батыр)
3. Өнер көзі -------------------------(халықта)
4. Ата көрген ------------------------(оқ жонар)
Шеше көрген ---------------------(тон пішер)
5. Қыз еркем --------------------------(кестесімен көркем)
6. Кестенің сыры ---------------------(түрінде)
Кілемнің сыры ---------------------(түгінде)
ҮІ Бағалау
ҮІІ Үйге тапсырма:
Кесте тігістерін тігу

Күнделікті сабақ жоспары №15



Пәні: технология

Күні:22.12.2015

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы: Қазақ ұлттық ою-өрнегінің қима үлгісін жасау.
Мақсаты: 1)Білімділік:оқушыларға ою - өрнектің шығу тарихы жайында жалпы түсінік беру; ою - өрнек түрлерімен қима үлгісін жасау технологиясымен таныстыру .
2)Дамытушылық: халқымыздың салт дәстүріне, қолөнеріне терең үңілдіріп, ой - өрісін дамыту
3)Тәрбиелік: ұлттық ою - өрнек үлгілерін орынды қолдана білуге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: түрлі ою-өрнектің суреттері оюлар, слайд.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: қағаз, қайшы, карандаш, сызғыш т.б
Сабақтың барысы:

1 . Ұйымдастыру кезеңі.

2.Өткен сабақты қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4. Бекіту инструктажы

5.Жұмыс орнын жинақтау

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу

Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.

Арнаулы киімін тексеру

Құрал- жабдықтар мен материалдарды тарату;

Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау;

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;



II. Өткен сабақты қайталау.
1. Мата неден тұрады?
1/ жіптен 2/ талшықтан 3/ мақтадан
2. Мата неше түрге бөлінеді?
1/екі 2/ үш 3/ төрт
3. Кесте тігісінің қандай түрлерін білесіңдер?

1/көктеу 2/ тепшу 3/ тышқан із, айқас.


Психологиялық дайындық
Сөзжұмбақты шешу арқылы келесі жаңа тақырыпқа көшу. Оқушылар сөзжұмбақты шеше отырып, жаңа сабақ қандай тақырыпта өтетінін анықтайды.
1. Тігінші құралы
2. Иық бұйымдарының бірі
3. Ұлттық бас киім
4. Қазақтың ұлттық саз аспабы
5. Ертеден бүгінгі күнге дейін жеткен үй жиһазы
6. Қалыңдықтың бас киімі
7. Ұлттық аяқ киім
Жаңа сабақ жоспары
1. Ою - өрнектің шығу тарихы
2. Ою - өрнектің топтары
3. Ою - өрнектің жасалу жолдары
4. Сарамандық жұмыс
І.Ою - өрнектің шығу тарихы
Қазақ ою - өрнегінің өзіне тән даму тарихы бар. Өте ерте заманда ата - бабаларымыз жазу, сызуды білмей тұрғанда тау - тасқа, белгілі бір мағынаны білдіріп отырған. Қазақ ою - өрнегі ғасырлар бойы дамып, қазақ халқының өмір тіршілігінде айрықша орын алып, ғасырдан - ғасырға, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан ірі рухани мәдениет үлгісі ретінде сақталған. Мысалы: әрбір қазақтың үйінде сандық, алаша, киіз, құрақ көрпешелер, зергерлік бұйымдар, ат әбзелдері бар. Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру ою деп аталады. Ал киім-кешекке, тұскиізге, т. б қолөнер бұйымдарын кестелеп бейнеленетін бедер сол сияқты тоқылатын алашаға, қоржынға түсірілетін түрлі геометриялық бедерлерді өрнек дейді. Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды береді. Мағынасы әсемдеу, сәндеу, сонымен ою - өрнек дегеніміз әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері.
Ою - өрнек құрт - құмырсқаға, малдың денесіне, аңның дене мүшесіне, қару - құралдарға, құстарға, ай, күн, жұлдыздарға, көк әлемге, геометриялық фигура тектес, жер, су, өсімдік бейнелі болып бөлінеді.

ІІ. Ою - өрнек топтары. Қазірде ою - өрнектерді композициялық құрылымына қарай бір жүйеге келтіру үшін ғалымдар ою - өрнекті 4 топқа бөледі. 1. Зооморфты 2. Өсімдік пішіндес 3. Геометриялық 4. Космогониялық.
Әр ою - өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: "Қошқар мүйіз" оюы молшылықты меңзейді, ал "ағаш "оюы ынтымақ бірлікті, "ирек"оюы адамның өмір жолы дегенді білдіреді. Жасалу жолдарына қарай ою - өрнек: қима ою, ойма ою, сызба ою, шексіздікке ұластыра ою болып бөлінеді..
1. Қағаз немесе былғарыдан, матадан, картоннан тұтас қиып алынған ою - өрнек қима ою деп аталады.
2. Қағаз немесе матаны қайшымен ойып, ою - өрнек жасауды ойма ою деп атайды.
3. Сызылып барып кесілген ою үлгілерін сызба ою деп атайды
4. Бір - біріне жалғастыра сызып, кесілген ою шексіздікке ұластыра ою деп аталады.
ІІІ. Ою - өрнектің қасиеті. Қазақтың ою - өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан өнер түрі. Оған мысал ретінде "Сырмақ шерткен сыр" аңыз әңгімесін айтып берейін.
Ертеде бір әділ хан болыпты. Оның жарлығымен қол астындағы халық, үй жиһаздарын, киім - кешек, құрал - саймандарын, қару жарақтарын ою - өрнектермен әдемілеп ұстайтын болған. Сондықтан оны халық Ою хан атапты. Бір жылдары бөтен елдің ханы жаулап алып, ою ханды зынданға тастапты. Ою ханның орнына хан болып, бұрынғы салт - дәстүрді, ою - өрнекті жойып, жаңаша құрмақ болады. Жаңа дегендердің бәрі тез ұмыт бола береді. Оған жөн айтқан адамдардың көзін жоя берген. Сондықтан оны жою хан деп атапты. бұл кезде Ою хан зынданда жағдайдың бәрін естіп - біліп жатыпты. 
Бір күні Жою ханның жалғыз ұлы аңға шығады. Жолдағы аңның бәрін түгел қырқып, ойына келгенін істеп келе жатырғанында бір үкі мұның бетіне шапшып, екі көзін ойып жібереді. Еш нәрсе көре алмай тентіреп келе жатып, жардан құлап батып өледі.
Жою хан баласына іздеу салады.
- Кімде кім баламның өлімін естіртер болса, соның басын аламын деп жарлық берген соң ешкімнің батылы бармайды. Мұны естіген Ою хан баланы іздеуге баратынын хабарлайды. Жою хан оны зынданнан шығарып, жолға салады. Ол дәрі - дәрмегін алып орманды аралап келе жатса бір тастың астынан.
- Жойылсын, Жою хан!- деп қиналған дауысты естиді. Тасты көтеріп қараса, жамбасына оқ тиіп, күйреген сұр тышқанды көреді. Оның аяғын таңып, дәрі құйып жөніне жібереді. осылайша кездескен аң - құстың барлығын емдейді. ең соңында қанаты сынған үкіні емдеп, " Жою ханның баласын көрдің бе?"- деп сұрайды.
- Қатыгез хан баласы жолында кездескен сұр тышқанды, арқарды, бұғыны, жолбарысты жаралып, балықты құрлыққа тастап, қайтып айналып келіп, сойып алмақ болғанда, мен оның екі көзін шығардым. Өйткені бұл аңдардың барлығы Ою хан еккен орманның ең соңғы аңдары еді. Хан баласы қазір көл түбінде өліп жатыр.
Мұның бәрін естіген Ою хан үйіне келіп, оюлап, оқиғаның желісін сырмақтың бетіне ою түрінде түсіріп, Жою ханға алып келеді. Жою хан сырмақтың оюына қарап отырып оқиғаны былайша тарқатады.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, жағдайларды көрсету.
- Тоқта, мына ою не деп тұр? Балаң екіге бөлінді, жаны рухта, тәні аруаққа айналды деп тұр ма?
- О, жалған! Менің ұлым шынымен өлгеніме? Өлтірем!!!- деп қылышын суырып Ою ханға төнеді Ою хан саспастан жою ханның өз жарлығын есіне салады. Ханның екі айтқаны өлгені деп, жарлық бойынша өз басын алады. Ою ханды ел - жұрты қайта хан көтереді. Әр оюдың тілі бар деген сөз осыдан қалған деседі. Бұл аңыздан ою - өрнектердің барлығын қоршаған ортадан алғанын көреміз.
ІҮ Оюды ою сызбасымен таныстыру. Қазақ ою - өрнегін жасаудың өзіндік принциптері бар. Олар: Композиция дегеніміз - өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру. Колорит дегеніміз - ою - өрнектің бояу түрлерінің бір - бірімен үйлесіп, жарасым табуы. Осы жерде әр түстің нені білдіретінін айтамын. Мысалы: Көк түс - аспанның, қызыл түс - оттың, ақ түс - ақиқаттың, сары түс - ақыл парасаттың, жасыл түс - жастықтың көктемнің символы.
Симметрия дегеніміз - ою өрнекте бір элементтің қайталанып келуі.
Ритм дегеніміз - ою - өрнекте бір элементтің қайталанып келуі.
ҮІІ. Сарамандық жұмыс.
Сарамандық жұмысты бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережені еске түсірейік. Қайшымен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережені білеміз жеке - жеке айтырамын. Ою - өрнекке қарап отырып қағазымызға қарандашпен өрнек жобасын салып қиып үйренеміз, бұл сызылып барып қиылған ою сызба оюы. Оны желіммен бетке жапсырамыз.
ҮІІІ. Сергіту сәті. Қайшысыз ою ойып шығу.

IV. Қорытынды.Оқушылардың алған білімін сұрақ-жауап арқылы қорыту.

VI. Бекіту сұрақтары:

1. Қандай ою - өрнектердің түрін білесіңдер?


(Ботамойын, қошқармүйіз, түйемойын, бұғымүйіз, сынармүйіз, қармақ, бүршік, ирек, толқын, сынықмүйіз, қолтықша, арқармүйіз, құсқанаты, шырмауық, ғарыш сипаттағы өрнектер).

2. Ою-өрнек түрлері неше топқа бөлінеді?


1.Өсімдік тектес ою-өрнектер.
2.Жануар тектес ою-өрнектер.
3.Геометриялық фигуралар тектес ою-өрнектер.
4.Ғарыш әлеміне байланысты ою-өрнектер.

3. Ою-өрнек дегеніміз – латын тілінен алынған «орнамент» мағынасы сәндеу, әсемдеу.

Композиция дегеніміз – өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру.
Мысалы: көлемі шағын бұйымға ірі өрнек салмайды.


  1. Симметрия дегеніміз –ою-өрнектің екі жағының тең болуы. Мысалы: кітаптың екі бетіндей.

  2. Колорит дегеніміз –ою-өрнектің бояу түрлерінің ою-өрнектің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы.
    Мысалы: қара түсті қызыл, ақ, сары түстердің ашуы.

6. Ритм дегеніміз – ою-өрнекте бір элементтің қайталанып келуі

Үйге тапсырма:қағазды бүктеу арқылы бірнеше ою қиып келу.

VII. Бағалау. Оқушылардың жауабын, жұмыстарын бағалау, сараптау

VIII. Жұмыс орнын жинақтау

Күнделікті сабақ жоспары №16



Пәні: технология

Күні:26.12.2014

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы:Ою-өрнек, узор түрлері.

Сабақтың мақсаты: а)Білімділігі: Оқушылардың ою - өрнек туралы түсініктері мен шеберлік дағдыларын қалыптастыру.
ә)Дамытушылығы: Есте сақтау қабілетін дамыту, қолөнерге қызығушылығын арттыру.
б)Тәрбиелігі: Шеберлікке, үнемділікке тиянақтылыққа баулу, әдемілікті сезіне білуге, шебер адамдарын құрметтеуге, олардың еңбектерін бағалауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Топтық сайыс сабақ.
Сабақ типі: Қорытынды сабақ.
Сабақ әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ – жа

уап, топтық жұмыс.



Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме, альбом, бағалау парағы, қағазға жапсырылған оюлар, кесте тігістері, матаға басылған оюлар.

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, математика.

Қажетті құрал – жабдықтар: Ақ, түрлі – түсті қағаз, желім,қайшы, бір түсті маталар, ине, жіп.
Қауіпсіздік ережесі: Қайшымен, желіммен дұрыс жұмыс жасау.

Сабақ барысы


1. Ұйымдастыру кезеңі:

А) оқушыларды түгелдеу.


Б) құрал жабдықтарын тексеру.
2. Сайыс сабақ
Топқа бөлу
Оқушылар 3 топқа бөлінеді.(2 минут)
3 топқа ақ қағаз тартылады.

І. Қандай ою - өрнектердің түрін білесіңдер? деген сұраққа әр топ жауаптарын жазады. (5 минут)


(Ботамойын, қошқармүйіз, түйемойын, бұғымүйіз, сынармүйіз, қармақ, бүршік, ирек, толқын, сынықмүйіз, қолтықша, арқармүйіз, құсқанаты, шырмауық, ғарыш сипаттағы өрнектер).

ІІ. Түрлі – түсті қағаздан ою қиып, ақ қағазға жапсыру. (5 мин)


Әр топ өздері жасаған ою - өрнектерін ақ қағазға жапсырады.

ІІІ. Қиған оюларын матаға орналастырып тігу. (15 минут)


Әр топ өздері «қошқармүйіз» оюын матаға орналастырып тігеді. (көктеу)

IV. Сұрақ – жауап. (10 минут) Әр топ сұраққа жауап береді.


І топ:
Қазақ халқы қандай оюды ерекше пайдаланады? (қошқармүйіз)
Симметрия дегеніміз не? (бүктелген бөліктердің екеуі де дәл келуін симметрия дейді).
Ою - өрнектер кімнің қандай бөлшегіне орналасады? (алдыңғы өңір жиектеріне, жеңіне, етегіне т.б)

ІІ топ.
Қағазға оюды қандай тәсілмен орындайды? (бір бүктеу, екі бүктеу, үш бүктеу, т.б күрделеніп орындалады)


Ою - өрнекпен қандай бұйымдарды әшекейлейді? (қоржын, түскиіз, текемет, жүкаяқ, кебеже т.б)
Бұйымға орналасқан оюды уақытша қандай тігіспен орындайды? (көктеу тігісі).

ІІІ топ:
Ою - өрнек дегеніміз не? (қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді)


Қандай өрнектер қазақ ою - өрнек өнерінің негізі болып табылады? (мүйіз бейнелі айшықтар)

Сәукелені кімдер киеді, оны немен әшекейлейді?


(Сәукеле – қалыңдықтың бас киімі. Оны алтын, күміс, маржан
тастармен әшекейлейді)

Каталог: uploads -> doc -> 0479
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0479 -> Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет