Сабақтың тақырыбы: Коэффициент. Есептер шығару. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру. Сабақтың мақсаты



Дата26.11.2018
өлшемі34 Kb.
#55378
түріСабақ

Сыныбы: 6 сынып

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Коэффициент. Есептер шығару. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жақшаларды ашу, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару, ұқсас қосылғыштар, ұқсас қосылғыштарды біріктірудің ережесін пайдаланып, пысықтауға есептер шығарту.

Дамытушылық: Алған білімдерін есептер шығарғанда пайдалана білу.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге үйрету,бір-бірінің білімін бағалай білуге

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ойын сабақ, түсіндірмелі, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, карточка, ведио, бағалау парағы

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу,

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

III.Өткен сабақты қайталау:(ауызша сұрақ арқылы)

1.Екі теріс санды қосу ережесін тұжырымда.

2.Таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесін тұжырымда.

3.Қарама-қарсы екі санның қосындысы неге тең?

4.Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі қалай табылады?

5.Таңбалары әртүрлі екі санның көбейтіндісі қалай табылады?

6.Жақша алдында«+» таңбасы болса,жақша қалай ашылады?

7.Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?

IV.Жаңа сабақ.

Әріп бөліктері бірдей қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды.

Мысал.4а-9а+3а-17а алгебралық қосындысы берілген .

4а-9а+3а-17а қосылғыштарының әріп бөліктері бірдей. Мұндай қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды.

4а-9а+3а-17а=(4-9+3-17)а=-19а

Ұқсас қосылғыштарды қосу ұқсас қосылғыштарды біріктіру деп аталады.

Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін:

1)Олардың коэффициенттерін қосу керек

2)Алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.

Ұсас қосылғыштардың әр түрлі бірнеше тобы болуы мүмкін.Мұндай жағдайда әртүрлі ұқсас қосылғыштардың астын түрліше сызып ,соған қарап біріктіреді.

Мысал:5,7х-8у+3,6+4у-3х-5=(5,7-3)х+(4-8)у+(3,6-5)=2,7х-4у-1,4

Мысал: Өрнекті ықшамдап, оның мәнін табайық:

5mn-4,8mn+7,5mn мұндағы m=2 ,n=-3

5mn-4,8mn+7,5mn=(5-4,8+7,5)mn=7,7mn=7,7•2•(-3)=-46.2

Жауабы:-46,2

Сергіту сәті: Қолмен ауада 0 ден 9ға дейінгі цифрларды жазу.

V. «Банк» ойынын пайдаланып есептер шығару. Банк-қаржы мекемесі онда барлық халық,барлық мекемелер, кәсіпорындар қаражаттарын жинайды және несие береді. Оқушыларды 2 топқа бөлеміз. Әр топқа банк атауын береміз. І-топ - Халық банкі, ІІ-топ - БТА банкі. 2 топтың президентін сайлаймыз. Қалған оқушылар - салымшылар. Әр банктің тапсырмалары 1 мыңдық, 2 мыңдық, 3 мыңдық, 5 мыңдық, 10 мыңдық бейнеленген ақшалы карточкаларға жазылады.

1,2,3 мыңдық бейнеленген ақшада оқушының міндетті деңгейіне байланысты, яғни жеңіл тапсырмалар беріледі.

5 мыңдық бейнесінде сәл күрделі тапсырмалар.

10 мыңдық бейнесінде қиындығы жоғары тапсырмалар беріледі.

2 топтағы әр оқушы өз деңгейіне байланысты өзі шығарған есеп теңгелерді өз банкісіне салып отырады. Қай банк қаржысының өсімі көп болса ,сол банк жеңіске жетеді.

1 мыңдық:№779.1)2а-8а+3а 3)9в-5в-3в 5)0,6с-с+0,5с

2 мыңдық.№780

3 мыңдық. №788. Тік төртбұрыштың ұзындығы а см,ал ені одан 3см қысқа. Тік төртбұрыштың периметрін табыңдар. Мұндағы а=8

№789.1)6а+4в+3в-8а мұндағы а=1,в=0,5

5 мыңдық.№790 .

1) ( 3 х + у ) — ( -х — 4 у ) ___________________________________________

__________________________________________________________________

5)(х-у ) + (х-у) — (2х+у) ____________________________________________

№792

10мыңдық.№802.1) 2(а-3в)+3а+в, мұндағы а-в=4_________________________



801.1)4(3а+1,6)-(5+2а)-3(а-1,2)_____________________________________

VI. Үйге тапсырма: (сыныпта шығарылған есептердің жұптары)

Қорытындылау:(ауызша сұрақ арқылы)

1.Қандай қосылғыштар ұқсас қосылғыштар деп атайды?



2.Ұқсас қосылғыштар қалай біріктіріледі?

VII. Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 128e
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
128e -> «№13 орта мектеп гимназиясы» мм тест жинақтары 7 сынып жинақтаған: Сагиндикова Сандугаш Кадиргалиқызы Информатика пәні мұғалімі
128e -> Іі тоқсан қорытындысы бойынша 9-сыныпқа Қазақстан тарихы пәнінен тест тапсырмалары І нұсқа
128e -> Жалпы білім беретін мектептерінің орта буын сыныптарында ағылшын тілі лексикасының сөздік қорын кеңейту әдісі


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет