Таиланд туризм басқармасы қазақстандық азаматтар үшін 30 күндік визасыз режим мерзімін ұзартылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay

Отандастарымыз енді Таиландта 31 тамызға дейін бір ай визасыз жүре алады. Мұны Таиланд туризм басқармасы мәлімдеді.

  • Мәжіліс депутаты: "Қазақстан-Қытай визасыз режимі – Құдайдың берген мүмкіндігі"
  • Сыртқы істер министрлігі Шенген визасын алуды жеңілдетудің негізгі кезеңдерін белгіледі

Осыған дейін екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында Таиланд Корольдігі 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 29 ақпанға дейін қазақстандықтар үшін уақытша визасыз режимді енгізген еді.

Еске салсақ, Қазақстан мен Қытай арасында да визасыз режим іске қосылғаны хабарланған еді. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.