Сабақтың тақырыбы: Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа қайта сап құру және керісінше



Дата05.12.2018
өлшемі40.5 Kb.
#56657
түріСабақ

«Бекітемін»

______________



Сабақтың тақырыбы: Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа қайта сап құру және керісінше

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қару мен қарусыз сапта орындалатын, бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа тұру әдістерін үйрету.

Типі: жаңа материалды меңгерту

Түрі: практикалық сабақ

Әдісі: бөлімшемен,топпен саптық жаттығуды көрсету,қайталату

Көрнекілік құралдар: саптық стенд,жеке дара саптық жаттығуларға арналған айналар


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



II. Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі

  • орнында тұрғандағы және қозғалыстағы бұрылыстар қалай орындалады?

  • саптық және жорықтық адым қай кезде қолданылады?

  • жорықтық адымнан саптық адымға көшу үшін қандай пәрмендер беріледі?

  • жекеленген әскери қызметшілер қатарындағы бірнеше адым жерге орын ауыстыру үшін қандай пәрмендер беріледі?

  • саптық тұрыс қалай және қай уақытта орындалады?

  • саптық тұрысты орындау үшін қандай пәрмендер беріледі?


III.Өтілген саптық жаттығуларды қайталау,пысықтап бекіту

- жеке


- топпен

- бөлімшемен


IV.Жаңа сабақ


Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа қайта


сап құру және керісінше.

Бөлімшенің жазылма сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін.

Бөлімшені бір қатарлы (екі қатарлы) сапқа тұрғызу: «Бөлімше, бір қатарға (екі қатарға) – саптан пәрмені бойынша жүргізіледі.

Саптық тұрысты қабылдап және пәрмен беріп, бөлімшенің командирі сапқа тұрудың маңдай шебіне қарама – қарсы тұрады; бөлімше штатқа сәйке командирден солға қарай сапқа тұрады.

Сапқа тұру басталғанда, бөлімшенің командирі саптан шығады және бөлімшенің сапқа тұруын қадағалайды.

Төрт және одан да аз бөлімше әрқашан да бір қатарға тұрады.

Бөлімшені орнында түзету үшін «Түзел!» немесе «Солға түзел!» пәрмендері беріледі.

«Түзел!» пәрмені бойынша оң жақ шетте тұрғаннан басқасының барлығы бастарын оңға бұрады.

«Аяққа» күйіндегі карабинмен түзелу кезінде, сонымен қатар орындалатын пәрмен бойынша сүңгі өзіне беріледі және оң бүйірге қысылады.

Түзелу аяқталған соң әскери қызметшілердің барлығы бастарын жылдам тік ұстайды, ал карабиндер бұрынғы күйге келтіріледі,

«Тіктел!» пәрмені беріледі.

Бөлімше артқа бұрылған кезде пәрмен бойынша түзелу жағы көрсетіледі.

Мысалы: «Солға (оңға) – түзел!».

Бөлімшені бір қатардан екі қатарға сапқа тұрғызу үшін алдын – ала «Бөлімше, бірінші және екіншіге – санал!» пәрмені бойынша бірінші және екінші болып санау жүргізіледі. Осы пәрмен бойынша, оң жақ қапталдан бастап әскери қызметші кезек бойынша жылдам өзінің сол жағында тұрған әскери қызметшіге қарай басын бұрып өзінің нөмірін айтады және басын тез тік ұстайды; сол жақ қапталдағы басын бұрмайды.

Жалпы нөмірлеу «Бөлімше ретімен санал!» пәрмені бойынша жүргізіледі. Қатардың сол жақ шетіндегі тұрған санау аяқталғаннан кейін «Санақ бітті!» деп баяндайды.

Екі қатарлы сапта екінші қатардың сол жақ шетіндегі тұрған санау аяқталғаннан кейін «Толық!» немесе «Толық емес!» деп баяндайды.

Содан соң «Бөлімше, екі қатарға – сапқа тұр!» пәрмені беріледі. Орындалатын пәрмен бойынша екінші нөмірлер сол аяқтан бастап артқа бір адым жасап, оң аяғын қоймастан бірінші нөмірдің ту сыртында тұру үшін оңға бір адым жасайды және сол аяғын қояды.

Бөлімшенің өз орнында екі қатарлы тығыз саптан бір қатарлы сапқа тұруы үшін бөлімше алдын ала бір адымға сиреңкірейді, содан кейін, «Бөлімше, бір қатарға – сапқа тұр!» пәрмені беріледі.

Орындалатын пәрмен бойынша екінші нөмірлер сол аяғымен солға қарай бір адым жасап, оң аяғын қоймастан алға бір адым жасайды және сол аяғын қойып,біріншілердің сызығына шығады.

Артқа бұрылу үшін орындалатын пәрмен оң аяқты жерге қоюмен бір мезгілде беріледі. Осы пәрмен бойынша сол аяқпен тағы да бір адым жасап, оң аяқты алға қарай жарты адым созу керек және біршама солға және сол қол жаққа қарай екі аяқтың ұшымен шұғыл бұрылып, қозғалысты сол аяқпен жаңа бағытта жалғастыру керек.

Бұрылыс кезінде қолмен қозғалыс жасау адымның ырғағымен жүргізіледі.

V.Өздігінше жұмыс

- жеке

-топпен


-бөлімшемен

VI. жаңа сабақты бекіту

1.Бөлімшенің бір немесе екі қатарлы сапқа тұрғызу қандай пәрмен бойынша жүргізіледі?

2.орнында тұрғандағы және қозғалыстағы бұрылыстар қалай орындалады?

3.саптық және жорықтық адым қай кезде қолданылады?

4.қозғалыстың жылдамдығы немесе қозғалысты тоқтату қандай пәрмендер бойынша өзгереді?

5.қозғалыстағы бұрылыстар қандай пәрмендер бойынша орындалады?



VII.Бағалау

VIII.Үйге тапсырма
Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет