Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау



жүктеу 1.17 Mb.
бет6/8
Дата13.09.2017
өлшемі1.17 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Оқушының аты-жөні:____________________________________

Нені білдім?

Нені білгім келеді?

1.

2.

1.

2.


Оқушының аты-жөні:____________________________________

Нені білдім?

Нені білгім келеді?

1.

2.

1.

2.


Оқушының аты-жөні:____________________________________

Нені білдім?

Нені білгім келеді?

1.

2.

1.

2.


Оқушының аты-жөні:____________________________________

Нені білдім?

Нені білгім келеді?

1.

2.

1.

2.


(көкке) (қылып бой түзе). (жер соғар)

(есік ашық) (ешкімге жалынбайды.)
Ашық қиықты жабыстыру. Киімнің төсемесін(прокладка) бір - біріне жалғастыруда қолданылады. ол үшін төсеменің екі шетін бір – біріне айқастырады да машинамен қайып тігеді. Айқаспа тігістің ені 0, 6 - 1 см, ал төсем шеті мен тігістің аралығы 0, 3 - 0, 5см. Жасырын қиықты жапсыру тігісі - фигуралы және тіке болып пішілген иінішті, жапсырма қалтаны негізгі бөлшекке біріктіруде қолданылады. Мұнда, бөлшектің жасырылатын (шетін) қиығын сәндік тігістің енінен 1 - 1, 5см артықтау алады да, оны екінші бөлшектің қиығының үстіне қайып орналастырады.
Кейде жүргізілген қатарлы тігіс арасын машина тігісімен иректеп қосады. Бұл тігіс сыртқы киімдерде қолданылады. 4. Тұйықталып тігу - жасырын тігіске ұқсайды. Бұл тігісте бөлшекке шеттері тұйықталып бекітіледі. бөлшектің екі жағынан да өзара параллель түскен тігістер көрініп тұрады.
ІV. № 12 - Сарамандық жұмыс. 15 мин. 
Тақырыбы: Машина тігістерінің орындалуы.
Сарамандық жұмыстың мақсаты: оқушыларға тігін машинасындағы тігістің жасалу жолдарын орындату және қол тігісіне баулу.
Сарамандық жұмыстың құрал - жабдықтары: үтік, қайшы, қол тігін машинасы, бор, сызғыш, ине - жіп, қалам, қарандаш. Тігін машинасымен жұмыс жасаған кезде ТҚЕ сақтау:
1. Қайып тігу.
2. Жапсырып тігу.
3. Өбістіріп тігу.
4. Тұйықтап тігу.
V. Бекіту 5 мин. ( Ой толғаныс).
1. Қол тігістерін ата?
2. Әжелеріміз кесте тігу кезінде қандай тігісті көп қолданған.
3. Тақтадан машина түрлерін көрсету және айырмашылығын түсіндіру.
1. Қолжетекті. 2. Аяқжетекті. 3. Электржетекті.
VI. Сабақты қорытындылау 3мин.
Нұсқау картамен жасаған жұмысты түсіндіру. 
VI. Оқушыларды бағалау. 1 мин.
VII. Үйге тапсырма: 

1. Мата түрі. \мақта\
2. Тігін машинасының түрі. \қол\
3. Тігін құралы. \жіп\
4. Тігін машинасының түрі. \аяқ \
5. Қол тігіс түрі. \қайып \
6. Тігін құралы. \ оймақ\
7. Мата түрі. \зығыр\
8. Тігін құралы. \қайшы\
Кері қайту

Ілмек сөздер: кесте тігістерін тігукестелеубейнелеуұлттық өнер1. Изонить - дегеніміз не? 2. Жіппен бейнелеу өнері қандай бұйымдарды безендіру үшін қолданылады?
3. Жіппен бейнелеу кезінде қандай құрал - жабдықтарды пайдаланамыз?
4. Бұрыштарды, дөңгелектерді қалай толтырамыз?
5. Бұрыштарды тігуде беткі жағында жіптер қалай тартылады, ал теріс жағында қандай сызықтармен көрінеді?
Мақсаты: халқымыздың қолөнері, көркем тігістері туралы ұғымды қалыптастыру.
Сабақтың мақсаты: қолөнер тарауы бойынша алған мәліметтерді жинақтау, пысықтау. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Тақырып бойынша білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: танымдық қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: еңбекке тәрбиелеу, салт - дәстүрді құрметтеп, әсемдікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ жауап, сарамандық.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, буклет, ине жіп түрлері, қайшы үлгі қағаз керілген мата, суреттер. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика, тарих, сызу. Қажетті құрал - жабдықтар: бір түсті мата, бисер түрлері, кергіш, ине, жіп, оймақ.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын «Көңілді сауда» ойыны арқылы сұрау. Интерактивті тақтада сұрақтар нөмірленген. Өздері дайындаған әшекей бұйымдарды «дүкенге» қойып, «сату».
1. Бисер дегеніміз не?
2. Ең алғаш бисер қай елде пайда болды?
3. Тұңғыш рет бисер қандай өндіріспен байланысты болды?
4. Бисермен сәндік үшін қандай бұйымдар тоқылады?
5. Бисерді неден жасайды?
6. Бисерді ең көп шығаратын елді ата?

III. Мақсат қою кезеңі. 1. Қолөнер туралы түсінік. Кесте тігу өнері.


2. Бүгін сабағымызда халқымыздың қолөнер туралы мәлімет аламыз, көркем тігіс түрлерін тігу барысында толық меңгереміз, жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтаймыз.

IV. Жаңа сабақ Кесте – қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу – өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер – көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл - күйін көтереді. Қол кестесі бұйымдарына тұтынушылар сұрасының өсу бұйымдардың түрлерін көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі. Кесте тігу үшін қолданылатын құрал - саймандар: Кергіштер – кесте тігушінің негізгі құралы. Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. Кергіштер дөңгелек болады. Ол бірінің ішіне бірі кіретін екі дөңгелектен тұрады. Оны ағаштан, пластамассадан, резеңкеден және металдан дайындайды. Инелер – мата қалыңдығы мен жіптің жуандығына қарап таңдалады. Қайшылар – жіптің ұшын қию үшін қайтқы қайшылар, оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы қолданылады. Жіптер – кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине т. б. жіп түрлері қолданылады. Калька – бұл мөлдір ақ қағаз. Калька түпнұсқа суреттің көшірмесін жасау үшін қолданылады. Ал калькадан суретті сатаға көшіру үшін көшіргіш қағаз пайдаланылады. Өрнек құрастыру үшін милиметрлік қағаз қолданылады. Кестелеуге арналған материалдар – канва, тегіс боялған мата.

Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан - сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз сегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине сабақтап, түйме қадау, кесте тігуді, ас пісіруді үйретсе, ұл балаларымызға таспа тілу, өрім тоқу, мал сою және мүшелеуді үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан. Кестелеу, көркемдеп тігу, ою - өрнектерін әшекейлеу. Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды дегендей, кесте тігудің алуан әдісі бар. «Біз кесте», «Гобелен» (көпіртпелі) кесте, «Моншақпен кестелеу» (бисерлеу) деп атайды. Кестелеу өнері дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр халықтың тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзінің ерекшеліктерімен ерекшеленеді.

Еуропада кестемен айналысу ақсүйектің, мәдениеттіліктің белгісі ретінде қабылданған. Үй тұрмысындағы қажетті бұйымдар: дастархан, терезе пердесі, қол орамалдар, жастық тыстары, түрлі көлемдегі үлкенді - кішілі стол жапқыштар барлығы кестеленген. Қазақ әйелдері де ертеден бүгінге дейін мүмкіндігінше пайдаланатын заттарын кестемен сәндеуге тырысады. Жиі қолданатын кесте түрлері – «баспа кесте», «қабырға кесте», «біз кесте», «тығыз кесте», «маржандау», «түкті кесте» және т. б. Бұл – қазақ қыздарына аналарының бала кезінен үйрететін ыждақаттылық пен төзімді талап ететін қолөнер түрі. Адам бойында, әсіресе бойжеткендерге табанды, сабырлы, ұқыпты, зерделі мінез - құлық қалыптастыруда кесте өнерінің тигізетін пайдасы көп. Қазіргі күнде ата - бабамыз айналысқан қандай да бір ата кәсібі болмасын өз маңызы мен қасиетін жоймаған, қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр. Енді біз бүгінгі сабағымызда, соның ішінде кесте тігу өнеріне тоқталамыз. «Егер мал таппақ болсаң қолөнерді үйренбек керек, мал жұтайды, өнер жұтамайды» деп Абай атамыз өлеңмен кеңес беріп кеткен.

Сұрақтар. 1. Көркем тігіс түрлерін ата. Схема бойынша жұмыс.
Тор тігіс Айқас тігіс таңдай тігіс Қабырға тігіс Жұлдызша тігіс
2. Жоғарыда аталған көркем тігістер арқылы қандай тігістер арқылы қандай кесте түрін тігуге болады?
Шым кесте моншақ кесте

Біз кесте Баспа кесте


V. Сарамандық жұмыс. Техникалық қауіпсіздік ережелері. Суреттер, дайын үлгілерді, кестеленген дайын жұмыстарды көрсету. Кесте тігуге пайдаланатын құралдар: ине, оймақ, біз, қайшы, кергіш, жіптер түрлері.

Ақ қағазға эскиз түсіріп қиып аламыз. Керілген матаға суретін түсіреміз. Кесте тігу кезінде қарапайым еңбек қозғалыстары (саусақ, білезік, шынтақ қозғалыстары) болады. Қауіпсіздік ережесін бір оқушы оқып береді. Оқушылардың тігіс түрлеріне мән беру, тексеру, көмектесу. Сабақтан алған әсерлері бойынша оқушылар мақал - мәтелдер айтады.


Қолөнердің бір түрі әшекейлі кестелеу. Қазақтың нәзік қыздары, көркемдеп оны тігеді. Кестелеудің қыр - сырын апайымыз біледі, Шәкіртіне әр кезде үйретіп ол жүреді.

VI. Сабақты қорытындылау. – Кесте тігуге қажетті аспаптарға қандай аспаптар жатады? – Иненің құрылысы мен түрлері. – Кім айтады, иненің құрылысы мен оның қолданылуы туралы? – Қандай тігіс түрлерін және атауларын білеміз? - Кестелеуге қандай жіптер қолданылады? Инемен тігетін тігістердің түрлеріне байланысты плакаттағы суреттер бойынша оқушылардың жауабы (көктеу, тепшу, жөрмеу, қайып тігу) Кестелеудің бірнеше түрі қолданыста бар. Олар «біз кесте», «айқас» тігу, «жіп салып» тігу, Жасаған бұйымдарының сапасын тексеру, талдау.

VI. Жұмыстарын бағалау.
VII. Үйге тапсырма беру.


Оюы көптің өрнегі көп, өрнегі көптің ермегі көп

Сабақтың мақсаты:


Білімділік мақсаты: Ою үлгілерін компьютерге түсіріп, сызып, бояудың әдіс-тәсілдерін меңгерту,алған білімдері арқылы VII қысқы Азияда ойындарындағы спортшыларымыз сияқты 7 қырынан көрсетуге, жинақтауға дағдыландыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен көрсетуге ықпал ету, сарамандық іс-әрекеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Өз халқының салт-дәстүрін құрметтей білуге, ұлтының ерекшеліктерін түсінуге, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, әңгімелеу, сұрақ-жауап.


Сабақтың түрі: Технология сабағында компьютерді пайдалану.
Кіріктірілген сабақ.
Пәнаралық байланыс: ЭВМ, сурет, музыка, тарих, әдебиет,математика,сызу, геометрия.
Сабақтың құрал-жабдықтары: қайшы,желім,сызғыш,бояулар, қарындаш,өшіргіш,түрлі-түсті қағаз,картон,бор,қағаз,мата,ине,жіп
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер,матадан тігілген ою үлгілері, суреттер,буклеттер, тест сұрақтары.

Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды сабаққа даярлау,түгендеу.
2. Техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.Қызығушылығын ояту.
Өткен сабақты сұрақ-жауап арқылы қайталау,бекіту.

ІІІ.Жаңа сабақ.


- Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Оюы көптің өрнегі көп,
Өрнегі көптің ермегі көп» ,яғни ою үлгілерін компьютерге түсіріп, сызып, бояудың әдіс-тәсілдерін меңгеру.
Экранға назар аудару.
IV Мағынаны ажырату.

VII қысқы Азияда ойындары Астана мен Алматы қалаларында 30-қаңтар мен 6-ақпан аралығында өтті. Ондағы біздің нышанымыз «Азия барысы» болды. Енді сол Қазақстанның барысы сияқты біздің спортшыларымыз 7 қырынан көріне білді. Сондықтан сендер бүгінгі сабақта өз бойларыңдағы барлық күштеріңді, қайсарлықтарың мен алғырлықтарыңды Қазақстан барысы сияқты 7 қырынан көрсетуге тырысуымыз керек.


