Сабақтың тақырыбы: «Бұлшық ет»
Сабақтың мақсаты
Білімдік: 1. Бұлшық еттердің маңызы, түрлері туралы ұғымын тереңдетіп, бұлшық еттің атқаратын қызметі туралы қарапайым мәлімет беру.
2. Сарамандық жұмыстар жүргізе отырып, оның нәтижесі туралы ой
тұжырымдауға үйрету.
Тәрбиелік:Дене сымбатын, бұлшық етті дамыту үшін салауатты өмір салтын
ұстану қажеттігін оқушы санасына сіңіру, спортқа қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық:
Шығармашылық қиялын, ой-өрісін, есте сақтауын, талдау, жинақтау қабілеттерін дамыту.
Әдістер: Ізденушілік, зерттеушілік, сарамандық, көрнекілік.
Көрнекіліктер: Сызбанұсқалар, слайдтар.
Техникалық жабдықтар: Компьютер, проектор.
Сабақтың типі: Жаңа білімді түсіндіру сабағы.
Сабақтың формасы: Жеке дара, жұптық, топтық, ұжымдық.
Достарыңызбен бөлісу: |