Жұмбақтарды шешу арқылы оқушы ойын дамытып және жаңа сабақтың тақырыбын ашамын.Жауабын суреттер арқылы табамыз.
2. Күміспенен апталған
3. Қомағайлық жасайды,
ІІ –топ «Қосмекенділер»
Топ жетекшісі: Н.Молдабекова. Қосмекенділер суда да, құрлықта да тіршілік етуге бейімделген жануарлар түрі. Қосмекенділердің көбісінің екі жұп аяғы бар. Құйрықсыз құрбақа мен көлбақаның артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда жақсы дамыған. Күшті артқы аяқтары арқылы секіріп қозғалады.
ІІІ – топ «Жорғалаушылар»
Топ жетекшісі: Ә.Нартайұлы. Жорғалаушылар – бауырмен жорғалап қозғалады. Жорғалаушыларға кесірткелер, жыландар,
тасбақалар, қолтырауындар т.б жатады
. Ең ірі тобы кесірткелер. Көбінің ұзындығы 20 см- ден аспайды Жыландардардың аяғы жоқ. Денесін ирелеңдетіп қозғалады. Денесінің ұзындығы 1-2 метрдей. Ал таспақаның арқасында қосымша қатты, сүйекті сауыты бар. Сұр келес. Қазақстанда өте сирек кездеседі. Ұзындығы 1,5 метр. Шабуыл жасар алдында аузын ашып, қатты ысылдар құйрығын арлы-берлі қозғалтады. Тез жүгіреді.
/Әр топ қарсыласын «Екі жұлдыз ,бір ұсыныс» арқылы өз ойлар айтып,алдағы уақытқа ұсыныстарын білдіреді./
Мәтінмен жұмыс /оқулықтағы
мәтінді оқушыларға оқып,түсіндіріп беремін.Кейбір қызықты жерлерін оқушыларға тізбектетіп оқытамын. Мәтінде кездескен жәндіктер мен жорғалаушыларды өздері айтып түсіндіріп отырады./
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту /оқулықтағы мәтін бойынша пысықтау сұрақтары арқылы оқушының білімдерін тексеріп,бағалаймын/
3/ Топтық жұмыс. /оқушыларға мәтінде кездескен жәндіктер мен жануарларға
постер қорғауға тапсырма беремін.Тапсырманы орындап
болған топ жұмысын алып,өз ойларын дәлелдейді.Бұл әдіс оқушыны топ алдында еркін сөйлеуге,шығармашылық тапсырмаларда белсенділік танытуға үйретеді /
Жұптық жұмыс /үш топқа берілген тапсырмаларды екеу ара отырып орындайды./
1. тапсырма
І топ – балықтардың түрлері.
ІІ топ – Қосмекенділердің басқаша атауы.
ІІІ топ – Жорғалаушылардың екінші атауы.
2. тапсырма
І топ – балық қалай тыныс алады.
ІІ топ – балықтың пайдасы.
ІІІ топ – балықтардың көбеюі, қоректенуі.
Сергіту жатығулары
Шығармашылық тапсырма.
Дәптермен жұмыс. Суретке қарап,еліміз үшін балық қорының маңызын түсіндіреді.
V. Бекіту кезеңі: Қорытындылау /оқушыларға жылдам сұрақтар беріледі . Егер оқушы түсінген болса ол тез жауап береді.Түсінбеген оқушыға қосымша тапсырмалар беремін./
ҮІ. Бағалау /бағалау кезінде смайлинктерді пайдаланамын. Және екі топ бір-біріне жақсы тілектер айту арқылы тарасады./
Өте жақсы Жақсы Үйренеміз
VІІ .Үйге тапсырма беру кезеңі: 108-109 бет оқу, мазмұнын айту.