Ою-өрнек қазақ даласына оқу - сызу пайда болмай тұрып дүниеге келді десе де болады. өткен ғасырда ою-өрнекпен адамның ойын, немен шұғылданғанын тіпті хан мен бай, кедей іс-әрекеттерінде осы арқылы ұғуға болады. Ою-өрнекті белгілі бір адам немесе қолөнер шеберлері ойлап тапқан жоқ, оны халық ойлап тапты. Қолөнер шеберлерінің арнайы шеберханалары болған жоқ. Олар үйдің не даланың кез келген жерін ыңғайлап, сол жерді шеберханаға айналдырған.

Ою-өрнек түрлері төрт топқа бөлінеді


1.Өсімдік тектес ою-өрнектер.
2.Жануар тектес ою-өрнектер.
3.Геометриялық фигуралар тектес ою-өрнектер.
4.Ғарыш әлеміне байланысты ою-өрнектер.

Қазақтың ою-өрнегін салып, қиып үйренбей қолданбалы өнерді игеру мүмкін емес. Сондықтан оюды өзіміз ойып үйренуіміз керек. Халқымызда «Өз үйінде ою оймаған адам, кісі үйінде сызу сызады»- деген мақал бар. Осы мақалдың өзі ою оймаған кісінің өзге өнерді де игере алмайтындығын көрсетеді. Енді ою-өрнек, шеберлік, өнер туралы мақал-мәтелдер айтсақ.


1.Өнер сыры – өрнекте.
2.Ою ойғанның ойы ұшқыр.
3.Ою ойған сызу да сызады.
4.Үлгісі көптің өрнегі көп,
Өрнегі көптің ермегі көп.
5.Өнерсізден құт қашады.
1) Ою-өрнек дегеніміз – сөзіміз латын тілінен алынған «орнамент» мағынасы сәндеу, әсемдеу.
2) Композиция дегеніміз – өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру.
Мысалы: көлемі шағын бұйымға ірі өрнек салмайды.
3) Симметрия дегеніміз –ою-өрнектің екі жағының тең болуы. Мысалы: кітаптың екі бетіндей.
4) Колорит дегеніміз –ою-өрнектің бояу түрлерінің ою-өрнектің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы.
Мысалы: қара түсті қызыл, ақ, сары түстердің ашуы.
5) Ритм дегеніміз – ою-өрнекте бір элементтің қайталанып келуі
- Балалар, сендер осы ою-өрнектерді танып білдіңдер десе болады. Енді ЭЕМ арқылы жұмыс жасаймыз.Компьютерді іске қоспас бұрын техника қауіпсіздігін еске түсірейік.
1.Кабельдердің қосылған орындарына тиюге;
2.Жұмыс істеп тұрғанда экранға ,монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиюге;
3.Оқытушының рұқсатынсыз аппаратураларды тоқ көзіне қосуға,үзуге;
4.Кітап,дәптер және тағы басқа заттарды монитордың, пернетақтаның үстіне қоюға;
5.Су киіммен,су қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатал тыйым салынады.
Компьютермен жұмыс жасағанда PAINT графикалық редакторды пайдаланамыз. Іске қосу үшін мына командаларды орындаймыз: БАСТАУ – БАҒДАРЛАМА – СТАНДАРТТЫ – PAINT. «Paint» (ағылшын сөзі) –қазақша сызып, бояп үйрену деген мағынаны білдіреді.
Оюдың екі түрін сызып және бояймыз.

САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС


1. Ботакөз оюы
2. Сынық мүйіз оюы

Жұмбақ шешу.


1.Таптым, таптым тап жорға,
Табаны жалпақ боз жорға.
(түйе, түйетабан, ботакөз, өркеш)
Қазақ оюының ең бір кең тараған үлгісі
(сынық мүйіз)
2.Қыз есімімен аталатын өрнек.
(Ботакөз)
3. Арқалаған тауы бар,
Іші толған қоры бар.
(түйе)

Тест сұрақтарын компьютердің көмегімен шешіп, компьютер бағасын өзі қояды.

1.Ең көне ою
А) қошқармүйіз
Б) тұмарша
В) қызғалдақ
Г) жұлдызша
2.Магиялық ою
А) тұмарша
Б) гүл
В) шимай
Г) қазмойын
3.Түйе баласына қатысты ою
А) шеңбер
Б) жапырақ
В) ботакөз
Г) өрмекші
4.Жануар тектес ою
А) сынақ мүйіз
Б) шиыршық
В) шұғыл
Г) қармақ
5. Өсімдік тектес.
А) жауқазын
Б) қос мүйіз
В) өркеш
Г) тұмарша
6. Оюдың неше түрі бар?
А) 250
Б) 200
В) 150
Г) 170
7. Геометриялық ою.
А) сүйір
Б) айшық
В) бітпес
Г) өрмекші
8. Ғарыш тектес
А) шеңбер
Б) үш жапырақ
В) қаз мойын
Г) шынжыра
9. Ұннан әзірленген ұлттық тағамның атымен аталатын ою
А) бауырсақ
Б) таба нан
В) шелпек
Г) қарма нан
10. Түскиізге салынатын өсімдік тектес ою.
А) жауқазын
Б) қызғалдақ
В) мак
Г) раушангүл
11. Оюдың камзолға салатын түрі
А)шимай
Б) ағаш
В) сыңар мүйіз
Г) ботакөз

V. Ой толғаныс кезеңі.


Ал енді балалар бүгінгі сабақты қорытындылай келе, мына кестені толтырамыз. INSERT әдісі.
Білемін Білдім Білгім келеді

VІ Қорытындылау, бағалау


VІІ. Үйге тапсырма беру
Ою-өрнекті қағазға қиып үйрену, ою-өрнек туралы 5 жолды өлең жазу.

Сабақтың тақырыбы: Жапсырмалау өнері. Ою-өрнекті жапсырмалаудың технологиясы.


Сабақтың мақсаты: Ою-өрнек туралы түсінік беру.
Білімділік: Қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама беру және жапсырмалау технологиясын үйрету.
Дамытушылық: Ою-өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан-жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салтдәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.


Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірме, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, «Ә. Қастеевтің сөзі», «Ою-өрнектер», «Сергіту сәті».
Құралдары: ермексаз, ДВП, үшқат, пышақ түрлері
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, сызу, геометрия, математика.
Пайдаланған әдебиет: технология 5, 6-сынып. Е.Дүйсенбаев, А.Балғожаев. оқыту үрдісіндегі танымдық және шығармашылық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану. Қызылорда, 2006ж.

Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу. 
2. Сынып тазалығын тексеру.
3. Оқушы назарын сабаққа аудару. 
II. Үй тапсырмасын тексеру 
Пышақ қынын тігу. Үй тұрмысында қолданылатын теріден жасалған кейбір мүліктер және оларды жасаудың халықтық технологиясы.
«Бағдаршам» әдісі:

Әр оқушы сабаққа немесе сұраққа өз дайындығы туралы түрлі-түсті қалақшалар арқылы белгі береді: «жасыл» - дайын, «сары» - күмәнді, «қызыл» - дайын емес.


III. Үй тапсырмасын бекіту
«Жұптық сұрақ-жауап» әдісі: 
Сұрақтарды мұғалім қояды, ал оқушылар жұптасып, бір-бірін бағалайды немесе «+», «-» белгісін қойып отырады. Келесі нұсқамен жұмыс кезінде жауап беруші оқушы бағалаушыға айналады.(сұрақ-жауап арқылы оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергенін анықтау).
Бөстек дегеніміз не?
Адамдардың астына төсеуге арналған жұмсақ төсеніш.
Мес дегеніміз не?

Қымыз, шұбат, айран, іркіт сияқты сүт тағамдарын құюға арналған ыдыс.


Саба дегеніміз не?
Мал терісінен тігілетін ыдыс, ол қымыз, шұбат ашыту үшін пайдаланылады.
Бұлқыншақ дегеніміз не?
Жылқы терісінен жасалатын ыдыс.
Тарамыс дегеніміз не?
Теріден, көннен, былғарыдан жасалған бұйымдарды тігетін, ірі қараның сіңірінен алынған берік жіп-таспа.
Пышақ қынын кескенде қиындыларының есептеу үшін қандай пәнді қолданады? 
Бұйымның қабы қандай шикізаттардан жасалады?
Тігістің қандай түрлерін білесің?
Теріні илеу мен шикідей өңдеудің айырмашылығы неде? Олардан жасалатын бұйымдарды ата.
IV. Жаңа сабақты даярлау. Жапсырмалау өнері. Ою-өрнекті жапсырмалаудың технологиясы.
«Қызықты сұрақ» әдісі: 

Сыныпқа тақырыпты ашатын, бірақ жауабы қиындау сұрақ қойылады. Тапқан оқушыны мадақтап, ешкім таппаса жауабын мұғалімнің өзі айта отырып, сабақтың тақырыбын айтады. Сұрақтар: неліктен? Ол кім, бұл не? Сипатында болып келеді.


Өрнектің қандай түрлерін білесіңдер? Оларды ата. 
Өрнек бөліктерін қандай мақсатта жапсырмалаймыз?
Өнерді таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Қошқардың мүйізінен үйрендім.
Ә. Қастеев.
Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Біз сол өрнектердің негізгі элементтерін ғана таныстырып жапсырмалауға ұсынып отырмыз. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа, бір шебердің ұсталық, іскерлік мәнерінен екінші біреуге үнемі ауысып отырғандықтан, осы күні кейбір облыстардағы «қошқармүйіз» өрнегі бастапқы бейнесінен өзгергенін байқаймыз. «Ырғақ», «сағатбау», «түйетабан», «жүрекше», «қазтабан» деп аталатын әдемі өрнектер де кейбір облыс шеберлерінің орындауында түп нұсқасын жоғалтып жүр. Ертеден келе жатқан халықтық мұраны екшеп, тазартуды ойласақ, ең алдымен осындай бұрмалаушылықтан арылып, оны әдемілігіне жеткізе, жаңа түр, жаңа мазмұн бере дамытуымыз керек.
Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін қарт шеберлері екіге бөліп қарайды. Біріншісі – қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық өрнектері. Екіншісі – басқа халықтардан ауысқан жаңа туындылардың үлгілері.

Қазаққа ұлттық нақыш беретін оның өзіндік ою - өрнектері. 


Ұлттық ою - өрнектерді төрт топқа жатқызады:
1. Жан жануарлар тектес ою - өрнектер.
Қошқар мүйіз – қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, кілем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі.
Сыңар мүйіз – кең тараған ою - өрнек үлгісінің бірі. «Қошқар мүйіздің» тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейді. Сырмақ, текемет, киім-кешектердің жиегіне істетіледі.
Түйе табан – түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек. «Табақша өрнек» деп те аталады.
Түйе өркеш – түйенің қос өркешіне ұқсайтын өрнек. Әшекейленетін заттардың жиектеріне көбірек істетіледі. 
Қос қанатты – құстың қос қанатын кең жайып ұшқан бейнесіне ұқсайтын өрнек.
2. Гүл – жапырақ өсімдік тектес ою - өрнектер.

Гүл (жауқазын) – барлық гүлдің бірбеткей бейнесін бейнелейтін өрнек. 


Көбелек – қанатын еркін жайып, көсіле ұшқан гүлді көбелектің үлгісіндегі өрнек. Шай дорбаға, аяққаптарға істетіледі.
3. Космогониялық ою - өрнектер. 
Жұлдыз – аспандағы жыпырлаған жұлдыздардың натуралы қалпын бейнелейтін және бес жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнек.
4. Геометриялық ою - өрнектер.
Ботакөз – сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек.
Қарға тұяқ – қарғаның басқан ізінің үлгісіне ұқсатылып жасалған өрнек. Алаша, кілем тоқуда пайдаланылады.
Тұмарша – үшбұрыш үлгілес болып келетін өрнек. Бұйымдардың жиектерін, ортасын көмкеруде кездеседі.
Әр ою - өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді.
Сергіту сәті.

Видео ролик (ағаштан жасалған қолөнер бұйымдарына ою-өрнекті жапсырмалау өнері).


V Сарамандық жұмыс.
Белгілі бір бұйымға сауатты түрде өрнектерді ою үшін, оның мәнерін, ойылу ырғағын айыра білуіміз қажет. Осы мақсатта жапсырмалау өнері өрнектердің элементтерін нақтылы түрде сауатты өңдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, белгілі бір өрнектің бөлігін сызбаға түсіріп, мұғалімге тексертіп алғаннан кейін, ермексазбен өрнек үлгісін жапсырмалаймыз. Жапсырмалауды бірнеше тәсілмен орындауға болады, олар: өрнек қыры тікбұрышты 90°-та жапсырмалау; дөңес, жартылай домалақ түрінде; өрнек қыры тікбұрышты, беті ойық әдіспен және беті тегіс, ал шеті 45°-та еңіс күйінде жапсырмалау.

Белгілі бір әдісті таңдағаннан кейін, өрнек бөлігін арнаулы бір ұшқаттың немесе ДВП кесіндісінің үстіне, тіпті қатты қатырма қағаздың үстіне жапсырмалаймыз. Ол үшін, біріншіден, ермексаздың қажетті бөлігін үзіп алып, домалақтап ширатамыз да, мұғалім тексерген өрнек үстіне шекара сызығы бойымен орнықтырамыз. Жапсырмалау кезінде ермексаз болмаса, оны саз балшық алмастыра алады. Бірақ ол үшін саз балшықты бір тәулік тындырып қою керек. Мерзім бойынша тынбаған саз балшық икемге көнбейді. Жапсырмалау кезінде үшкір пышақ қажет.


Жапсырмалау кезінде құрал-саймандарды түгендеп ал.
Берілген сызбадан басқа өрнек бөліктерін өз бетіңше жапсырмала.
Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жіберілген қателерін көрсету.
Жасалған бұйымның нәтижесіне қарай бағалау.

Жаңа сабақты бекіту


«Өзіндік мысал» ойыны: 
Жаңадан өтілген тақырыпқа оқушылар өз мысалдарын келтіріп, өз тапсырмалары мен жорамалдарын дайындайды.
Қорытынды.
«Пайымдау сұрақтары» әдісі:
Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой-толғаныс жасауға итермелейтін сұрақтар қояды. Сабақта не маңызды болды, не қызық болды, жаңадан не білдіңдер, не үйрендіңдер т.с.с Бір сұраққа біренше оқушы жауап беруі мүмкін.
Ұлттық ою - өрнектерді неше топқа жатқызады?
Жапсырмалаудың қанша әдісі бар?

VII Үйге тапсырма. 


«Үйге тапсырманы талдау» әдісі: 
Мұғалім оқушылармен бірге бір сұрақты талдайды: жаңа материалды түсіну үшін үй тапсырмасы қандай болуы керек?
Қазақ халқының ою-өрнектерін басқа халықтардың ою - өрнектерімен салыстыру. Ағаш бетіне ермексазбен ою - өрнек жапсырмалау.

Қағаздан ою - өрнектерді қию әдістері


6 – сыныптар бойынша
Шеберлік сабағының тақырыбы: «Қағаздан ою - өрнектерді қию әдістері» (презентациясымен)

Шеберлік сабақтың мақсаты:


Оқушыларға қағаздан ою - өрнек қиюдың әдістерін үйрету, төл мәдениетін қастерлеуге баулу және оларды ұшқыр ой, әсемдік талғам, белсенді біліктілік, шеберліктерін дамытуға ықпал ету.

Білімділік: ою - өрнек өнері бойынша білімдерін тереңдету, қазақтың ұлттық ою - өрнек өнерінің ерекшеліктерімен таныстыру.


Дамытушылық: теориялық білімдерін жетілдіру, сарамандық жұмыс арқылы білімдерін көрсету.
Тәрбиелік: ою - өрнек түрлерін білуге үйрету, әсемділікке, еңбекке баулу арқылы эстетикалық танымын, ой - өрісін дамыту арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Ою - өрнектер, интерактивті тақта, қайшы, қағаз, өнер жайлы нақыл сөздер жазылған плакаттар т.б.


Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, сызу, математика, қазақ тілі т. б.

Сабақтың барысы:


Қазақтың ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды саласының бірі – қолөнері, оның ішінде ою - өрнек өнері болып табылады. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның «Қазақтар ою - өрнек әлемінде өмір сүреді», – деп айтқанындай, қазақ халқын айнала қоршаған зат, бұйымдардың қай - қайсысын алып қарасақ та, кез келгенінен ою - өрнек өнерінің элементтерін көреміз. Сол ою - өрнектер әсемдік пен сәндіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге ол халықтың арман - ойының, тілек - мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда, ою - өрнектердің мазмұндық ерекшеліктері сан алуан.
Техника қауіпсіздігінің ережесімен таныстыру.
Енді шеберлік сабағымызды бастаймыз интерактивті тақтаға назар аударамыз:

Күнделікті сабақ жоспары №26



Каталог: uploads -> doc -> 0479
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0479 -> Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет