Сабаќтыњ таќырыбы: Желілі жануарларды жіктеу



Дата23.04.2019
өлшемі2.25 Mb.
#112907
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Желілі жануарларды жіктеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Желілі жануарлардың құрылыс ерекшелігімен және алуан түрлілігімен,



табиғаттағы және адам өміріндегі маңызымен оқушыларды таныстыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды эстетикалық тәрбиеге баулу.

Дамытушылық: Тапсырмалар беру арқылы оқушылардың ойлау,есте сақтау, өз бетімен

жұмыстану қпбілеттерін дамыту.

Сабақтың жоспары:І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

1. “Карточкамен жұмыс”

2. “Мен туралы не білесің?” (суретпен жұмыс)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

ІV. Сабақты бекіту

V. Қорытынды

VІ. Үйге тапсырма



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі- оқушылармен амандасып, класты түгендеймін.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

1)Карточкалармен жұмыс. А) Берілген суреттен бунақденелінің дене бөлімдерін көрсет?




Б) Тест тапсырмасы:
1. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым саласы?
А) гельминтология. Б) энтомология. В) алгология.
2. Гемолимфа деп нені айтады?
А) бунақдененің жыныс мүшесін. Б) бунақдененің түссіз қанын.
В) тарақанның жүрегін.
3. Жаушоғыл деген не?
А) бунақдененің түрі. Б) қанатты дернәсіл. В) шегіртке дернәсілінің тобы.
4. Бал араның тұқым тобының құрамы?
А) аналық және трутень. Б) аналық, аталық, жұмысшы балара.
В) жұмысшы балара мен аналық.
5. Бунақденелілердің тыныс алу мүшесі:
А) өкпе. Б) демтүтік. В) желбезек.
6. Бунақденелілердің зәр шығару мүшесі?
А) сатан без. Б) мальпигп тамыры. В) жасыл без.
7. Нимфа деген не?
А) дамыған дернәсіл. Б) жаңа шыққан дернәсіл.
В) жыныс мүшесі толық жетілмеген дернәсіл.
8. Қай қоңыздың пайдасы бар?
А) шытырлақ қоңыз. Б) колорад қоңыз. В) үлкен көмбекей.

2) «Мен туралы не білесің?»




Қандай жануар?

Жауабы

Суреті

1

Арал теңізі маңында кездесетін,ерекше қорғауды қажет ететін, толық зерттелмеген жәндік. Бұл қай жәндік?

 

Нәзікқұйрық инелік

 

2

Бұл инелік қонған кезінде қанатын жайып қонбайды,көбелектер сияқты қанатын жинап қонатын жәндік?


Көркемше инелік

 

3

Күйенті тұқымдасына жататын, қанатының бірі ұзын,бірі қысқа болатын жәндікті табыңдар?


Шолғыншы инелік

 


ІІІ.Жаңа сабақ. §50 Желілі жануарларды жіктеу.

Желілер- жануарлар дүниесінің ең жоғары тобы.

Арқа жағында ішкі қаңқаның қызметін атқаратын желісі болғандықтан желілер деп аталған. Олар әр түрлі жануарлардан құралады.



Түр саны- 40-45 мыңдай.

Желілерге тән белгілер- 2-реттік дене қуысты, үш қабатты, екі жақты симметриялы, қан айналым жүйесі –тұйық.

Төменгі сатыдағы жануарлар

Жоғары сатыдағы жануарлар

Желі өмір бойы сақталады

Желіден омыртқа жотасы пайда болады

Жүйке түтігі өмір бойы сақталады

Жүйке түтігі ми мен жұлынға айналады

Желбезек саңылауы өмір бойы сақталады

Құрлықта тіршілік ететіндерінде желбезек саңылауының орнына өкпе пайда болады.


Желілер типі

autoshape 9autoshape 10autoshape 11





Бүгінгі сабақта қарастыратынымыз бассүйексіздер мен қабықтылар тип тармағы.

Қандауыршаның 30-ға жуық түрлері Атлант, Тынық мұхиттың жылы теңіздерінде 10-30 м тереңдікте тіршілік етеді.Қара теңізде еуропалық қандауырша өмір сүреді.

Қандауыршаның терісі жұқа. Оның сыртқы қабаты-эпидермис (грекше “эпи”-ыртқы,

дерма”-тері,сыртқы тері қабаты деген ұғымды білдіреді.Терінің ішкі қабаты нағыз тері деп аталады.



Қандауыршаның өзіне тән ерекшелігі-терісінің сыртында жұқа сірқабықтың (кутикуланың) болуы.

Қандауыршада қаңқаның қызметін әрі тығыз, әрі серпімді желі атқарады.

Асқорыту жүйесі : ауыз алды қуысынан басталады.Аузы көлемді жұтқыншақпен байланысқан. Ауыз қуысының айналысындағы ұсақ қармалауыштар үнемі қозғалып, суды ауыз қуысына

өткізеді. Сумен бірге ұсақ қарапайымдар жұтқыншаққа, одан ішекке өтеді. Қорытылмай қалған қалдық заттар аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады.

Қан айналым жүйесі: жүрек болмайды, оның қызметін құрсақ қолқа қантамыры атқарады, қаны түссіз.

Зәр шығару жүйесі: жұтқыншағының маңында зәр шығару түтікшелері орналасқан, қажетсіз заттар арнайы тесік арқылы сыртқа шығарылады.

Жүйке жүйесі: жүйке түтігі атқарады. Олар жарықты ғана сезеді.

Көбеюі: дара жынысты, сырттай ұрықтанады, ұрықтануы суда жүреді. Екі-үш жылда жыныстық жағынан жетіледі.

Қабықтылар тип тармағы, өкілі- асцидия.

Олар теңіз түбінде орнықты, жалғыз дара, кейде шоғырланып тіршілік етеді. Қабықтылар тип тармағының денесін қатты құрамы жасуныққа жақын заттар қаптайды,

сондықтан “қабықтылар”деп атайды. Денесі күбі пішінді,тұрқы 1мм-ден 30 см дейін, ауыз сифоны дененің жоғарғы жағында,қажетсіз заттарды шығаратын клоакалық сифоны бүйірінде болады. Желісі дернәсіл кезінде ғана болады.

Қан айналым жүйесі- ашық жүйелі.

Ас қорыту жүйесі: ауыз сифоны→жұтқыншақ → қарын→ішек →клоакалық түтік.

Көбеюі: қосжынысты, әр түрлі жолдармен көбейеді.


1774 жылы П.С.Паллас-қандауыршаны тауып,

ұлулар типіне жатқызды.




1834 жылы А.О.Ковалевский- омыртқасыз бен омыртқалыны байланыстырушы қандауырша

екенін дәлелдеді.Қандауыршаның көбеюі мен дамуын зерттеген.



ІҮ. Қорытынды: Сонымен желілер типі- 3 тип тармаққа бөлінеді, қан тарату жүйесі тұйық, олардың дене құрылысында, тіршілік әрекетінде омыртқасыздарға ұқсас белгілері де кездеседі. Ондай белгілерге- үш қабатты, екі жақты симметриялы, соңғы қуысты дене жатады.
Ү. Бекіту бөлімі.1) Лездік сұрақтар

1. Желілер қандай тип тармақтарға бөлінген?

2. Қандауыршаның көбеюі мен дамуын зерттеген ғалым кім?

3. Қабықтылардың негізгі өкілі қандай жануар?

4. Қандауыршаның сыртқы қабаты қалай аталады?

5. Омыртқалы және омыртқасыздарды байланыстырушы жануар?

6.. Қандауыршаның қандай сезім мүшелері дамыған?

2) Сәйкестігін тап.

1. Тұйық жүйелі 2. Ашық жүйелі 3. Дара жынысты 4. Қарын. 5. Аналь тесік

6. Қос жынысты 7. Клоакалық түтік 8. Күбі тәрізді 9. Қандауыр тәрізді

10. Желі ересегінде болады 11. Желісі дернәсілінде болады


Қандауырша

Асцидия








3) Оқулықпен жұмыс: тақырып соңындағы берілген тапсырманы орындайды

ҮІ. Үй тапсырмасы: §50. Қандауыршаның маңызы туралы деректер жазып келу.

ҮІІ. Бағалау.

ҮІІІ. Сабақтың аяқталуы: Сау болыңыздар.
Каталог: uploads -> doc -> 033c
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
033c -> Сабақ тақырыбы: Ұлттық ойын «Арқан тарту»
033c -> «алкадиены»


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет