Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау



жүктеу 1.17 Mb.
бет7/8
Дата13.09.2017
өлшемі1.17 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Пәні: технология

Күні:17.03.2015

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы:Маңызды көкөніс дақылдары. .

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік - тұқымды себер алдында даярлау туралы түсінік беру,бұрыш түрлерімен, бұрыштың тұқымдарын ажырату жолдарымен және өңдеу тәсілін,жылыжайлар туралы,оларды қалай дайындау керек екенін үйрету.Техникалық қауіпсіздік ережесін жетік білуге үйрету.

2.Дамытушылық – оқушылардың ой-өрісін кеңейту, білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру,эстетикалық талғамдарын дамыту;

3.Тәрбиелік – еңбек мәдениетіне,іскерлікке,ұқыптылыққа,өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу және өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау,түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: биология,химия,информатика.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,тұқымдар,бұрыш тұқымдары,тыңайтқыш түрлері.

Қажетті құралдар: интерактифті тақта,күрек, кетпен, тырма,тыңайтқыш, полиэтилен.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Бүгінгі сабақтың ерекшелігі теориямен практиканы байланыстыра өту;

2.Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.

ІІ.Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты пысықтау.

1.Сорт дегеніміз не?

2.Тұқым сапасына қандай талаптар қойылады?

3.Тұқымның өңгіштігін қалай анықтап бере аласың?

4.Тұқымның дымқылдануы неліктен болады?

5.Қуатты өсімдіктер дегенді қалай түсінесің?

6.Тұқымды сақтау ережесін айтыңдар?

7.Практикалық тапсырма :а)берілген тұқымдарды ажырату;

б)тұқымның өңгіштігін анықтау.

ІІІ.Жаңа сабақ:Теориялық бөлім.

Тұқымды себер алдында арнайы өңдеуден өткізеді.Сонда ғана тұқымның өніп-шығуына және өсімдіктердің одан әрі өсуіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етіледі.Осындай жағдаларды атап өтелік:1)ылғалды барынша сақтау,

2)арамшөмтерді отау,

3)өсімдіктің бойына қоректік заттар жинақтау,

4)топырақты су,ауа және жылу келуін қамтамасыз ететін күйге жеткізу,

5)дақылдардың зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жүргізу.

Мұндай шаралар топырақты тырмалау, өңдеу,культивациялау және тегістеу арқылы жүзеге асырылады.

Тырмалау арқылы топырақтың үстіңгі қабатын қопсытып,арамшөмтерді жоямыз. Ылғалдың бұға айналып,ұшып кетуін азайту үшін,егістіктің бетін тегістейді.

Бұл үшін ауыр,орташа және жеңіл тырмаларды пайдаланады.Ауыр тырмалар топырақтың беткі қабатын терең әрі күшті қопсытады.Тырмалардың түрін топырақтың жағдайына қарай таңдап алу.Тұқым сепкенге дейінгі культивациялаудың мақсаты тырмалаудың мақсатымен бірдей,яғни арамшөмтерден тазарту,ылғалды жинап,сақтау.Егер тырмалаған кезде топырақтың үстіңгі қабаты 4-7 см тереңдікте өңделіп, қопсытылатын болса, культивациялаған кезде 8-14 см тереңдікте өңделіп,қопсытылады.

Тығыз топырақтың су және ауа өткіштігі төмен болады,онда өсімдіктердің тамыр жүйесі нашар өсіп дамиды,тез сіңетін минералды қосындылар саны азаяды,микробиологиялық процестер баяу өтеді,сондықтан оны қопсыту керек.Тұқымның қалыпты өсіп-өнуі үшін су, жылу мен ауа қажет. Тұқымда суды өз бойына сіңіріп алатын заттар бар.Құрғақ тұқым ылғал тұқымға қарағанда суды көбірек сіңіреді.Тұқымға ылғал келмей қалса, оның өсіп-өнуі тоқтайды.Малалау топырақтың белгілі бір қабатын нығыздауға мүмкіндік береді,ал мұның өзі ылғалдың капилляр арқылы төменгі қабаттан жоғарғы қабатқа көтерілуін және дәннің нығыз болуын қамтамасыз етеді, сондықтан тұқымның өнгіштігі жоғары болады.Топырақтың құнарлығын ,егіннің өнімділігін арттыру үшін топыраққа органикалық және минаралды заттар қосады.Тыңайтқыш топырақтағы физикалық, химиялық және микробиологиялық процестерге әсер етеді.Ауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштар органикалық,минералдық бактериялық болып үш топқа бөленеді.




Органикалық :шымтезек , қи, көң , өсімдік шіріндісі,

құс саңғырығы.





autoshape 3

Тыңайтқыш



Минералдық :азот , фосфор , калий , әк , пеш күлі , құрамында калий мен әк бар.



autoshape 4


autoshape 5

Бактериялық

Минералдық тыңайтқыш көп қаржыны қажет етеді,сондықтан өз ауылымызда бақшаға органикалык тыңайтқыш пайдаланған жөн.

Бітік егін алынған жылы оның ішінен бірігей тұқымдарын таңдап алып, дұрыс сақтау, дер кезінде тұқымдық сапасын тексеріп, тұқым себуге жақсылап әзірлеу керек.Тұқымды тазалаудағы мақсат-оны әр түрлі қоспалардан тазарту,ал сорттаудың мақсаты-тазартылған дәнді тұқымға және азық-түлікке арнап бөлу.

Тұқым танап бетіне біркелкі себілуі тиіс.Себу кезінде тұқымның танап бетінде біркелкі орналысуы, қажетті тереңдікке сіңірілуі және нығыздалған топыраққа түсуі, өсіп шыққан сабақтақтар жиілігінің бірқалыпты болуы қажет.Дақылдардың себудің түрлі әдістері бар,олардың ең көп тарағаны-қатарлап себу.Ол жаппай ,тар қатарлы,таспалы, кең қатарлы және ұялап себу деп бөленеді.

IV. Сабақты қорытыңдылау. Жас бағбандарға кеңес.

1.Көкөністер егетін жерді әзірлеу.

2.Жерді тыңайту.

3.Дақылдарды егу.

4.Тұқымды әзірлеу.

5.Тұқымды себу мерзімі.

6.Тұқым себудің тереңдігі.

1001 ұсақ –түйек.

Тұқым себу.

Әсірісе ұсақ тұқымды себу кезінде мұқият болған жөн.

Ұсақ тұқымды ұшталған шыбықпен тайыздау қазған жүйекке себеді;

Тұқымды тым жиі салуға болмайды;

Жүйекке тұқымды салған соң оның бетіне 0,5 см қалындықта шіріген көң аралыстырылған топырақты салады да алақанмен нығыздау керек;

Соңсон оның үстіне тағы да 1-2см қалындықта көң не шымтезек себеді,бұл жүйекті тез кеуіп кетуден сақтайды.



V.Бағалау.Бүгінгі сабаққа білімдерін көрсетіп, белсенділікпен қатысқан барлық оқушыларды бағалау.

VI.Үйге тапсырма.

VII.Практикалық бөлім.

Тәуелсіздік алып ,Республика атанған сәттен бастап,еліміз өз таңдауы бойынша нарықтық экономикаға бет алды.Казіргі уақыттағы жаһандану кезіндегі нарықтың бір бөлігі болу үшін бізге тез арада жаңа жағдайларда бейімделіп,жаңа қағидаларға сүйенуіміз қажет болды.Соған орай үкімет ауылда орналасқан мекптерге жержәне техника тегін бөліп отыр.Біздің мектепке де жер берілген соңы игеру үшін тұқым себіп,көшеттер дайындау керек. .

1.Жартылай күрек жердің бетіңдегі топырақты аламыз.


ҮІІІ. Жұмыс орнын жинау.

1. Тігін машинасының түрлерін атаңыз. (қол машина,аяқ машина,электрлі машина,арнайы машина) 


2. Тігін машинасының жобасын ұсынған кім? (Леонардо да Винчи) 
3. Мата неден тұрады? (Талшықтан) 
4. Матаны ылғалды-жылумен өңдеу дегеніміз не? ( Матаны үтіктеу) 
5. Үтіктеу кезінде нені ескеру қажет? (Ереже) 
6. Қол тігісінің түрлерін атаңыз. (Көктеу,жөрмеу,көмкеру,тор тігісі,кесте

Компазиция дегеніміз не?

Тұрғын үй бөлмелерін атаңдар?

Салауатты өмір салты дегеніміз не?

Гигиена дегеніміз не?

1. Әжелерге арналған бас киім – кимешек

2. Ұлттық иық киім – шапан

3. Аналарға арналған бас киім – орамал

4. Қымбат, әрі бағалы бөрік – құндыз бөрік

5. Ежелгі аяқ киім түрі – шоқай

6. Ерлерге арналған белден төмен киілетін киім – шалбар.
Күнделікті сабақ жоспары №27

Пәні: технология

Күні: 01.04.2015

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы:Бөлме жағдайында көшеттер отырғызу.

Сабақтың мақсаты: 1)Білімділік: оқушыларға бөлме жағдайында көшеттер отырғызу туралы түсінік беру;
2)дамытушылық: оқушыларды жинақылыққа, жүйелілікке, ойды тұжырымдай білуге үйрету;
3)тәрбиелік: еңбек мәдениетіне, ұқыптылыққа, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: бөлме өсімдіктерінің түрлері буклет, слайд
Пәнаралық байланыс: биология
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) сабаққа қатысуын бақылау: жоқ оқушыларды белгілеу, кезекшілерді анықтау, құралдарды тексеру.
II. Өткен материалды еске түсіру
а) үй тапсырмасын сұрау: сұрақ-жауап
ІІІ. Жаңа сабақ.
Көкөніс өсімдіктерін бөлме жағдайында бірнеше тәсілдермен өсіруге болады: ұрықты тұрақты орынға себу арқылы, көшет отырғызу арқылы, әрі қарай аяғына дейін өсіру арқылы және т.б. Бұдан бөлек, бақша учаскесі үшін көкөніс дақылдары көшеттерін өсіруге де болады.

Көкөніс өсімдіктерінің түрлері. Бөлме жағдайында өсірілетін көкөніс өсімдіктерін бірнеше топқа топтастыруға болады:
– жеміс беруші: қияр, қызанақ, ащы және тәтті бұрыш.
– пиязды: түйінді пияз, жуан пияз.
– қырыққабаттық: түсті қырыққабат, пекин қырыққабаты.
– біржаздық жапырақты: салат жапырағы, жапырақты горчица, кресс салат шпинаты, аскөк, қияр шөбі.
– татымды дәмді біржылдық: базилик кориандр, жебір.
– тамыржемісті: салатты шашыратқы, ақжелкен, сельдерей, аспаздық қызылша, мангольд.
– көпжылдық: рауғаш, қояншөп, қымыздық,  пияз-батун және  шнитт, сондай ақ татымды дәмді көпжылдықтар: эстрагон, бұрышты жалбыз,  қысқы жебір, фенхель, зере.
Көкөніс өсіруде орын, уақыт пен өсіру тәсілін таңдау олардың жарықсүйгіштігіне байланысты. Бұл ретте көкөніс өсімдіктерін  3 топқа бөледі:

1) жарықты көп мөлшерде қажет ететіндер – бұл ұрық егу арқылы өсірілетін барлық өсімдіктер (қияр, қызанақ, бұрыш, салат, пекин қырыққабаты), сондай ақ ашық топырақта өсетін көшеттер;

2) жарықты аз мөлшерде қажет ететіндер – қайта отырғызып,  әрі қарай аяғына дейін өсіретін көкөніс дақылдары;

3) жарықты қажет етпейтіндер – қараңғыда өсірілетіндер – қояншөп, рауғаш, салат  цикориясы.



V. практикалық жұмыс:Бөлме жағдайларына көшеттер отырғызу

Құрал-жабдықтар. Көкөністерді өсіру үшін аса қолайлысы – жәшік. Оларды қайың мен шырша ағашынан немесе қалыңдығы 1,5-2 см, биіктігі 12-15 см, ені  20 дан 35 см ге дейін  болатын тақтайшалардан жасайды. Жәшіктің ең қолайлы ұзындығы 40-50 см. Стационарлы жәшіктерді терезе алдына және  балконға ұзыннан ұзақ жасаған дұрыс. Су ағыны үшін жәшік түбіне диаметрі 1,5-2 см, арасы 15-20 см болатын екі тесік жасайды. Жәшіктің түбіне ол тұғырықта нығыз тұруы үшін көлденең тақтайшалар қағады. Тұғырықты жәшікке қарағанда 2-3 см кең әрі ұзын жасайды. Жәшікті балкон қоршауымен бекітеді, терезе алдына, үстелге, тіреуге қояды, контейнерге іледі.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

  • Көкөніс өсімдіктері неше топқа бөлінеді

  • Көкөніс қсімдіктерінің түрлерін атаңдар?

Ү. Сабақты қорыту. Бүгінгі сабақта бөлме жағдайында көшеттер отырғызуды білдік енді өздерің қалаған өсімдіктеріңді бөлмелеріңе отырғызуларыңа болады.
ҮІ. Үйге тапсырма. Үйде көшеттер отырғызу.
ҮІI. Оқушының білімін бағалау. Баға қою.
ҮІІІ. Жұмыс орнын жинау.
Күнделікті сабақ жоспары №28

Пәні: технология

Күні: 07.04.2015

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы: Топыраққа көшіріп отырғызу.

Сабақтың мақсаты: 1)Білімділік: оқушыларға бөлме жағдайында көшеттер отырғызу туралы түсінік беру;
2)дамытушылық: оқушыларды жинақылыққа, жүйелілікке, ойды тұжырымдай білуге үйрету;
3)тәрбиелік: еңбек мәдениетіне, ұқыптылыққа, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: биология
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) сабаққа қатысуын бақылау: жоқ оқушыларды белгілеу, кезекшілерді анықтау, құралдарды тексеру.
II. Өткен материалды еске түсіру
а) үй тапсырмасын сұрау: сұрақ-жауап
ІІІ. Жаңа сабақ.
Көкөніс өсіруде орын, уақыт пен өсіру тәсілін таңдау олардың жарықсүйгіштігіне байланысты. Бұл ретте көкөніс өсімдіктерін  3 топқа бөледі:

1) жарықты көп мөлшерде қажет ететіндер – бұл ұрық егу арқылы өсірілетін барлық өсімдіктер (қияр, қызанақ, бұрыш, салат, пекин қырыққабаты), сондай ақ ашық топырақта өсетін көшеттер;

2) жарықты аз мөлшерде қажет ететіндер – қайта отырғызып,  әрі қарай аяғына дейін өсіретін көкөніс дақылдары;

3) жарықты қажет етпейтіндер – қараңғыда өсірілетіндер – қояншөп, рауғаш, салат  цикориясы.

Тұрғын үйдің бір жерінен қайталап, сатылап және нығыздағышты пайдалана отырып егу арқылы жыл бойына ұдайы көкөністер алуға болады. Біржаздық және қайта өсіретін өсімдіктерді бір орында бірінен кейін бірін егу арқылы немесе бір мезгілде, бірақ әртүрлі орындарда өсіруге болады. Оларды сол ыдысқа өнімді жинап алғаннан соң қайта егеді. Бұндай әдіс бір жерден 3-6 рет өнім алуға мүмкіндік береді. Салат жапырақтарын, қыша жапырақтарын, кресс-салат шпинатын, аскөкті және т.б. қайталап себе береді. Егу мен жинау арасындағы аралық қайталап себу күнін (15-40 күн шамасында)  анықтайды.

Барлық жарық сүйгіш көкөніс өсімдіктерін терезеге жақын жерге, терезе алдының ішкі және сыртқы жағына, балконға, дәліз бен лоджияға орналастырады. Көкөніс өсіру үшін тұрғын үйдің терезе алдындағы жарық алаңын пайдалану ұзақтығы 6-9 айды құрайды (қазан – мамыр – маусым), балкон мен лоджияда 5-6 ай (сәуір – қазан). Дәлізде көкөністерді ерте көктемде (сәуір-мамыр) және күзде (қазан, қараша) өсіреді.

Ең қиыны – күз бен қыстың қысқа әрі бұлтты күндері (қараша-ақпан) көптеген жарықсүйгіш көкөніс өсімдіктерін жарықтандыру. Бұл кезеңде жасанды жарықтандыру арқылы өсіруге болады.
V. практикалық жұмыс:топыраққа көшіріп отырғызу

Құрал-жабдықтар. Көкөністерді өсіру үшін аса қолайлысы – топырақ. Топырақты алдымен өндеп, ылғалды топыраққа бөлмеде өсіп тұрған өсімдіктерді отырғызамыз. Әр өсімдіктің өзіндік жекелей күтімдері бар.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.


  • Топыраққа көшіріп отырғызу үшін алдымен не істеу керек?

  • Көкөністерді өсіру үшін алдымен не дұрыс болу керек?

Ү. Сабақты қорыту. Өсімдіктерді көшіріп отырғызу туралы білдік.
ҮІ. Үйге тапсырма. Үйде көшеттер отырғызу.
ҮІI. Оқушының білімін бағалау. Баға қою.
ҮІІІ. Жұмыс орнын жинау.

Күнделікті сабақ жоспары №29



Пәні: технология

Күні: 14.04.2015

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жобаны таңдау және негіздеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шығармашылық жоба барысында өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе білуге, іскерлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Дамытушылық: Күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай жаңа бұйым жасап шығару, 
Тәрбиелік: Ұмыт болған халқымыздың қолөнерін жандандыру. Оны жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білуге үйрету, тұтыну бұйымдарын еңбек объектісі ретінде пайдалана отырып, танып білу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап

Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) сабаққа қатысуын бақылау: жоқ оқушыларды белгілеу, кезекшілерді анықтау, құралдарды тексеру.
II. Өткен материалды еске түсіру
а) үй тапсырмасын сұрау: сұрақ-жауап
ІІІ. Жаңа сабақ.
Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл бойы мұғалімнің көмегімен орындайтын , өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмысы. Әрине жасалатын жобаның сапасы сенің біліктілігіңе, технология пәнінен алған біліміңе, оқулықтағы материалды қалай меңгергеніңе тікелей байланысты.

Жоба әр түрлі бөлімдерден, арнайы сызбалардан, суреттерден, нобайлардан және жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымды жасаған кезде есептер, экономикалық немесе экологиялық дәлелділік, түсінік хаттар да пайдаланылады.

Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың т.б. көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды.

Бұл жағдайда оқушы жобаны қалай дәлелдейді? Ол үшін әр оқушы өзінің жасайтын жұмысын таңдау қажет.


Сонымен, шығармашылық жоба бұл оқушының мұғалімнің басқарумен орындалған өзіндік шығармашылық (жоба) жұмысы.

Шығармашылық жобаны орындау жүйесі

1. ұйымдастыру, дайындық, кезеңі.
- Проблеманы шешу;
- Үлгі таңдау. Жасалатын бұйымның үлгі сұлбасын сызу, суретін салу;
- Материалдар мен керекті - құрал жабдықтар дайындау;
- Жұмыс орнын ұйымдастыру.
2. Техникалық кезең.
- Техникалық жұмыстарды орындау;
- Еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтау, .
3. Қорытындылау кезеңі жүйелеу.
- Дайын бұйымды бағалау;
- Шикізат шығынын есептеу;
- Шығармашылық жобаны қорғау.

4. Шығармашылық жобаға қойылатын негізгі талаптар.


- Өзіндік қызығушылығы;
- Әлеуметтік - экономикалық жағдайдың сәйкестігі, күрделілігі, 
- Оқу кабинетінің материалдық техникалық базасына сай болуы;
- Өзіндік кәсіптік айқьшдалуы;
- Өз мүмкіндігін ескеру;
- Өз өнімдерін іске асыру, тұтыну.
5. Жобаны жарнамалау.
- Өнім белгісі;
- Өндірістің аты;
- Бұйымның аты, қолдану;
- Жарнамалау.
6. Шығармашылық. жобаны қорғау
- Оқушы өзінің дайындаған шығармашылық жобасын қорғап, жұмысын қорытындылайды.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

  • Шығармашылық жобаға қойылатын талаптарды атаңдар?

  • Жобаны жарнамалау дегеніміз не?

  • Техникалық кезеңдерді атаңдар

  • Дайындық кезеңін атаңдар

Ү. Сабақты қорыту. Біз бүгін жоба дайындау туралы білдік.
ҮІ. Үйге тапсырма. Үйден шығармашылық жобаға дайындалып келу.
ҮІI. Оқушының білімін бағалау. Баға қою.
ҮІІІ. Жұмыс орнын жинау.

Күнделікті сабақ жоспары №30



Пәні: технология

Күні: 21.04.2015

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы: Кілемше жасау.

Сабақтың мақсаты: 1)Білімділік: кілемше тоқуды ң әдіс-тәсілдері туралы түсінік беру;
2)дамытушылық: жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу, шығармашылық белсенділігін арттыру ;
3)тәрбиелік: еңбек мәдениетіне, еңбекқорлыққа үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, тарихымен таныстыру, тоқылу технологиясын көрсету, олардың түрлері мен әдіс-тәсілдерін үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: қолөнер туындылары, шикізат түрлерінің нұсқау картасы, буклет, кітаптар, журналдар.
Пәнаралық байланыс: тарих, математика, бейнелеу өнері, сызу.
Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
    • Оқушылармен сәлемдесемін;
    • Оқушыларды түгендеймін;
    • Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
    • Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.
    Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
    III. Жаңа сабақты түсіндіру
    Үй жасауы — кілем» дейді халық. Кілем — жайсаң төсеніш, ілсең сән. Осындай ел аузына ілінген асыл қасиетін ол әлі де сақтап келе жатқан бағалы зат. Осындай қиын да қызықты өнер қазақтың топырағында бұдан мың жылдар бұрын, қарапайым халық өнерпаздарының ой қазынасынан шығып, шебер қолдарымен тоқылатын.

    Қазақстан облыстарында кездесетін кілем түрлері де, атаулары да көп. Көне заман деректерінде де олар тап осы күнгі аттарымен аталады. Мысалы, бұқар кілем, жол кілем, жолаң кілем, жібек кілем, масаты кілем, мақта кілем, қалы кілем, қара кілем, құлпырма кілем, тақыр кілем, түкті кілем, ақ сирақ кілем, алаша кілем, Әндіжан кілемі, түрікмен кілемі сияқты көптеген атаулардың өзі-ақ қазақ халқының кілем тоқумен ертеден таныс екенін және кілемнің әр жерде әр түрлі мәнерде жасалғандығын аңғартады.

    Кілем өрмегін «аспалы өрмек» немесе «кілем өрмегі» деп атайды. Соған қарай кілемнің бой жіптері де жоғарыдан төмен қарай кейде 3, кейде 4 бет болып тізіледі. Оның арқауы түйе жүні аралас (кейде шуда аралас) мақтадан, жібектен әрі мықты, әрі жуандау етіліп иіріледі. Бой жіптермен қатарлас тұратын түк және өрнек жасаушы жіптер қойдың биязы жүнінен, түйенің жүнінен өзге жіптерден көрі бостау иіріледі. Кейде бұл жіптер бой жіптердің үстінде арнаулы күзеулерде бос тұрады. Оны кілем тоқушы шебер өз керегіне қарай суыртпақтап отырып арқау мен бой жіптерге іліп отырып түр жасайды.

    Әдетте түкті кілемді 2—3 шебер қатар отырып тоқиды. Шебер өз-өзінен тез суырылатын етіп домалақтаған өрнек жасаушы түк жіптерін санап, оның тұтас еніне жеткенше бір-ақ шалып шығады да, кесермен қиып, адарғы тарақпен арқауға бастырта қағады. Осылай бір қатарды салып, оны өрнектің нұсқасына қарай кесіп алған соң тағы да арқауға бастыра адарғы тарақтың тістерімен нықтайды. Бұл арада бойлардың ерсісі мен қарсысы ауысып тоқылып отырады. Осы әдіспен ені 2—3,5 м, ұзыны 3,5—4 м кілемді 2 адам бір айдың ішінде тоқып шығарады.

    Кілемше теріліп тоқылатын бұйымдардың жіптері көп түсті бояумен боялады. Кілем өрнегінде, әсіресе, қызыл фонға қара, көк, сары және ақ түсті өрнектер көбірек жүргізіледі, кейде тіпті негізгі бір түстің бір-біріне жақын бірнеше өңдері де қолданылады. Мұндағы кілем өрнектері әр түрлі. Сол көптеген өрнек түрлерінің әрқайсысының аттарын кілемшілер жақсы біледі. Кілем өрнектерінің ішінде жануарлар бейнесін немесе олардың жеке мүшелерін суреттейтін оюлар да көп. Мәселен, «қошқар мүйіз», «сыңар мүйіз», «иттабан», «көбелек» және т. б. Мұнымен бірге геометриялық ернектер де кездеседі (ирек, тұмарша, төрт бұрыш және т. б.).
    практикалық жұмыс.
    • Жұмыс киімін киеміз;
    • Кергішті үстел бетіне дұрыс орналастыру;
    • Қайшыны құрбыңа үшкір жағымен ұсынба;
    • Алдымен кергішті алдымызға алып, негізгі жіпті бос тастап, дұрыс отырамыз;
    • Тоқылу әдісі кергіш бетінде оңнан солға қарай жүргізу арқылы және солдан оңға қарай жүргізу арқылы орындалады;

Каталог: uploads -> doc -> 0479
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0479 -> Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет