Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты


Қоғамдық таптардың жіктелуі



жүктеу 0.67 Mb.
бет3/4
Дата21.04.2019
өлшемі0.67 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4

Қоғамдық таптардың жіктелуі

Теңсіздіктің пайда болуы

Ру ақсақалдары

Тайпа көсемі

Әскербасылары

Қолбасшылар

Қауым мүшелері-

Кедейлер,

құлдар

Қоғамдық құрылысы

Патша

  • Ірі ақсүйектер, байлар

  • Қолбасшылар, әскербасылар

  • Тәуелді адамдар, қызметшілер, жауынерлер

Тақырыптың үшінші мәселесі-Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Қазақстан аумағындағы б.з.б. V-II ғасырларда өмір сүрген сақ, сармат тайпалары мемлекет дәрежесінде өмір сүргендігін түсіндіру. Картаны пайдаланып, оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру.

  1. Б.з.б. V ғасырда Қазақстан аумағын мекендеген тайпа бірлестіктерін атаңдар?

  2. Б.з.б. ІІІ-б.з. V ғасырларында орналасқан тайпа одақтарының аусағын көрсетіңдер?

  3. Ежелгі қорғандарды (обаларды) көрсетіңдер?

Сұрақтар:

  1. Әскери демократия органдары не себептен үстемдік ету органына айналды?

  2. Билік етудің жаңа қандай формасы ұйымдастырылды, оған қандай қолайлы жағдай туды деп ойлайсыңдар?

Сабақты бекіту:

    1. Қазақ мемлекеттілігі туралы еуроцентристердің ойларындағы қандай қайшылықтарды аңғардыңдар?

    2. Көшпелі қоғамдағы мемлекетіліктің ерекшеліктері туралы айтып беріңдер

    3. Жекелеген тайпалық одақтардың мемлекетке бірігу үшін ең басты алғышарт қандай болды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §16.



10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: §17. Қазақ жеріндегі алғашқы мемлекеттік бірлестіктер

Сабақтың мақсаты:


  • Б.з.б. ІІІ-б.з. IV ғасырларда Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарындағы алғашқы мемлекеттердің дамуын, олардың қоғамдық құрылысын, алып жатқан аймағын көрсету, мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіру.

  • Тарихи санасы қалыптасқан , пәнге қызығушылығы жоғары білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:


        1. карта

        2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

Үй тапсырмасын сұрау:



  • Көшпелілерде мемлекеттің пайда болуы және оның ерекшеліктері

  • Көшпелі мемлекеттерде қоғамдық таптардың пайда болуы.

Сабақтың жоспары:



  1. Сақ тайпаларының әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы

  2. Ғұн мемлекеттілігі

  3. Үйсін мемлекеттілігі



Ескерткіштері

Орналасқан жері, уақыты

  1. Қауыншы

  2. Жетіасар

  3. Отырар-Қаратау



Мұғалім өзі әрі қарай жалғастырып, картаны пайдалану арқылы осы сақ, дай тайпалары мекендеген Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда б.з.б. ІІІ-б.з. Ivғасырларында Ғұн, Үйсін Қаңлы мемлекеттері өмір сүргенін айта отырып, сабақ жоспарындағы мемлекеттерге тоқталады.

Сабақты бекіту:

1.Қазақстан аумағында қандай көне мемлекеттер өмір сүрді? Олар қалай дамыды?

2.Ғұндар мемлекеттілігі жүйесінде неліктен әскери-әкімшілік белгілер басым?

3.Үйсін қоғамының әлеуметтік құрылыс мен мемлекеттік ұйымы несімен ерекшеленеді?

Бағалау: Үйге тапсырма: §17
10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: § 18. Қазақстан жеріндегі ерте және орта ғасырлардағы мемлекеттер

Сабақтың мақсаты:


  • Ерте орта ғасырларда құрылған Түрік империясының дамуы, өз шекарасын Қара теңізге дейін жеткізгені, империяның әлеуметтік, экономикалық жаңдайы және ыдырауы туралы білімдерін тереңдету:

  • Пәнге деген қызығушылығын арттырып,адамгершілік асыл қасиеттерді бойларына сіңірту.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:


        1. карта

        2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

Үй тапсырмасын сұрау:

1. Сақ тайпаларының әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы

2. Ғұн мемлекеттілігі

3. Үйсін мемлекеттілігі

Сабақтың жоспары



  1. Түрік империясының құрылуы

  2. Түрік империясының дамуы

  3. Түрік империясының әлеуметтік, экономикалық жағдайы

  4. Түрік империясының ыдырауы

  5. Батыс Түрік қағанатының империялық дәрежеге көтерілуі

Мемлекеттік басқару жүйесі

Қаған-хан

  1. «Тегін»- мұрагер -//- Бектер

  2. Жабғу (ябғу)-бас уәзір-//-еріктілер

«Шад»- ханзада -//- Тектілер

Сабақты бекіту:

  1. Түрік империясы қай жылы қай қаған кезінде құрылды?

  2. Түрік империясының алып жатқан аумағы туралы қандай жазба деректерде келтірілген?

  3. Қағанат ішкі талас-тартыстың салдарынан қай жылы екіге бөлінді?

Бағалау:

Үйге тапсырма беру:§ 18



10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: §19. XIV ғасырларда және XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер

Сабақтың мақсаты:


  • Қазақстан аумағында XIV-XV ғасырларда құрылған хандық мемлекеттердің олардың әлеуметтік, экономикалық жағдайын, әкімшілік құрылысы туралы білімдерін тереңдету:

  • Тарихи санасы қалыптасқан , пәнге қызығушылығы жоғары білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. «Қазақастан 14-15 ғасырларда» картасы

  2. «Қазақстан Республикасының сяси картасы».

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Түрік империясының құрылуы

  2. Түрік империясының дамуы

  3. Түрік империясының әлеуметтік, экономикалық жағдайы

  4. Түрік империясының ыдырауы

  5. Батыс Түрік қағанатының империялық дәрежеге көтерілуі

Сабақтың жоспары:

  1. Қазақстан аумағында хандық мемлекеттердің құрылуы.

  2. Мемлекеттердің әлеуметтік дамуы.

  3. Экономикалық дамуы.

  4. Мемлекеттердің әкімшілік құрылысы

Мұғалім оқушыларды қатыстыра отырып, Шағатай, Жошы және Үгедей билеген аумақты картадан көрсетіп, олардың жеке ұлыс болып өмір сүргені жайлы айтады. Сонымен қатар Бату хан кезінде Алтын Орда құрылып, кейіннен оның Ақ Орда және Көк Орда болып бөлінгенін, онда билік жүргізген хандарға, оқиғаларға тоқталады.

Алтын Орда, Ақ Орда ыдырағаннан кейін Қазақстан аумағындағы мемлекеттер туралы түсіндіру барысында төмендегі сызбаны пайдалануға болады.



Алтын Орда

  1. Ақ Орда –Әбілқайыр хандығы- Моғолстан мемлекеті

  2. Көк Орда

  3. Ноғай Ордасы

Жерге иелік түрлері

  • Икта

  • Інжу

  • Сойырғал

  • Тархандық

  1. Мемлекеттік жер (диуандық)

  2. Інжу-ірі жер иелену

  3. Вакуфтық- дін иелігі

  4. Миліктік-шаруалар

XIV-XV ғасырлардағы салық түрлері

  • Тағар

  • Қалан

  • Құшыр

  • Зекет

  • Сауын

  • Хараж

  • Баж

  • Соғым

  • Сыбаға

Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы әкімшілік басқару жүйесінің көп жағдайда бір-біріне ұқсас болғанын, жоғары тап, ірі тайпа өкілдерінен тұратын хан кеңесінің рөлін ерекше атап өту керек. Мұғалім бұл мемлекеттердегі халықтың шаруашылығы , мәдениеті, тілі, діні, әдет-ғұрыптарының ұқсастығына тоқталып, қазіргі осы аймақтарда құрылған мемлекеттер халықтарының ұқсастықтары, айырмашылықтары туралы оқушыларды қатыстыра отырып әңгіме өткізуге, пікір алысуға болады.

Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету мақсатында, ізденісін дамыту бағытында қырғыз, өзбек, башқұрт, түрікмен, татар, қалмақ, т.б. халықтар туралы баяндама, реферат жазып келуді тапсыру да тиімді.

Әбілхайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасы ыдырағаннан кейін, осы аймақта Қазақ хандығы құрылып, дами бастайды. Қазақ хадығының құрылуының қазақ халқы үшін тарихи маңызы зор.

Сабақты бекіту:



    1. Орта ғасырдағы мемлекет тұрғындары мемлекет қазынасына қандай салық түрлерін төледі?

    2. 14-15ғ Қазақстанда жерге иелік ету мен жерге жеке меншіктің қандай түрлері өмір сүрді?

Бағалау:

Үйге тапсырма беру: §19.



10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: § 20. Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы. Қазақ хандығы

Сабақтың мақсаты:

1.Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары, XV-XVIIIғасырларда оның дамуы жайында баяндау, хандардың саяси бағыттарын көрсету, сыртқы жаудан елін, жерін қорғап, тәуелсіздігін сақтап қалған қазақ хандары туралы айта отырып, білімдерін тереңдету:

2. Пәнге деген қызығушылығын арттыру,ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту:

3. Патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:


        1. карта

        2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

Үй тапсырмасын сұрау:



  1. Қазақстан аумағында хандық мемлекеттердің құрылуы.

  2. Мемлекеттердің әлеуметтік дамуы.

  3. Экономикалық дамуы.

  4. Мемлекеттердің әкімшілік құрылысы

Сабақтың жоспары:

  1. Қазақ хандығының құрылуы

  2. Қазақ хандығының XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдағы саяси жағдайы

  3. XVII-XVIII ғасырлардың 30-жылдарына дейінгі Қазақ хандығы

Сабақты мұғалім өткен сабақпен байланыстыра отырып, мына сұрақтарды қояды:

  1. Алтын Орда ыдырағаннан кейін қандай мемлекеттер құрылды?

  2. Моғолстан, Әбілқайыр хандығы және Ноғай ордасының әлсіреуіне не себеп болды?

Оқушы жауаптарын мұғалім толықтыра отырып, сабақты әрі қарай жалғастырады. Қазақ хандығының құрылуын XV ғасырдың 60 (70)-жылдары деп көрсетудегі дәлелдің бірі-М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» деген еңбегінен үзінді келтіре отырып түсіндіреді. Жәнібек пен Керейдің Жетісуға қарай көшуінің түпкі негізі-біріншіден, хандықтың ішіндегі әлеуметтік-экономикалық қайшылықтар, екіншіден, этностық байланыстар. 1465-1466 (1470-1471) жылдары Қазақ хандығы құрылып, дүние жүзіндегі мемлекеттерге таныла бастағанын деректерге сүйене отырып әңгімелеу.

Тақырыптың екінші мәселесі-Қазақ хандығының XV ғасырдың екінші жартысы мен –XVI ғасырдағы саяси жағдай.

Бұл ғасырларда қазақ хандары Жәнібек пен Керей сол кездегі Әбілқайыр хандығындағы саяси жағдайларды пайдалана отырып, Оңтүстік Қазақстандағы Созақ, Сығанақ, Сауран, т.б. қалаларды жаулап алады. Қазақ хандығының аумағын ұлғайтуда Қасым ханның рөлін мұғалім деректерге сүйене отырып, ерекше атап өтеді. «XV-XVIII ғасырлардағы Қазақстан», «XIII-XVII ғасырлардағы Жетісу» карталарын, «Қазақстан Республикасының саяси картасын» пайдалану керек.

Мұғалімнің қазақ хандары Хақназар, Тәуекел, Есім тұсінда олардың батыста, солтүстік-шығыста, +Орталық Азияда хандықтың шекарасын кеңейтудегі рөлін, көрші елдермен саяси, сауда қарым-қатынастарын жасап, ел экономикасының дамуына на назар аударып отырғанын ерекше атап өтуі тиіс.

Сабақта төмендегі сызбаны пайдалануға болады.

XV-XVIғасырлардағы қазақ хандығы



Хандықтың байланыс жасаған елдірі

  • Моғолстан

  • Өзбек хандығы

  • Сібір хандығы

  • Орыс мемлекеті

Қатынас жасау түрлері

  • Бейбіт, дипломатиялық

  • Соғыс жағдайы, шапқыншылық

Мұғалім сабақты қорытындылап, бекіту сұрақтарын қояды.

  1. Қазақ хандығы қашан құрылады, алғышқы хандары кімдер?

  2. Қазақ хандығы қай жерде құрылды?

  3. Бұрындық пен Қасым хан кезінде Қазақ хандығының шекарасы қай жерлерге дейін ұлғайды?

  4. Қазақ хандығы көрші қандай мемлекеттермен қарым-қатынас жасады?

  5. Парсы тарихшысы Ескендір Мұңшы Тәуекел ханның қай елге шапқыншылығын суреттейді.

  6. Шоңғарларға қарсы Орбұлақ шайқасы қай жылы болды, ерекшелігі қандай?

  7. Тәуке хан ішкі саяси билікте қандай өзгерістер енгізді?

  8. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қандай жылдарды еске түсірді?

Бағалау:

Үйге тапсырма беру:§ 20



10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: § 21.Қазақ мемлекетінің саяси және әлеуметтік құрылымдары

Сабақтың мақсаты:


  • XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының басқару жүйесін, ұлыстық құрылымын, әкімшілік-құқықтық нормаларының ерекшеліктерін көрсету. Сот жүйесі, салықтар мен міндеткерлік түрлері туралы білімдерін тереңдету:

  • Ойлау дағдысын қалыптастырып,мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:


        1. карта

        2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

Үй тапсырмасын сұрау:



  1. Қазақ хандығының құрылуы

  2. Қазақ хандығының XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдағы саяси жағдайы

  3. XVII-XVIII ғасырлардың 30-жылдарына дейінгі Қазақ хандығы

Сабақтың жоспары:

  1. Хандық өкіметтің басқару жүйесі

  2. Ұлыстық құрылым

  3. Әлеуметтік құрылым

  4. Әкімшілік-құқық нормалары мен қылмыстық іс.

  5. Сот жүйесі

  6. Меншік мәселесі

  7. Салықтар мен міндеткерліктің түрлері

Ханның бес түрлі құқығы мен міндетін түсіндіру кезінде төмендегі сызбаны пайдалануға болады.

Құқығы

  • Мемлекеттің жеріне билік жүргізу

  • Соғыс жариялау, билік жасау

  • Шет мемлекеттермен келіссөз жүргізу

  • Өзіне бағынышты адамдарды өлім жазасына кесі не тірі қалдыру

  • Заң шығару, бұйрық беру

Міндеті

  • Елді сыртқы жаудан қорғау

  • Әскерді басқару

  • Мемлекеттің сыртқы саяси бағытын белгілеп отыру

Қазақ халқының әлеуметтік құрылымы

І. Феодалдар

  1. Сұлтандар, қожалар

  2. Билер, бай-шонжарлар, батырлар, ақсақалдар

ІІ. Қарапайым халық

  • Қараша,

  • қара кісі,

  • шаруа,

  • бұқара

  • құл құтан

ІІІ. Құлдар, күңдер-бас бостандығы жоқ адамдар.

Мұғалім оқушыларға қазақ қоғамында жерге, малға деген меншіктің болғанын деректемелер келтере отырып түсіндіреді.

Салық, міндеткерлік түрлерін түсіндіруде мұғалімнің сызбаны пайдалануына болады.

Салық түрлері


  • Зекет- мал басынан ханға төленетін салық

  • Хараж-жер салығы

  • Тағар-әскер үшін алынатын салық

Халықтың атқаратын міндеткерлагы

  • Хан мен сұлтанға сыбаға, соғым беру.

  • Ақсүйектерді қонақ етіп күту

  • Салық жинаушыларды, т.б. көлікпен қамтамасыз ету.

Мұғалім бекіту сұрақтарын қойып, қорытындылар, сабақты аяқтайды.

Бағалау:


Үйге тапсырма беру: § 21

10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: § 22. Көшпелілер рухани мәдениетінің ерекшелігі

Сабақтың мақсаты:

1.VI-XII ғасырлардағы қазақ жеріндегі рухани мәдениеттің дамуын, оның бағыттарын түсіндіру:

2. Пәнге деген қызығушылығын арттырып,ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту:

3.Адамгершілік асыл қасиеттерді бойларына сіңірту

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:


        1. карта

        2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

Үй тапсырмасын сұрау:



  1. Хандық өкіметтің басқару жүйесі

  2. Ұлыстық құрылым

  3. Әлеуметтік құрылым

  4. Әкімшілік-құқық нормалары мен қылмыстық іс.

  5. Сот жүйесі

  6. Меншік мәселесі

Сабақтың жоспары:

  1. Орта ғасырлардың ерте және орта кезіндегі рухани мәдениеттің даму бағыттары

  2. Ежелгі жазба ескерткіштері

Сабақты бекіту:

1.Рухани мәдениет пен материалдық мәдениеттің айырмашылығы неде?

2.Түркі тіліндегі жазулар тіл ғылымында қалай аталады?

3.Руна жазуының құпия сырын ашқан кім?

4.Соғды және түркі жазуындағы ұқсастықтар мен өзгешеліктер қандай?

Бағалау:


Үй тапсырмасын сұрау: § 22

10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: § 23. Орта ғасырлардағы қазақ жерінен шыққан даналар

Сабақтың мақсаты:

1.VI-XII ғасырлардағы қазақ жеріндегі рухани мәдениеттің дамуын, оның бағыттарын көрсету. Ғылым мен әдебиеттің дамуына өз үлесін қосқан ғалымдар, әдебиет өкілдері туралы мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету.

2. Ойлау дағдысын қалыптастырып,мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:



        1. карта

        2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

Үй тапсырмасын сұрау:



  1. Орта ғасырлардың ерте және орта кезіндегі рухани мәдениеттің даму бағыттары

  2. Ежелгі жазба ескерткіштері

Сабақтың жоспары:

  1. Ғылым мен әдебиеттің дамуы

  2. Сыр бойының даналары

  3. «Тарих-и Рашиди».

  4. «Жылнамалар жинағы».

  5. «Шыңғыснама».

  6. «Әбілғазы шежіресі»

Ғалымдар мен жазба әдебиетінің өкілдері



Аты-жөні

Еңбектері

1

Әбунасыр әл-Фараби (870-950)

«Даналықтың жауһарлары», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы», «Музыка туралы үлкен кітап»

2

Жүсіп Баласағұн (1021-1075)

«Құтадғу білік»

3

Қожа Ахмет Йасауи

«Даналық сөздер»

4

Ахмет Иүгінеки

«Ақиқат сыйы»

Сабақты қорытындылап, бекіту сұрақтары қойылады.

Үйге тапсырма : §23

10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: §24. XY-XYIIIғ қазақ ауыз әдебиеті. Қазақ фольклоры

Сабақтың мақсаты:

1.Қазақ халқының шығармашылық дәстүрінің ерекшеліктерін, эпостық аңыздардың тарихи маңызын, ауыз әдебиетінің түрлерін, олардың тарихи маңызын түсіндіру. Ауыз әдебиетінің жастарға беретін тәрбиелік мәнін ашу, жастарды еңбекке, отанына деген сүйіспеншілікке, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:


        1. карта

        2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

Үй тапсырмасын сұрау:



  1. Ғылым мен әдебиеттің дамуы

  2. Сыр бойының даналары

  3. «Тарих-и Рашиди».

Сабақтың жоспары:

  1. XV-XVI ғасырдағы қазақ жыраулары

  2. XVII-XVIII ғасырдағы қазақ жыраулары.

  3. Эпостық аңыздар.

Сабақты бекіту:

  1. «Жырау» атауы нені білдіреді?

  2. Асан қайғы өз өлеңінде Жәнібек пен Керейді не үшін кіналады? Пікірлеріңді білдіріңдер.

  3. Ақжол би деп кімді атаған?

  4. Еділ мен Жайықты мақтап, елге, малға жайлылығын суреттеген кім?

  5. Доспамбет жырау өз жырларында негізінен жастарға қандай насихат айтады? Оның қандай өлеңдерін білесіңдер?

  6. Әскери жорықтармен Кавказдың терістігін, Қырым, Дон бойын аралап шыққан ақын-жырауды атаңдар.

  7. Жиембет жырау Есім ханның әскербасы, кеңесші қызметін атқарғанда қандай көзқараста болды?

Бағалау: Үйге тапсырма беру:

  1. Оқулық соңындағы сұрақтарға жауап беру

  2. Ақын-жыраулардың өздеріңе ұнаған өлеңін жаттап келу.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет