Сабақтың тақырыбы: И, й әріптерінің жазылуы



жүктеу 0.74 Mb.
бет3/3
Дата21.04.2019
өлшемі0.74 Mb.
түріСабақ
1   2   3

1.Оқушылар тік бұрыштың моделін пайдаланып, беттестіру арқылы тік және тік емес бұрыштарды анықтап, қорытынды жасайды.
2.Оқушылар тік және тік емес бұрштарды екі топқа бөліп, нөмірлерін теріп жазады.
3 80,81,82,83,84,85,86,87,88,89

90,91,92,93,94,95,96,97,98,99

Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ


Бесті беске қосқанда

Болып шықты он саусақ.


4. Есептерге граф құрып, талдап, орындайды. Есептердің өзара кері екенін дәлелдейді.

 а/ Жинады-30 кг

Желінді- 20 кг

Қалды-? кг банан

Шешуі: 30 кг-20 кг=10 кг

Жауабы: 10 килограмм банан қалды.

ә/Жинады-30 кг

Қалды-10 кг

Желінді-? кг

Шешуі: 30кг-10кг=20 кг

Жауабы: 20кг банан желінді.
№5.Ауызша жаттығу.

1,3,4,5,6 нөмірлі фигуралардың тік бұрышы бар. тік және тік емес бұрышты анықтайды

Есепті талдайды
ҮІ.Қорытындылау.

Шығармашылық логикалық тапсырмаларды ауызша орындау арқылы бүгінгі сабақты қорытындылаймын.
ҮІІ. Үйге тапсырма № 6
Бағалау 

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні: 29.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: математика

Тақырыбы: Уақыт жайында түсінік. Сағат. Минут.Тәулік. Ғасыр.

Мақсаты: Уақыт жайында түсінік беру. Сағат және минутты түсіндіру.

Есте сақтау қабілетін дамыту.

Уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сағат

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену.

Түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу

2.Сынып тазалығын тексеру

3.Оқу құралдарын түгендеу

4.Назарларын сабаққа аудару


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

№ 6


Бос орындарды толтыру:

72+20=92 92-72=20 92-20=72


ІІ. Мақсат қою кезеңі:

Уақыт жайында түсінік, Сағат. Минут.


ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.

Күн ретін жазу.

Көркем жазу 70 70 70 Сағат

12,13,14,15,16,17,18,19,20,21,22,23,24, 1,2, 3 ,4,5,6,7,8,9,10,11.


№1. Сағат туралы түсінік беру.

Есіңе сақта!  

60 с = 1 мин

60 мин = 1 сағ

24 сағ =  1 тәул.

100 жыл =  1 ғасыр


ҮІ. Түсінгендерін тексеру.

№ 2. 1 минут ішінде санау.


№ 3 . 2,7,72,20,70

33 83 30 80 3 8 30+70 3+7 80-30 8-3.

№ 4. Сұрақтарға жауап беру.7 7.30 13.00 15.00 22.00 17.00 .
№ 6. жауаптарын ғана жазу. (Қосылғыштардың орны ауысқанымен қосындының мәні өзгермейді.)

Шығармашылық тапсырманы орындау.

Орал, Тараз, Қостанай, Қызылорда, Алматы, Қарағанды Астана
ҮІ.Сабақты қорытындылау.

1 сағатта неше минут бар?

Топтамаларға жауап алу.
ҮІІ. Үйге тапсырма: № 4.
Бағалау.

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні: 26.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: музыка

Сабақтың тақырыбы: Күйге шешен Қазанғап.

Сабақтың мақсаты: Қазақтың халық композиторы Қазанғаптың шығармашылығымен таныстыру.

Білімділік: Қазанғаптың «Көкіл» күйінің шығу тарихымен танысу.

Дамыту: Ән айту қаблетін дамыту.

Міндеті: «Шерпе» күймен «төкпе» күйдің айырмашылығын ұғындыру.

Тәрбиелік: Үлкенге деген құрмет.

Ән үйрену-орындау: «Гүлдерайым»Халық әні..

Сабақ түрі: Әңгімелеу.

1 «Қошақаным қайда екен?»—орындауға

2 «Гүлдерайым»—үйренуге.

3. «Көкіл» күйі----тыңдауға.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа даярлығын анықтау

Психологиялық дайындық


ІІ. Өткенге шолу

Балаладан ноталар туралы қысқаша мағлұмат сұрау арқылы өткенге шолу жасап шығамын.


ІІІ. Жаңа сабақ

А) Оқушыларға күні бұрын дайындалған мәтіндер таратылып беріледі.

1. –Қазақтың белгілі композиторы Қазанғап Х1Х ғасырда өмір сүрген. Бірде Қазанғап астық алып қайтпақшы болып, сауда керуеніне еріп жолға шығады. Жолда бір ауылды көреді. Қасындағылардан бұл Үсен төренің ауылы екенін естиді. Қазанғап керуеннен қалып Үсен төренің үйіне келсе, Үсен жоқ оны келіні жылы қарсы алады. Шай үстінде Үсен төренің домбырасына қызығып, бір-ақ рет ұстауға өтініп, келінінен алып енді тарта бергенде, Үсен төре кіріп келеді. Келіні аяғына жығылып кешірім сұрайды. Үсен төре кешірім беріп, Қазанғапқа ал енді тарт дейді. Қазанғап қолма қол «Көкіл» күйін шығарып тартып береді...

Музыка тыңдайық:


2 «Көкіл» күйі. Не туралы? Күйдің шығу тарихымен танысады. Күй өте мұңды, әрі сазды деуге болады. Қазанғап жоқшылықты көп көрген. Асқан күйшілігімен ел құрметіне бөлене білген.

Ән орындайық: «Гүлдерайым» Халық әні.

Әнді орындамас бұрын мәтінін мәнерлеп оқып беремін. Әннің екпініжылдам. Домбыра аспабымен қоса сүйемелденеді.
Сергіту сәті:

Жаңылтпаштар

1. Сыныпта ақ бор бар,

Көк бор бар

Көп бор бар.

2. Тақпақ жатта,

Жатқа жатта.
ІҮ. Сабақты қорытындылау:

Қазанғап шығармашылығы толығырақ айтылады.

Екі күйші қалай кездеседі?

Қазанғаптың қандай күйлерін білеміз ?

Қазанғап қандай күйші ?
Ү. Үйге тапсырма:

Қазанғап жайлы қосымша оқу. «Гүлдерайым» әнінің сөзін жаттау.


Бағалау:

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні: 27.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: өзін-өзі тану

Сабақтың тақырыбы: Көңіл күйімізді басқара білейік

Мақсаты: «Махаббат», «бақыт» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: Әр түрлі көңіл-күйді білдіретін суреттер.
Сабақтың барысы

І. Шаттық шеңбері Оқушылар шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі.Өлең шумақтарын қосылып айтады.

Ризамыз саған біз.(Қ.Ыдырысов)

Күнде шат күліп күн Өміріміз жайдары.

Мәңгілік бақыттың Өзіміз- айғағы.
Дәйексөз Тақтаға Ш:Смаханұлының «Өмір деген жарыста,Шаттанғын,дос,қалыспа!»деген нақыл сөзін жазу.Дәйексөзді дәптерге жазу.
ІІ. Жағдаяттарды талдау

Оқушылардың сабақта үйренгендерін іс жүзінде көрсете алуға үйрету үшін жағдаяттарды шешу ұсынылады.Мұнда балалар «Өзіңнің,өзгенің көңілін қалай көтеруге болады деп ойлайсыңдар?»деген сауалға ойланады.Ол үшін оқулықта бірқатар суреттер берілген.Жағдаяттардың шешімін табу үшін осы суреттерді негізге алуларына болады.

Сахналау Балалар «Мен әртіспін»атты тақырыпта сахналық көрініс көрсетеді.Мұнда әр-түрлі көңіл-күйдің адамдарға оң және теріс әсерін көрсетуі мен жағымсыз күйлерді болдырмау мақсаты көзделеді.
Ойын Балалар «Менің көңіл-күйім қандай?»деген ойын ойнайды.
Мәтінмен жұмыс Сабақтың тақырыбын ашып түсіндіру мақсатында «Тиін мен қасқыр»мәтінін оқушыларға оқытады.Оқушылар мәтінді оқып,сұрақтарға жауап береді.

ІІІ. Назар аударыңдар

Оқулықтағы «Назар аударайық»айдарымен мынадай түйіндеу берілген:

Жақсы көңіл күй-тез түсінісуге септігін тигізеді.

Жақсы көңіл күй-өзара сыйластыққа негіз болады.

Жақсы көңіл күй-достасуға көмектеседі. Балалар оқып мағынасына мән береді.


Дәптермен жұмыс Оқушыларға дәптермен жұмыс жолдарын түсіндіру.

Тапсырма Балалардың суреттеріне қарап ,олардың көңіл-күйлерін табиғатпен салыстырып жазу.Мыс:жымиып тұрған қыз суреті-күлімдеген күндей.


ІҮ. Бекіту

Жүректен жүрекке Жақсы көңіл-күй адамдарды достыққа,сыйластыққа,жақсылыққа жетелейтінін ұғындыру.Е.Өтетілеуовтың


Ү. Қорытынды

-Балалар,көңілді,қуанышты адамның жүзі де әдемі. Ал ашулы адамның жүзі адамды өзіне татпайды. Сондықтан қолдан келгенше ашулы сезімдерімізді ақылмен іштей жеңіп,көңілді жүргеніміз дұрыс. Ол біздің адамдарға,айналаға деген сүйіспеншілігімізді оятады және бақытты өмір сүруімізге көмектеседі.


«Көңілді балалар әні»өлеңімен сабақты аяқтау.

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні: 24.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тықырыбы: Білім керек бәріне Фариза Оңғарсынова

Сабақтың мақсаты: автор туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің мазмұнын негізгі идеясын ұғынуына жағдай жасау ,өлеңді түсіне отырып оқу, талдау; хрестоматиядағы өлеңдермен салыстыра отырып, негізгі ойға қорытынды жасау.Жүйелі іс-әрекет нәтижесі:мақал-мәтелдердің мағынасын талдай отырып ойын,зейінін, есте сақтау қабілеттерін, сөз тіркестері арқылы сөйлеу тілдерін дамыту. «Кім болам?» деген ойларын ұштай отырып, мамандық иелерін құрметтей білуге, ата-анасының еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер мамандық иелерінің суреттері, білім,оқу туралы мақалдар кестесі
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

І.Қызығушылықты ояту.

-Күнбе-күн мектепке келуден жалықпадыңдар ма?

-Осы біздің мектепке келудегі мақсатымыз не?

-Менің мақсатым не? Сенің мақсатың не?

Жеке, жұпта, топта жұмыс істеп, талқылайды.

Оқушылардың қорытындысын тыңдау

-Ал оқу, білім туралы қандай мақалдар білеміз?

Кестемен жұмыс

Оқу, білім

-Білім сөзіне байланысты қандай сөз тіркестерін жазып алар едің?

-Оны қалай түсіндіресің?

Ал Фариза Оңғарсынова өз өлеңінде былай депті....(оқулықтағы өлеңге назар аудару)


ІІІ. Жаңа сабақ

Білім керек бәріне. Фариза Оңғарсынова

ІІ.Мағынаны тану

Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.

Тізбектеп оқу кезінде «Түртіп алу» әдісі бойынша сөздік жұмысын жүргізу.

-Білім алу жолы қандай жол?-Неліктен?

-Білім алу үшін неше жыл кетеді деп ойлайсың?

-«Білгенің бір тоғыз,

Білмегенің- тоқсан тоғыз» демекші, адам өмір бойы оқу, білім алумен болады екен.

Сергіту сәті ретінде осы өлеңнің өзін дауыстап, мәнерлеп оқи отырып, қимыл-қозғалыспен көрсету

«Толықтыру» тесті:

Ғарыш кемесін-----------------------------

Көк жүзіне-----------------------------------

Мұхиттарды--------------------------------

Ғажап үйлер-------------------------------

Дәрі де ойлап -------------------------------

«Білегіңе сенбе, біліміңе сен» дегендей, адам арманына қолын білім арқылы жеткізеді.
Ойтолғау.

Дәптердегі «Білім деген байлық бар» атты өлеңді оқып, қалған тапсырмаларды ретімен орындайды.

-Өзіңе үлгі болған адамдарды атап жаз. Ол адам туралы әңгімелеп бер.

Жек, жұпта, топта талқыланады. Топ жұмыстарынан үздігін тыңдау.


ІҮ. Сабақты қорытындылау.
Ү. Үйге тапсырма беру

Өлеңді қалай жалғастырар едің? Өз арманыңды қосып жаз.

Сен- теңіз де, мен- кемең…

Сағындым, Ұстаз, балауса балғын кезімді,

Өзіңе деген ықылас толы сезімді.

Сағындым, Ұстаз, «қоңыраулы» қоңыр үніңді,

Сақталған берік мәңгілік өшпес ізіңді.
Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні: 26.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тықырыбы:Бөлімді қайталау

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптарды қайталап, пысықтау. Алған білімдерін кәдеге жаратуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: бекіту сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Ғылым таппай мақтанба өлеңін мәнерлеп жатқа оқу,Білім керек бәріне өлеңінің мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу
ІІІ. Бекіту сабағы

Бөлімді қайталауға арналған тест.

а)Суреттермен жұмыс

ә)мәтіндерді атау, әңгімелеу

б)ТЕСТ

1.Қазақ даласына алғаш білім алп келген адам кім?



А)Ахмет Байтұрсынұлы Ә)Абай Құнанбаев Б)Ыбырай Алтынсарин

В)Шоқан Уәлиханов

2.Балаларды оқуға шақырған Ы.Алтынсариннің өлеңі қалай басталады?

А)Кел,балалар, оқылық Ә)бір Аллаға сиынып Б)Оқысаңыз, балалар

В)Оқығанды көңілге

3. «Ата-ана алдындағы борышың» деген тіркестегі «борышының» сөзін басқаша тағы қалай айтуға болады?

А)Қарызың Ә)Тәртібің Б)Білімің В)Қылығың

4.Өлең жазатын адамды қалай атайды?

А)Жыршы Ә)Суретші Б)Әнші В)Ақын

5.Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?

А)Ыбырай Алтынсарин Ә)Ахмет Байтұрсынұлы

Б)Абай Құнанбаев В)Жүсіпбек Аймауытов

6. «Аласың білім кітаптан» деген ақыл сөз кімнің шығармасындағы келтірілген?

А)Ілияс Жансүгіров Ә)Абай Құнанбаев

Б)Ахмет Байтұрсынов В)Жүсіпбек Аймауытов

7.Қартқожа қай жазушының кейіпкері?

А)Ыбырай Алтынсарин Ә)Ахмет Байтұрсынұлы

Б)Ілияс Жансүгіров В)Жүсіпбек Аймауытов

8.Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов туралы жазған жазушы кім?

А)Ыбырай Алтынсарин Ә)Жүсіпбек Аймауытов

Б)Сапарғали Бегалин В)Ахмет Байтұрсынұлы

9. Абайдың нақыл сөзін аяқта

«Адам баласының ең жаманы-........»

А)білімсіз Ә)Ақылсыз Б)Әдепсіз В)Талапсыз

10.Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде атаған бес жаман істі ата.

А)өсек, өтірік, талап, еңбек, білім

Ә) өсек, өтірік,қанағат, ұрлық, бірлік

Б)өсек, өтірік,мақтаншақ, еріншекғ бекер мал шашпақ

В)өсек, өтірік,ұрлық салақтық, әдепсіздік
ІҮ. Сабақты қорытындылау

Тесттің барлық сұрақтарына талдау жасап өту.


Ү. Үйге тапсырма беру. Өткенді қайталау
Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні: 27.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тықырыбы: Мазмұндама «Достар»

Сабақтың мақсаты:Мәтінді оқып, мазмұнын өз сөздерімен жаза білуге дағдыландыру

Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Өткенді қайталап, пысықтау, мәнерлеп оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу


ІІІ. Қайталау сабағы

А)достық деген не? Досың бар ма?

Ә)Адамның жануарлармен достығын білесің бе?

Б)Мәтінді оқу, түсіндіру, әңгімелеу


Достар

Зейін қар басқан бақта жүр. Бір-екі торғай ұстап алмақ. Оларды үйге апарып, қолға үйретпек. Бірақ жолы болмады. Мұны көрген ағасы қолға үйретудің басқа жолын айтты.

Ағасы екеуі ағаштың төменгі жағына жем шашатын тақтай орнатты. Ағасы айтқандай торғайлар оған үйреніп алды. Шашқан бидайды торғайлар тақтайдың үстіне қоныпжей бастады. Кейін қорықпайтын болды.

Зейнел-Ғаби Иманбаев

ІҮ. Сабақты қорытындылау

1)Зейін не ойлады?

2)Ағасы үйретудің нендей жолын айтты?

3)Торғайлар неқылды?

4)Сен болсаң не істер едің?
Ү. Үйге тапсырма беру. Өткенді қайталау
Бағалау
Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні: 29.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тықырыбы: Аңқау арыстан (ертегі)

Сабақтың мақсаты:

Ертегі түрлерімен таныстыра отырып, ертегіні түсініп оқу, ертегі кейіпкерлерінің іс - әрекетіне мінездеме беру, ертегідегі негізгі ойды ашып, қорытынды жасау;

Ертегіні түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыра отырып, ой - пікірлерін қорытындылап айту шеберліктерін, сөйлеу әрекеттерін жетілдіре түсу, сөз байлықтарын дамыту;

«анық - қанығына бармай іс істеме, асықпа» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, алдау арбау жаман қасиет екенін түсіндіру, адалдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену, әңгімелеу, көрнекілік, түсіндірмелі, талдау - жинақтау, сипаттау, т. б.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Қосымша материалдар: жұмбақтар, сөзжұмбақтар, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Өткенді қайталап оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу
ІІІ. Жаңа сабақ

- Балалар, біз бүгін әдебиеттік оқу пәніміздің келесі тарауы «Атадан қалған тұяқ» деп аталатын бөлімін бастаймыз.

Өткен бөлімде де ұлы ақын аталарымыздан қалған асыл мұралар, яғни нақыл сөздерге бай шығармаларымен таныссақ, бүгінгі бөлімде халықтың ауыздан - ауызға жеткен ертегі, аңыздарымен т. б. шығармаларымен танысамыз.

- Қазақ халқының ауыз әдебиетінде көп кездесетін, «Ерте, ерте, ертеде...» деп басталатын қандай шығарма? Ертегі әр түрлі бағытқа құрылады. Мына сызбаға назар аударайық

Ертегі - халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бір неше түрге бөлуге болады.

- жануарлар жайында (суреті, немесе кітабын көрсету)

- қиял - ғажайып ертегілер

- шыншыл ертегілер

Ертегіден халқымыздың тұрмыс - салтын, әдеп - ғұрпын білеміз. Онда шындық оқиға мен қиял - ғажайып оқиға аралас келіп отырады.

3. Жаңа сабақ

4. Оқулықпен жұмыс:

- Адамдардың мінез - құлықтары да әр түрлі болады. Ақын - жазушылар адамдардың мінезін мысалға алып, қу адамды түлкіге, қорқақ адамды қоянға, ашқарақ, аңқау адамды қасқырға, ақылды адамдарды жақсы кейіпкерлерге, батыл, өжет адамдарды арыстанға, бүркітке т. б. теңеп көптеген ертегілер жазған екен. біздің бүгінгі сабағымыздың басты кейіпкерлерін табу үшін мына жұмбақтарды алдымен шешіп алайық: 1. Өзі ширақ өзі қу, Жүрген жері айқай - шу (Түлкі)

Түлкі – ит тұқымдасына жататын аң. Түсі жирен, сұрғылт сары. Жүні тығыз әрі жұмсақ. Орманда, өзен - көл жағалауларында, тау баурайларында мекендейді. Ол тауық, балық, тышқан және құстармен қоректенеді. Түлкі – қу, айлакер.

2. Бір аң бар қайраты көп болған күшті, Басынан өткізеді әрбір істі (Арыстан)

Аңдардың патшасы – арыстан. Арыстан – айбатты, жыртқыш аң. Көбінесе шөлді жерлерде кездеседі. 30 - 35 жыл өмір сүреді. Хайуанаттар бағында кездеседі.

3. Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ, Өзіне міндеттесе, қызмет қылмақ. (Есек)

Есек – жылқы туысына жататын сүтқоректі жануар. Түсі қоңыр, күңгірт азық талғамайтын, құрғақшылыққа төзімді көлік малы. Есек 18 – 20 жыл тіршілік етеді.

- Міне, біз бүгін «Аңқау арыстан» деген ертегісін өтеміз

(Ертегіні дауыс ырғағын келтіре оқушыларға оқып беру, сөздік жұмыс жүргізу) талдау жасау:

- Ертегі не жөнінде екен? Түлкі арыстанға неге келді деп ойлайсыңдар? Есектің адам өмірінде қандай пайдасы бар? Арыстан қандай аң екен? Есектің миы қайда кетті деп ойлайсыңдар?

Суреттермен жұмыс

- Суреттің бұл тақырыпқа қандай қатысы бар? Осы суреттегі арыстанның жағдайы қалай бейнеленген?


ІҮ. Сабақты қорытындылау

А. 35 беттегі сызбалармен жұмыс жүргізу

Б. 36 - беттегі жағдаятты шешу

- Сонымен біз бүгін қандай ертегімен таныстық? Өмірде түлкі мен есекке ұқсайтын адамдар бар ма?

Ребус шешу.
Ү. Үйге тапсырма беру

Ертегінің мазмұнын айтуға дайындалып келу, суретін салу


Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0e01
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет