І. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Күн сәулесі кімге түсті?
Қағаз қиындылары арқылы топқа бөліну
І Дүние жүзі соғысында химиялық қару ретінде қолданған газ / хлор/
Жүйкені тыныштандыратын дәрі құрамына кіреді.
/бром/
Қан тоқтатын сұйықтық /йод/
І топ: хлор ІІ топ: бром ІІІ топ: йод
ІІ. Өткенді қайталау. Үй жұмысын қайталау
-
Есепті тексеру
-
Өткенді қайталау. Тест тапсырмасын орындау
І нұсқа
1. Галогендер үшін дұрыс тұжырым:
а.молекулалары қ.ж екіатомды
ә.барлық галоген атомдарының жоғары валенттігі VII ге тең
б.оттекпен қосылыстарында барлық галоген атомдарының тотығу дәрежесі оң
в.барлық галоген атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейлерінде негізгі жағдайда 7 электрон болады.
2. Галогендердің ішінде тотықсыздандырғыш қасиет айқын байқалады? а.Бром ә.Хлор б.Йод в.Фтор
3.Тұз қышқылы мына заттармен әрекеттесе отырып тотықсыздандырғыш болады? а.KMnO4 ә.K2CO3 б.NH3 в.MnO2
4.Сәйкестендір:
1.НСІО а.хлорат
2.НСІО2 ә.перхлорат
3.НСІО3 б.гипохлорит
4.НСІО4 в. Хлорит
5.Төмендегі реакция теңдеуіндегі барлық коэффициенттер саны:
2СаОСІ2 +СО2 +Н2О = СаСО3 +СаСІ2 +2НСІО
а. 4 ә. 2 б.10 в.8
1.Барлық галогендерге тән қасиет:
а.жоғары тотықсыздандырғыш қасиет
ә.тотықтырғыш қасиет
б.жоғары реакцияға қабілеттілік
в. әдеттегі жағдайда жай заттардың газтектес болуы
2.Қай реакция жүрмейді? а.КІ +Br2 = ә.КCI +СІ2= б.КBr +СІ2= в.КCI + І2
3.Тұз қышқылы қатысында жүретін реакцияны көрсет:
а.Cu +HCI = ә.K2SiO3 +HCI =
б.HCI +NH4HCO3 = в.HCI +SiO2 =
4.Хлордың оттекті қышқылдарында қышқылдық қасиет төмендегі реттілік бойынша:
НСІО ←НСІО2 ← НСІО3 ← НСІО4
а.артады ә. Кемді б.өзгермейді.
5. Галогендер молекулаларының атомдарға жеңіл ыдырауы олардың қандай қасиетіне байланысты
а. физикалық қасиетіне ә.балқу температураларына
б.жоғары химиялық белсенділігіне в.бір топшада болуына
ІІІ нұсқа
1. Дұрыс тұжырымды көрсет:
а.2-5- периодтарда жай заттардың ішінен галогендер ең күшті тотықтырғыштар болып табылады.
ә.қатты жағдайда галогендер иондық кристалл торын түзеді.
б. фтор басқа элементтермен қосылыстарында бір ғана тотығу дәрежесін көрсетеді.
в.NaI → NaCI → NaF қатарындағы тұздардың балқу температурасы жоғарылайды.
2.Белгілі жағдайда хлор әрекеттесетін заттың формуласын көрсет:а. КОН ә.Н2О б.Ғе в.КІ
3.СІ2+Н2О ↔НСІ +НСІО реакция теңдеуіндегі түзілген өнімдер:а.тұз қышқылы және хлорлы қышқыл
ә.тұз қышқылы және хлор қышқылы б.тұз қышқылы және хлорлылау қышқылы в.тұз қышқылы және хлорлау қышқылы
4.Галоген атомдарының сыртқы қабатындағы электрондық конфигурациясының формуласына сай келетін нұсқаны белгіле: а.ns2np5 ә.ns2np4 б.ns2np3 в.ns2np6
5.Фтордың басқа галогендерден айырмашылығы оның
а. ол s элементке жатады ә.р орбиталы жоқ
б.d орбиталында 2 электроны бар в. d орбиталы жоқ
ІV нұсқа
1.Галогендер сумен, сутекпен, оттекпен, мырыш оксидімен, мыспен, фосформен, бензолмен әрекеттеседі. Осы тұжырымда қанша қате бар?а.1 ә.жоқ б.3 в.2
2.Тұз қышқылына мынадай қасиеттер тән:
1.Лакмустың түсін өзгерту 2.Фенолфталеиннің түсін өзгерту
3. Көптеген металдармен әрекеттесу 4.Мысты еріту
5.Кальций гидроксидін бейтараптау 6.Алтын оксидін еріту
7.Тұздармен әрекеттесу 8.фосфаттардан фосфор қышқылын ығыстыру. Осы қасиеттердің қаншасы дұрыс?
а.4 ә.5 б.6 в.7
3.Адам организмінде /масса бойынша/ хлордың мөлшері ... % тең : а.0,5 ә.0,2 б.0,25 в.0,50
4.Галогендердің ядро заряды өскен сайын атомдарының радиустары ...., себебі энергетикалық деңгей саны
а.артады, жоғарылайды. ә.артады, төмендейді.
б.төмендейді, кемиді. в.кемиді, артады.
5.Хлор иондарына сапалық реакция .... бола алады.
а.Ерітіндіде крахмалдың болуы, көк түске боялуы
ә.Жанарғы жалынын көк жасыл түске бояйды
б.күміс иондарымен әрекеттескенде, күміс хлориді тұнбаның түзілуі
в.Сілті қосқанда, қоймалжың тұнба түзілуі
мұғалім жетелеме сұрақтар қояды.
Сендер орындаған тапсырма қандай тақырыпқа негізделген?
Олар қай топта орналасқан? Аталған элементте металдық және бейметалдық қасиет қалай өзгереді? Ол қандай қасиетке байланысты?
|