Шымкентте 33 миллион теңге қарызы бар көліктің иесі анықталды. Автокөлік қарызын толық төлегенше айыптұрағына қойылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция таратқан ақпаратқа қарағанда, қала жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен патрульдік полиция полкінің инспекторлары қарызы өтелмеген автокөлік туралы ақпарат түскен.

Құқық қорғау сақшылары мұндай мәліметтерді жұмыс планшетіне орнатылған "Қорғау" бағдарламасы арқылы табатыны нақтыланған.

“Тәртіп сақшылары Hyundai Elantra көлігін Рысқұлов көшесінде тоқтатып, айып тұрағына қойды. Көлікті алу үшін қарыз толық өтелуі тиіс”, – деп қосты полиция.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.