Сабақтың тақырыбы: Электронды кестеде есептеулер жүргізу Сабақ мақсаттары



жүктеу 139.3 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі139.3 Kb.
түріСабақ

Айгелдиева Маржанкул Сарсеновна

Қызылорда облысы,Қазалы ауданы

70 Жанқожа батыр атындағы мектептің



информатика пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Электронды кестеде есептеулер жүргізу

Сабақ мақсаттары:

Оқытушылық: Microsoft Excel электрондық кестесінде есептеулер жүргізу, Excel-дің есептеулерге арналған фунцияларын пайдалану

Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген сүйіспеншілігін дамыту, компьютерлік мәдениеттілікке тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, бизнес-жоспар құра білу, өз бетімен жұмыс жасай білу қасиеттерін дамыту

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру (5 мин)

  1. Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру

  2. Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру

  3. Оқушылармен амандасу

  4. Оқушыларды түгендеу

  5. Сабақтың мақсатымен таныстыру

  6. Көңіл-күйлерін анықтау

  7. Рефлексия өткізу

Үй тапсырмасын сұрау (25 мин)

Біздің қазіргі өтіп жатқан курс тақырыбымыз «Кестелік процессорлар». Ендеше осы қолданбалы бағдарлама бойынша білімдеріңді тексеру үшін «Интеллектуалдық казино» ойынын ойнайық. «Интеллектуалдық казино» екі бөліктен тұрады:




  1. Рулетка

  2. Голдфишка

«Рулетка» ойынының шарты мынадай: Әрқайсыларың бір мезгілде рулетканы айналдырасыңдар да, стерлкасы басып, тоқтатасыңдар. Стрелка қай ұяшықты көрсетсе, сол жақтағы сәйкесінше ұяшықты ашып, ішіндегі сұраққа жауап бересіңдер.

«Голдфишка» ойынында әр фишканы басып, пайда болған сөздердің анықтамасын айтуларыңыз керек.



«Интеллектуалдық казино» ойыны



  1. 80-ші жылдары біздің елімізде MS DOS жүйесінде жұмыс істеген кестелік процессорларды атаңыз. (Lotus 1-, 2-, 3- Lotus Development фирмасының және SuperCalk Computer Essociates фирмасының)

  2. Exсel-де жасалған құжаттың кеңейтілуі (xls)

  3. Exсel-де әрбір жұмыс кітабында әрқайсысы жұмыс парағы деп аталатын неше электронды кестелер бола алады? (1 ден 255-ке дейін)

  4. Суреттегі сандармен белгіленген элементтерді атаңыз:

  5. Exсel кестелік процессорындағы жолдардың максималды саны (65536)

  6. Exсel кестелік процессорындағы бағандардың максималды саны (256)

  7. Exсel кестелік процессорындағы сүзгі (фильтр) түрлері (автосүзгі, кеңейтілген сүзгі)

  8. Электронды кестелердің жұмыс парағында есептеулердің нәтижелері емес, ұяшыққа енгізілген формулалардың бейнеленуі үшін қандай әрекеттер орындалады? (Сервис/Параметры командасын орындау қажет. Ашылған Параметрлер диалогтық терезесінде Түр қосымшасын ерекшелеп, Бет параметрлері аумағында Формулалар опциясы жалаушасын белгілеу керек.)

  9. Автосүзгіні қалай орнатуға болады? (Мәліметтер (Данные) – Сүзгі (Фильтр) – Автосүзгі (Автофильтр) командасын орындау)

  10. Батырманы басасың,

   Қажетіңді ашасың. («Еnter» батырмасы)

  1. Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама. (Калькулятор).

  2. Электрондық кестелердің құрылымдық элементі. (Ұяшық)

  3. Компьютерлік өзекшесі бар сөздерді табыңдар.

... АНТ (жоғарғы бала дауысы)

... ОНТ (банктің есептік проценті)

... ОБОЛ (лақтырумен айналысатын спртшы)

...УССИЯ (белгілі бір сұрақты немесе проблеманы талдау)

... ОТЕКА (музыкалық жастар клубы)

... ОМФОРТ (ыңғайсыздық, алаңдаушылық)

... РЕТТІ (үздікті)

... РИМИНАЦИЯ (тепе-теңдік құқықтың бұзылуы)

... ВАЛИФИКАЦИЯ (спорттық жарыстарға қатысу құқығынан айырылу)

РЕ...КА (ерте пісетін көкөніс)

(ДИСК)


  1. Компьютерлік өзекшесі бар сөздерді табыңдар.

...ОН (атмосферадағы төмен қысымды облыс)

...ОП (мифологиялық бір көзді құбыжық)

...ОТРОН (протондар мен иондарды үдеткіш)

ЭН...ОПЕДИЯ (ғылыми анықтамалық басылым)

МОТО... (транспорттық құрал)


  1. Парақтардың аттары қайда орналасқан? (терезенің төменгі жағында)

  2. Компьютер құрылғылары оркестрінің дирижерін қалай атайды? (операциялық жүйе)

  3. Бағандардың атауы қалай белгіленеді? (латын әріптерімен)

  4. Жұмыс кітабындағы жолдар қалай белгіленеді? (араб цифрларымен)

  5. Курсорды бір ұяға оңға жылжыту үшін қандай пернені басу керек? (->)

  6. батырмасының атқаратын қызметі қандай? (автоматты түрде қосынды табу)

  7. батырмасының атқаратын қызметі қандай? (функция шеберін іске қосу)

  8. батырмасының атқаратын қызметі қандай? (диаграмма шеберін іске қосу шеберін іске қосу)

  9. Бір жолды тұтас қалай ерекшелеуге болады? (жол нөмірін тышқанмен шерту)

  10. $D$5 болып жазылған ұяшық адресі қай адрес түріне жатады? (Абсолютті)

  11. D5 болып жазылған ұяшық адресі қай адрес түріне жатады? (Cалыстырмалы)

  12. Статистикалық ақпараттарға жүгінетін болсақ, үйлерінде компьютерлері бар адамдардың үштен екісі компьютерді бірінші кезекте осы мақсатта қолданады? Бұл қандай мақсат? (Ойын ойнау үшін)

  13. $D5 болып жазылған ұяшық адресі қай адрес түріне жатады? (аралас)

  14. «Үш саусақпен шығу» деген компьютерлік жаргонның мағынасы қандай?

  15. Қай белгілі компьютерлік фирманың атын қазақша аударсақ, «кішкентай, жұмсақ» деп аударылады?

  16. Excel ұяшықтарында есептеулер қандай белгіден басталады? (=)

  17. Салмағы 2 г бұл микроқұрылғыны жасау үшін 1,6 кг мұнай, 72 г әр түрлі химикаттар және 32 л су қажет. Бұл қандай құрылғы? (микропроцессор)

  18. Ағылшынның бір қаласы мен 30/30 калибрлі қару және компьютердің бір элементінің арасында қандай байланыс бар? (Олардың барлығы «Винчестер» деп аталады)


Голдфишка

Антивирус - вирусты тауып олардың кері әсерін жоятын программа.

тәсілімен ұйымдастырған анықтамалық мәлімет.



Архив - әдетте, сығылған күйде сақталатын деректер немесе программалар жиынтығы

Байт - 8 биттен тұратын ЭЕМ жадының немесе ондағы деректердің адрестелетін ең кіші көлем бірлігі.

Берілгендерді шығару құрылғылары (монитор, принтер)

Берілгендерді сақтау құрылғысы (стример)

Бит – екілік санау жүйесінің цифры (0 немесе 1 мәнін қабылдайды)

Винчестр-қатты магниттік дискідегі жинақтағышты қараңыз

Гиперсілтеме – түспен ерекшеленген және асты сызылған Web-беттің элементі. WWW-дің басқа құжатына тез орын ауыстыру үшін қолданылады.

Диаграмма – сандық шамалар мен олардың арасындағы қатынастарды геометриялық әдіспен шартты түрде бейнелеп көрсету.

Калькулятор – қарапайым есептеулер жүргізетін сервистік программа.

Колонтитул - өрістің жоғарғы немесе төменгі аймағында орналасатын құжатты ресімдеудің қайталанатын элементі.

Компилятор – программаларды бір тілден екінші тілге аудару үшін пайдаланылатын магиналық программа. Ол программаны орындамастан, машиналық тілге аударады.

Модем – сандық сигналды аналогтық сигнлға айналдыратын компьютерді Интернетке қосу үшін қажет құрылғы.

Пиксель – монитордың экранындағы кез келген көрініс (кескін) түрлі түсті нүктелердің жиынтынан тұрады. Мұндай нүктелерді әдетте пиксельдер деп атайды.

Плоттер – плакаттарды, сызбаларды, электр схемалары секілді күрделі графикалық

объектілерді кең көлемді қағазға басып шығару үшін қолданылады. Плоттерлер қаламұштың көмегімен кескін сызатын векторлық және растрлық болады. Растрлық плоттердің термографиялық, электростатикалық, бүріккіш және лазерлік түрлері бар. Құрылымы бойынша плоттерлер планшеттік және барабандық болып бөлінеді. Барлық плоттерлердің негізгі сипаттамалары, шамамен бірдей: сызу жылдамдығы – 100-1000 мм/с, ең жақсы модельдерінде түрлі түсті кескіндеу мен солғын түстерді де түсіру мүмкіндігі бар



Процессор – машинаның барлық жұмысын басқару үшін және арифметикалық және логикалық операцияларды орындауға арналаған. Процессор компьютердің миы болып табылады. Процессор — көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді.

Ұя (тор) – электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. әрбір ұя немесе тор бағана әрпі мен қатар нөмірінен тұратын адреспен анықталады.

Ұяшық – қатар мен бағанның қиылысуында пайда болатын элемент.

Филтрация- деректердің нақты мәндерінің алдын ала қабылданған мәндерге сәйкестігін тексеру.

Жаңа сабақты түсіндіру (30 мин)
Пән: Операциялық жүйелер және есептеу комплексін бағдарламамен қамтамасыз ету

7 тарау. Қолданбалы жүйелер

Курс тақырыбы: №7.3. Кестелік процессорлар

Сабақтың тақырыбы: №11. Электронды кестеде есептеулер

Excel электрондық кестесінің көптеген мүмкіндіктері бар.



Бүгінгі сабағымызда Excel-дің келесідей мүмкіндіктерін пайдаланып көрейік.



  1. Бағалау парағы:

  2. Сөзжұмбақ:




  1. «Сәйкестіктерді анықтау»:




  1. «Жинақтау»:



  1. «Тест»:




  1. «Бизнес жоспар»:

Бүгін біз әдеттегіге ұқсамайтын сабақ өткіземіз. Бәріміз бірігіп, жаңа кәсіпорын ашып көрейік.

Бірнеше жыл бұрын, жеке бизнесті ашуға мүмкіндік пайда болғанда, әр азамат өз ісін ашуға мүмкіндік алды.

Көптеген жаңа бастаушы кәсіпкерлер олардың бизнестегі алғашқы қадамдары қандай болуы керектігін, кәсіпті аяғынан тұрғызу үшін қанша ресурс қажет екендігін және бірінші кезекте қандай тапсырмадан бастау керектігін түсіне бермейді.

Уильям А. Уард былай деген болатын: “Мақсатқа жету төрт қадамнан тұрады: мақсатқа бағытталған жоспар, жан-жақты дайындық, дұрыс әрекеттер, өз дегенінен қайтпау. Оның кеңестерін пайдалана отырып, өзімізің болашақ кәсібіміздің бизнес-жоспарын жасайық. Бұл сендердің бүгінгі сабақтағы міндеттерің болады.

Тапсырма №1

Ол үшін келесі тапсырмалардың толық шешімін тауып, оларды пішімдеу қажет.

Есепте келесілерді көрсетулеріңіз тиіс:


Өнім түрі

Пирожное

Тоқаш

Еңбек өнімділігі (сатылған бірлік)







Өнімді сату бағасы (Сауда кірісі)

 

 

Жүзеге асыру құны (Сауда шығысы)

 

 

Шығындар:

 

 

– өнімді өндіруге кететін

 

 

– құрылғыларға кететін

 

 

– жұмыс орнын арендалауға кететін

 

 

– жұмысшылардың жалақысы

 

 

электр энергиясы

 

 

– салықтар

 

 

Барлық шығын

 

 

Жалпы табыс=(Сауда кірісі-сауда шығысы)

 

 

Таза табыс=Жүзеге асыру (реализация) құны – Шығындар

 

 

Өзіндік жалпы табыс=Таза табыс/Барлық шығын








Тапсырма №2

Өндірістің күндізгі жоспары

Тапсырма: Мектептің кондитерлік цехы тоқаштар мен пирожное шығарады. Қойма көлемінің шектеулі болуына байланысты, бір күнде 700-ден аспайтын өнім дайындау керек. Кондитерлік цехтағы жұмыс күні 8 сағат. Егер тек пирожноеларды шығарсақ, күніне 250 жасауға болады, ал егер тек тоқаштарды шығарсақ, олардың саны күніне 1000-нан аспайды. Өнімнің өзіндік құны белгілі (алдындағы №2 пакеттен). Кондитерлік цехқа максималды табыс түсу үшін қанша тоқаш және қанша пирожное шығару керек екенін есептейтін өндірістің күндізгі жоспарын жасау керек.



Тапсырма №3

Жылдық қорытынды өнімді есептеңіз:


Айлар


Пирожное

Тоқаш

Барлығы

Қаңтар

45.6

75.8

?

Ақпан

52.1

85.6

?

Наурыз

65.9

92.1

?

1 квартал қорытындысы

?

?

?

Сәуір

96.7

84.3

?

Мамыр

120.8

120.9

?

Маусым

142.9

142.9

?

2 квартал қорытындысы

?

?

?

Жарты жылдық қорытынды

?

?

?

Шілде

154.8

175.8

?

Тамыз

164.3

132.6

?

Қыркүйек

172.5

196.7

?

3 кыартал қорытындысы

?

?

?

9 айдың қорытындысы

?

?

?

Қазан

132.9

186.7

?

Қараша

121.4

152.1

?

Желтоқсан

78.5

56.3

?

4 квартал қорытындысы

?

?

?

2 жарты жылдық қорытындысы

?

?

?

Жылдың қорытындысы

?

?

?

Және жылдық қорытынды нәтижесі 121500-ден кішілер жасыл түспен, ал үлкен мәндер қызыл түспен автоматты түрде ерекшеленетіндей жасаңыз.


Бағалау парағы






Тапсырмалар

Дұрыс жауап саны

Бағасы

Бағалау критерийі

1

Үй жұмысы







Бірінші деңгей –89 балға дейін

Екінші деңгей 95 балға дейін

Үшінші деңгей 100 балға дейін

2

Сөзжұмбақ










3

«Сиқырлы есеп»







1 – 68 балл

2 – 76 балл

3 – 84 балл

4 – 32 балл

5 – 100 балл


4

«Дербес компьютердің құрылымы»







1 – 63 балл

2 – 66 балл

3 – 70 балл

4 – 73 балл

5 – 76 балл

6 – 80 балл

7 – 83 балл

8 – 86 балл

9 – 89 балл

10 – 93 балл

11 – 97 балл

12 – 100 балл



5

«Қателерді анықтау»







1 – 73 балл

2 – 87 балл

3 – 100 балл


6

«Анаграмма»







1 – 67 балл

2 – 71 балл

3 – 77 балл

4 – 84 балл

5 – 90 балл

6 – 96 балл

7 – 100 балл


7

«Сәйкестікті тап»







1 – 73 балл

2 – 87 балл

3 – 100 балл


8

«Гипервикторина»







1 – 63 балл

2 – 66 балл

3 – 70 балл

4 – 73 балл

5 – 76 балл

6 – 80 балл

7 – 83 балл

8 – 86 балл

9 – 89 балл

10 – 93 балл

11 – 97 балл

12 – 100 балл



9

«Тәжірибелік тапсырма»







1 – 67 балл

2 – 71 балл

3 – 77 балл

4 – 84 балл

5 – 90 балл

6 – 96 балл



7 – 100 балл




Үйге тапсырма беру (1 мин)

  1. К.М.Беркінбаев «Информатика» 490-411 бет

  2. глоссарийге терминдер жазу




Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (2 мин)

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет