Сабақтың тақырыбы: Жеке тұлғалақ. Бостандығы және жауапкершілігі



Дата14.05.2022
өлшемі35.5 Kb.
#173865
түріСабақ
Байланысты:
Бостандығы және жауапкершілігі
антикалық философия4, Қазақстан тарихынана Глосарий

Сабақтың тақырыбы: Жеке тұлғалақ. Бостандығы және жауапкершілігі
Жеке тұлға дегеніміз - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс - әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.

Жеке тұлғаның басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы.

Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір – қасиеті , даралығы.

Жеке тұлға - қоғамдық сананы алып жүретін адам, қоғамдық тірі жан. 


Жеке адам деп - нақты адамды, қоғамның белсенді, саналы, мүшесін, өмірге өзіндік белгілі бір көзқарастары, қарым - қатынастары, жеке моральдық талаптары, өзіндік психологиялық қасиеттері бар жан иесін айтамыз.

Бостандық — елдің ішкі және сыртқы саясаты саласында әлеуметтік субъектілердің (жеке адамның, топтардың, қоғамдық-саяси ұйымдардың, т.б.) өз мақсаттары мен мүдделеріне орай әрекет жасау еркіндігі; құқықтық мүмкіндіктер аясы. Адамдардың қол жеткізген Бостандықтары тарихи дамудың нәтижесі болып саналады. Қоғамдық дамудың кейбір қайшылықтары мен кереғарлықтарына қарамастан, қайсыбір тарихи кезеңдерде жеке адам иеленетін Бостандықтар аясы кеңи түсетіні дәлелденген. Ал “саяси Бостандық” ұғымы азаматтардың саяси белсенділігін, саяси өмірге ұдайы қатысып, қоғамдық оқиғаларға, әлеумет үшін мәні зор шешімдер қабылдау процесіне тікелей ықпал етуге қабілеттілігін білдіреді. Оның іргелі қағидалары Адам құқыларының жалпыға бірдей декларациясында негізделген. Жалпы, саяси Бостандық негіздері кез келген өркениетті елдің конституциясында, арнаулы заңдары мен құқықтық жосындарында бекітілуге тиіс. Мысал, ҚР Конституциясында азаматтардың мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауына және оларға сайлануына шек қойылмайды; сондай-ақ, сөз және шығарм. бостандығына кепілдік беріледі; цензураға тыйым салынып, еркін түрде ақпарат алу және тарату еркі берілген, әркімнің ар-ождан, бірлесу бостандықтарын иеленуге құқы бар. Осы орайда адамдар, әлеум. топтар мен жіктер өздерінің құқыларымен қатар жауапкершіліктерін де айқын ұғына отырып, саясат субъектісі ретінде көрінуге тиіс. “Саяси субъектілік”, яки саясат субъектісі болуға қабілеттілік дегеніміздің өзі Бостандық мәселелерімен етене байланысты ұғым. Азаматтардың Бостандықтары аясы кең, құқықтық мүмкіндіктер өрісі неғұрлым биік болған сайын, елдің демократия даму деңгейі соғұрлым жоғары бола түседі.

Жауапкершілік сезімі- Жауапкершілік, бір жағынан, тиісті нәрсені пайымдауды, екінші жағынан, оны іске асыру жолдарын еркін түрде таңдауды көздейді.



Жауапкершіліктің түрлері адамның кімнің алдында (өзгелердің, өзінің, құдайдың) және не үшін ( өзі, өзінің ниеттері мен іс-әрекеттері, бостандық пен абыройын сақтауы, жеке тұлғасын жетілдіруі, өзінің дарыны мен шығармашылығын дамыту мен өмірлік мақсатын жүзеге асыруы, жақындарының игілігі, жалпы әлемнің үйлесімділігі үшін) жауап беретінімен айқындалады.

Үйге тапсырма:

1.Жеке тұлғалық дегеніміз не?

2. Бостандық дегеніміз не ?

3. Жауапкершілік дегеніміз не?

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет