Сабақтың тақырыбы: Көк аспанда тулардың, желбірейтін күні бұл. Мақсаты



жүктеу 78.7 Kb.
Дата21.08.2018
өлшемі78.7 Kb.
түріСабақ




Аймбетова Анар,

№50 Абай атындағы орта мектебінің кітапханашысы .

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы



Сабақтың тақырыбы: Көк аспанда тулардың, желбірейтін күні – бұл.

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір – қасиетін түсіндіру.

Тәрбиелігі: Отан – Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.

Дамытушылығы: Оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дикциясы мен интонациясын дамыту.

Көрнекілігі: Желтоқсан қаһармандарының суреттері (Қайрат, Лаззат, Сәбира, Ербол), интерактивті тақта, тақырып желісі бойынша слайдтар, мазмұнды суреттер, шарлар, нақыл сөздер.

І. Ұйымдастыру. Кіріспе сөз.

Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Біз бүгін дүниені дүр сілкіндіп, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Көк аспанда тулардың, Желбірейтін күні – бұл» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз. 1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, бейбіт шеруге шықты. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақтың ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев сынды аға – апаларымыз қатысты. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата – бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Ақбота: Құрметті ұстаздар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы. Сіздерді 16 – желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Қанша жыл, қанша ғасыр өтседе ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтыны – оның тағдырымен байланыстылығында. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі ХХ ғасырдағы айтулы оқиға.

Қуат: Желтоқсан бастауы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белесі.

Ақбота:

Желтоқсанда талай ақын жырлаған,

Бұл құбылыс таусылмайтын жыр маған.

Таусылмайтын сыр маған

Тұғырыма жаңа қонған Ескерткіш

Сол күндердің, сол түндердің елесіндей мәңгілік

Айналасын ән қылып,

Алаңдағы дауыстар бүгінде,

Естіледі жаңғырып – деп ақынымыз жырлағандай, Желтоқсан. Жаңғырығы бізге Тәуелсіздіктің таңын әкелді.

Қуат: Тәуелсіздігіміз үшін жанын құрбан еткен азаматтарымыздың ерен еңбегі ешқашан ұмтылмақ емес.

Ақбота: Ендеше, сол ұлы мерекеге арналған «Көк аспанда тулардың, Желбірейтін күні – бұл» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер».

Қуат: Бұл күнге жету үшін ата – бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа табыс етті.

Ақбота: Бостандықтың шынжырлап маталған ескі өмірді қиратқан 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына биыл 26 жыл толмақшы.

Қуат: Тәуелсіздік бізге оңай тимеді,

Асау аттай өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге төрледі.



Ақбота: Тәуелсіздік бізге оңай тимеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді!?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда

Сан перзентін қара жерге жерледі.



Желтоқсан оқиғасына арналған әдеби монтаж

Дильяра: Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн

Әділдікпен шындықты

Өтірік жала жапқан күн.



Дина: Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың

Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.

Қайрат, Лаззат, Сәбира

Құрбаны болған жаланың.



Дильяра: Надан жасаған сұмдықтың

Адамдар азап шеккен күн.

Қасқалдақ ұшып көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қырандар қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.



Нұрай: Шектеліп ана тіліміз,

Оқылмай өлең – жырымыз.

Жабылып жатса мектептер

Жадырар қалай күніміз?

Тарылып жатса даламыз

Қайтіп біз тыныс аламыз?

Қақымыз да жоқ айтуға

Әділет қайдан табамыз?



Диана: Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеге өршіп наласы.

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы

Жанымыз жомарт қазақпыз

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз

Қосайық басты, бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.



Балауса: Желкеге тиді сілтеген күрек, қамшылар,

Соққыға мұндай, қасапқа қандай жан шыдар?

Жастарға шашқан мұз судан мұз шашырап,

Ауылда жатқан маған ди тиді тамшылар.



Шұғыла: Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

Жауыздықты жасағанда – Желтоқсан

Жаңа ғұмыр бастағанда – Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.



Сымбат: Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула! Лаула! Желтоқсанның мұзда жанған алауы!

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы!



Қуат: Хор: «Желтоқсан желі»

Ақбота: Тәуелсіздік – халқымның бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі.

Қуат: Тәуелсіздік – елдіктің киелі кепілі, келелі келешегіміздің, ұлттық татулығымыздың нышаны.

Сахнаға шығып 12 оқушы «Тәуелсіздік сөзіне анықтама береді.



Аружан: Тәуелсіздік 11 әріп құралған

Сан ғасырлар бар боп арман.

Талай дара, даналардың көз жасы,

Қаныменен аттытаң боп бізге алдан.

Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл,

Ей келешек жан – тәніңмен ұғып біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл.



  1. Т – білдіреді теңдікті

  2. Ә – әдептілік, өрлікті

  3. У – уайымсыз уақытты

  4. Е – егемендік, елдікті

  5. Л – дейді лағып лепірме

  6. С- сенімділік секілді ең

  7. І – ілтипат пен ізет қой

  8. З- зиялылық тілек қой

  9. Д – шақырады достыққа

  10. І – ілкімді боп сақтыққа

  11. К- дейді күн бол көктегі, көз алартпа көршілерге, қол сұқпа.

Ән: «Алға, Қазақстан!» орындайтын: Бодық Бекжан

Қуат: Қазақстан – Егеменді, Байрақты ел,

Бағы жанған қуаты мол, айбатты ел.

26 жылда мойындатқан әлемді,

Жаратқаным, әр қазаққа қайрат бер.

Қазағымның 26 жылдық тойында

Қызыл тілім тоқтамастан сайрап көр.



Аружан: 13 Желтоқсан –

Тәуелсіздік алған күн!

Азаттықтың ақ таңы

Арайланып атқан күн!

Көңіл толып, шаттанып,

Қуанышқа батқан күн.

Мерекеге шығады

Бүгін халық, біліп қой.

Отандастар ұғады,

Тәуелсіздік – ұлы той!



Бибарыс: Тәуелсіздік! Бабалардың ұраны

Бейуақытта бойға таққан тұмары

Тәуелсіздік! Түнектерде тұншығып

Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы

Жандос: Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім,

Ел іргесі берік болсын – ұраным

Тәуелсіздік – өзіңді еркін сезіну,

Салт – дәстүрім қолдан түспес құралым.

Тәуелсіздік!

Не деп оны түсіндік?

Тәуелсіздік – ар – ожданың кісілік.

Адамға адам жолдас, бауыр, туыс боп,

Ел – жұртыңның алма құнын түсіріп.

Жандос: Тәуелсіздік! Берекенің біл басы

Дәулетің мен сәулетінің тұнбасы

Қазақстан, сен бір елсің жаһанға

Тең танылған таудай асқақ тұлғасы.



Мұхамедали: болмақ емес көңілімде ой бөтен,

Адал ойды қиялымда тербетем,

Қазақпын деп әлемге жар салып,

Асқақтаған армандарға жетем мен!



Ақниет: Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!...

Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!...



Ақбота: Әні: Ержан Серікбаевтікі, сөзі: Анар Жапарқұлованікі. Жаса Қазақстан! Орындайтын: Төлеш Әлішер мен Базарбаев Шынболат.

Қуат: Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған Желтоқсан оқиғасының орны ерекше. Ерасыл, сен білесің бе? Біздің ауылымызда «Желтоқсан» көтерілісіне қатысқан апайлар бар екен.

Ақбота: Жоқ білмейді екенмін. Олар кімдер?

Қуат: Мен оларды зор мақтанышпен айта аламын. Олар: мектебіміздің кітапханашысы Қилыбаева Шара апай. «Мұрагер» балабақшасының тәрбиешілері Бақтыгүл апай мен Роза апайларымыз. Бүгінгі мерекелік кешімізге қатысып отыр. Ендеше сол кездегі болған оқиғалардан сыр шерте отырып, шәкірттеріңізге тілектеріңізді білдірсеңіздер.

Ақбота: Мен қазақпын, ұланымын елімнің,

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.

Ұланымын туын көкке көтерген,

Болашаққа, алға бастап жетелер.

Қиындығын қазағымның әрқашан,

Қайыспайтын қара нардай көтерер.

Естімейік енді елдің жылағанын,

Қайта құлап бостандық сұрағанын.



Қуат: Абылайдың жолымен алға басқан,

Құт болсын «нұрлы жолы» Нұр ағаның.

Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,

Өмір жолы болған қиын бұралаң.

Қазағымды жарқын жолға бастады,

Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.



Хор: Нұр аға

Ақбота: Көк аспанда тулардың

Желбірейтін – күні бұл.

Елім деген ұлдардың

Елжірейтін күні – бұл.



Қуат: Атамекен ақ үйдің

Азат болған күні – бұл

Құндақтағы сәбидің

Қазақ болған күні – бұл.



Ән: Көк тудың желбірегені.

Ақбота: Еліміздің белгісі көк туымыз әрқашан желбірей берсін!



Қуат: Тәуелсіздік тұғыры берік болсын!

Ақбота: Бүгінгі кешімізге қатысқан кеш қонақтарына алғыс айтамыз. Елімізде тек бейбітшілік, бірлік, ынтымақ, ырыс болғай деген тілекпен «Көк аспанда тулардың, желбірейтін күні – бұл» атты кешімізді аяқтаймыз.

Хор: «Атамекен» (әсем қала Астана туралы слайдтар жүріп жатады).

Қорытынды

Мұғалім: Міне, оқушылар, бүгін сендер Тәуелсіздік мерекесі күні өз еліміздің тарихы жайлы, Тәуелсіздік жолындағы күресі, Желтоқсан құрбандары туралы көп нәрсені ортаға салдыңдар, үлкен сабақ алдыңдар деп ойлаймын. Ендігі сендерге айтарым: осы Тәуелсіз еліміздің туын әр кез биік ұстауға тырысыңдар. Ел бейбітшілігін, ел тыныштығын сақтау жолында күресе біліңдер. Әрине, ол күрес бейбіт күрес болуға тиіс. Еліміздің болашағы өздерің. Сондықтан да сендер осындай Қазақстан атты бейбіт, Тәуелсіз елдің азаматы екендеріңді әрқашан естен шығармай, іштей мақтан тұтып жүріңдер. Сендерге сәттілік, ақ жол тілеймін!
Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақ тақырыбы: Қобыланды батыр жыры
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақ тақырыбы: «Ана тілі жүрек үні»
sabaktar -> Дуйсенбекова Улбала Сиябековна, №22 жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Тиімді оқыту уақыт талабы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағындағы кеңестік еңбекпен түзеу лагерьлері
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Автоматты толық емес бөлшектеу және жинақтау Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс. «Қазақстанның климатын қайталау»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сарматтар қоғамы Сабақтың мақсаты: сарматтар тайпасының тарихы, мәдениеті, қоғамы жайлы мағлұмат


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет