Сабаќтыѕ таќырыбы: Ќазаќстанныѕ ќорыќтары



жүктеу 63.95 Kb.
Дата07.03.2018
өлшемі63.95 Kb.
түріСабақ

«№3 жалпы орта білім

беретін мектеп-кешен» КММ

қазақ тілі мұғалімі

Дәлелқызы Айгүл

қазақ тілі 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қорықтары.

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның қорықтары туралы мағұлматтар беру.

Сабақтың міндеттері:

1. Қазақстанның қорықтары жайлы түсіндіру. Жаңа сөздермен оқушылардың сөздік қорын дамыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

2. Есімдікті қайталау, оның түрлерін ажырата білу.

3. Табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны сүюге шақыру, экологиялық тәрбие беру.


Сабақтың жабдығы: Қазақстанның қорықтары, ұлттық саябақтары, сөзжұмбақ, бейнематериал, тест, слайд.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, баяндау әдісі.

Пәнаралық байланысы: жаратылыстану, география.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

Ендеше бүгінгі сабағымызды табиғат тақырыбына арнаймыз.

Психологиялық дайындық
Табиғатты сүю парыз,

Сүю үшін – білу парыз.

Қасиетін ұғу парыз,

Күзетінде тұру парыз.

М.Әлімбаев.

II. Үй тапсырмасын тексеру. Алдымен үй тапсырмасын пысықтап алайық, ол үшін тест тапсырмаларын орындаймыз.

Кіріспе әңгіме.

Ендігі назарымызды жаңа сабаққа аударайық.

Қорық – ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорық аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Саны сиреп бара жатқан жануарлар мен қоры азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді. Қазақстанда Ақсу-Жабағылы қорығы, Алматы қорығы, Барсакелмес қорығы, Қорғалжын қорығы, Марқакөл қорығы, Наурызым қорығы, Үстірт қорығы, Алакөл, Батыс-Алтай қорықтары бар. Қазақстан Қызыл кітабы біздің елде 1978 жылы ұйымдастырылған осының негізінде 9 қорық.

(Қорықтар туралы мәлімет) слайд.



IV. Сөздік жұмысы: Бүгінгі сабағымызда танысатын жаңа сөздерге назар аударайық.

1. Сөздерді оқушыларға оқыту. Енді осы сөздерден сөз тіркесін құрайық.



Ағады – течет

Сілеусін – рысь

Лашын – коршун

Долана боярышник

Көкқұс – синяя птица

Қарақұс – могильник

Шіл – куропатка

Ұлар – улар

Қорғау – защищать

Жусан – полынь

Селеу – ковыль

Көктерек - осина

V. Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс жасаймыз.

1) 1-тапсырмадағы мәтінді оқушылар тізбектей мәнерлеп оқиды, сұрақтарға жауап беру.

(Мәтінді тыңдату). (сұрақ арқылы талдау).

1. Ақсу-Жабағылы қорығы қашан ашылған?

(Ақсу-Жабағылы қорығы) слайд.

1) 2-тапсырма. Мәтінді және берілген мәлметтерді пайдаланып Алматы және Қорғалжын, Батыс Алтай қорықтары туралы әңгімелеңдер.


Қорықтар







Алматы қорығы




Қорғалжын қорығы




Батыс Алтай қорығы

Салынған жылы







1931




1959




1992

Аңдар мен құстар







Елік, марал, барыс, сілеусін, қоңыр аю, қаршыға, кекілік, қырғауыл, құр



Шағала, қоқиқаз, аққу,

үйрек, қаз, дуадақ, түлкі, қарсақ, суыр





Қуқаз, балықшы тұйғын, аққу, сүңгуір үйрек, көксуыр

Өсімдіктер







Сексеуіл, жусан, сораң




Жусан, қамыс, селеу, құрақ



Алтай шыршасы, бәйшешек, қызғалдақ

2) 3-тапсырма. Келесі тапсырмамызда тірек білімдерімізді пайдалана отырып, Қазақстан қорықтарын қай жерде орналасқанын айтайық.




3) Келесі тапсырма берілген сөз тіркестерін пайдалана отырып,

сұрақтарға ауызша сөйлем құрайық.




Қазақстан қорықтары қандай мақсатпен ашылған?



табиғат байлықтарын бастапқы қалпына келтіру (вернуть природу в первоначальное состояние)

табиғатты келешекке сақтап қалу (сохранить природу для будущего)

табиғат өзгерістеріне бақылау жасау (контролировать изменения в природе)


4) Кестені толтыру. Есімдіктерін септеңдер.

Септік

Біреу

Сіз

Бәрі

Атау

Ілік

Барыс

Табыс

Жатыс

Шығыс

Көмектес










5) Сөздердің аудармасын табыңдар. Сәйкестендіру сызбасы арқылы көрсетейік.

шалғын

асқақ


сілеусін

қорық


рысь

заповедник

луг

величавый



6) Сөзжұмбақ шешу. Мына сөзжұмбақты шешейік.

7) Топтастыру. Сонымен бүгінгі аталған қорықтарды топтастырайық.



VI. Сабақты қорытындылау.
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты бекітіп, қорытындылау.
VIII. Рефлекциялық бағалау кезеңі. Бүгінгі сабағымызда белсенділігімен көзге түскен оқушыларды бағалаймыз.
IX. Үйге тапсырма беру. Үй тапсырмасы тақтада көрсетілген.

56- беттегі 5- тапсырманы орындау, жаңа сөздерді жаттау.

Тест сұрақтарына жауап беріңдер.



  1. Белгісіздік есімдігін табыңдар.

а) біреу

ә) анау


б) бәрі

2. Есімдіктердің түрін анықтаңдар: бәрі, бүкіл, барлық.

а) сілтеу

ә) белгісіздік

б) жалпылау

3. Қай есімдіктің түрі септеледі?

а) сұрау

ә) сілтеу



б) белгісіздік

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет