Сабақтың тақырыбы: «Қызықты математика әлемінде»



жүктеу 43.36 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі43.36 Kb.
түріСабақ


Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Сабақтың тақырыбы: «Қызықты математика әлемінде»

Сабақтың мақсаты:

  1. Түзете-білімділігі: Балалардың геометриялық пішіндер: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш жайлы білімін бекіту.

Балаларды 5-ке дейін санауға жаттықтыру, түстерді ажыратуға, сәйкестендіруге үйрету, ұзын-қысқа ұғымдарын дұрыс қолдана білуін үйрету.


  1. Түзете-дамытушылығы: Балалардың жан-жақты психикалық процестерді дамыту: қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілетін, қол қимылдарының үйлесімділігін дамыту, ойын дағдыларын қалыптастыру. Балалардың сенсорлық дамуына әсер ету.




  1. Түзете-тәрбиелігі: Балаларды ұқыптылыққа, бірлікке тәрбиелеу, жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу.


Әдіс-тәсілдер: информациялық-рецепиялық әдіс: әңгімелесу, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, ойнату, көмек беру.

Көрнекіліктер: суреттер, ойыншықтар, слайд, компьютер ойындар, логикалық Дьенеш блоктар пайдалану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі :

1) Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау

Балалар бірінің артына бірі тұрып, шеңбер бойымен жүреді (әр баланың оң қолында шар), музыкамен залға кіреді.



Жылулық шеңбері: «Қайда екен» өлеңі

Қайда екен қолымыз,

Оңымыз бен солымыз.

Білеміз бе оны біз?

Міне, оң мен солымыз

Міне, алақай қолымыз

Қол соғайық, бір, екі!
ІІІ. Жаңа сабақ


  • Балалар, бүгін біз сіздермен ойнаймыз, санаймыз және геометриялық пішіндер туралы білімдерімізді көрсетеміз.

  • Балалар, бүгін мен сендерге «Үйшік» ертегісін айтып беремін.


Орыс халық ертегісі «Үйшік»

Жазық далада бір үйшік тұр. Шиқылдауық тышқан тоқтай қалып сұрайды:



  • Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?

Ешкім үн қатпады.

Үйшікке баратын екі жол бар, ұзын және қысқа, тышқан қай жолды таңдау екенін білмей тұр. Қандай жолмен үйшікке тез барады?



  • Сендер қалай ойлайсыңдар?

1-тапсырма: «Ұзын-қысқа жолақша»

  • Балалар, сендердің алдарында 2 жолақша бар. Олардың айырмашылығы неде?

  • Түсі мен өлшемінде. Қай жолақша ұзындау екенін қалай білуге болады? Жолақшаларды салыстырайық, бір-біріне беттестіріп көрейік.

  • Қысқа жолақшаға тышқанды коямыз. Жарайсыңдар, балалар, сендер дұрыс қысқа жолды таптыңдар.

Тышқан үйшікке кіріп, өмір сүре бастайды.

Үйшікте бір тышқан - 1 санын қоямыз.

Секеңдеп қоян келеді. Тоқтай қалып, сұрайды:


  • Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?

  • Мен, шиқылдауық тышқанмын!

  • Ал сен кімсің?

  • Мен, секеңдеген қоянмын.

  • Секеңдеген қоян, сен тапсырманы орындасан бірге тұрамыз.

2– тапсырма: «Дұрыс орналастыру»

Шарты: Балалар геометриялық пішіндерді дұрыс орналастыру керек.

  • Кел бірге тұрайық! – деп, тышқан мен қоян үйшікте екеуі бірге тұрады - 2 санын қоямыз.

Бақылдап бақа келеді:

  • Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?

  • Мен, шиқылдауық тышқанмын!

  • Мен, секеңдеген қоянмын.

  • Ал сен кімсің?

  • Мен, бақамын бақылдаған.

  • Кел, бізбен тұр! Енді олар үшеуі үйшікте тұрады – 3 саны.

ІҮ. Сергіту сәті

Қимылды ойыны: «Бақа»

  • Бақа, бақа, балпақ

Басың неден жалпақ?

  • Темір телпек көп киіп,

Басым содан жалпақ!

  • Бақа, бақа, балпақ

Көзің неге тостақ?

  • Қарауылға көп қарап,

Көзім содан тостақ!
Көзге жаттығу:

- Шар сендермен ойнағысы келеді. Сендер оның қалай ұшатынын байқап, көздеріңмен артынан ілесіп отырыңдар. Шар жоғары, төмен, оңға, солға ұшады.

- Шар қайда ұшты?

- Жоғары, төмен, оңға, солға.

Терезені түлкі тоқылдатады:


  • Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?

  • Мен, шиқылдауық тышқанмын!

  • Мен, секеңдеген қоянмын.

  • Мен, бақамын бақылдаған.

  • Ал сен кімсің?

  • Мен, түлкімін

  • Түлкі, сен тапсырманы орындасан бірге тұрамыз.


ҮІ. Бекіту

3– тапсырма: «Сиқырлы пішіндер»

Шарты: Балалар, пішіндер арқылы суреттерді құрастыру.

  • Кел, бізбен тұр! Енді олар төртеу болды – 4 санын қоямыз.

Жүгіріп келіп сұр қасқыр сұрайды.

  • Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?

  • Мен, шиқылдауық тышқанмын!

  • Мен, секеңдеген қоянмын.

  • Мен, бақамын бақылдаған.

  • Мен, түлкімін

  • Ал сен кімсің?

  • Мен, сұр қасқырмын.

  • Кел, бізбен тұр! Енді олар бесеу болды – 5 саны.

Барлығы көңілді өмір сүріпті.

ҮІІ. Қорытынды

4 – тапсырма: «Сұрақ-жауап»

  • Үйшікте тығылған жануарларды ата.

  • Үйшікте қанша жануарлар?

  • Үйшікке бірінші келген қандай кейіпкер?

  • Екінші қандай жануар келді?

  • Үшінші қандай кейіпкер келді?

  • Төртінші қандай жануар келді?

  • Бесінші қандай жануар келді?

  • Ертегіде қанша кейіпкерлер бар?

  • Үйшікке кіруге кейіпкерлерге кім көмектесті?

  • Қандай тапсырма сендерге ұнады?

ҮІІІ. Бағалау

  • Балалар, бүгінгі сабаққа барлығың да жақсы қатыстыңдар.

Жылулық шеңбері:

Аспанымыз ашық болсын,

Күніміз жарық болсын.

Деніміз сау болсын,



Бәріміз тату, дос болайық.
Каталог: uploads -> doc -> 06d6
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
06d6 -> Сан есімнің түрлері
06d6 -> «Информатика» пәнінен Базалық конспектілер


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет