Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Қазақстан Голан төбелері мен бірқатар басқа аймақтарға 430-ға дейін бітімгершілік күштерін жібереді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысын парламент бір ауыздан мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұндай ұсынысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттардың қарауына жолдаған. Парламент депутаттары бітімгершілік күштерді жіберу туралы ұсынысты бір ауыздан қолдады.

Қазақстан БҰҰ миссияларына қатысу үшін 430-ға дейін әскерилерді жібереді:

— "Голан биіктеріндегі БҰҰ-ның бақылаушы күштері" (UNDOF, Сирия – Израиль);

— "БҰҰ бітімгершілікті қадағалау ұйымы" (UNTSO, Палестина – Израиль);

— "Оңтүстік Судан Республикасындағы БҰҰ Миссиясы" (UNMISS, Оңтүстік Судан);

— "Абьеедегі тұрақтылықты сақтау үшін БҰҰ-ның уақытша қауіпсіздік күштері" (UNISFA, Судан).

  • "Ешкім шабуылдаған жоқ, өзара атысты": Шекара қызметі офицері Қаңтар оқиғасы кезіндегі атыс туралы айтып берді
  • Қорғаныс министрлігі бітімгершілерді Оңтүстік Суданға жібереді

“Қазақстан Қарулы Күштері әскери бақылаушылар және штаб офицерлері ретінде жеке әскери қызметкерлерді де, сондай-ақ БҰҰ миссияларында сұранысқа ие мамандандырылған бөлімшелерді: жаяу әскер, медициналық, барлау, инженерлік құрамдарды қамтамасыз етуге дайын”, – деді парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.

Бітімгершілерді орналастыру 2024 жылдың наурыз айынан басталады деп жоспарлануда. Осы мақсатта БҰҰ-мен тараптардың міндеттемелерін, сондай-ақ контингенттің миссияға қатысуын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін анықтайтын халықаралық келісім жасалады. Әскер мен техниканы тасымалдау қазақстандық тараптың есебінен жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр. Заңға сәйкес, бітімгершілік күштерді басқа елдерге жіберу мәселесін мәжіліс пен сенат депутаттары бірлесіп шешеді.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.