Алексей Навальный өзіне қастандық жасалған жағдайда Ресей халқына қандай үндеу жолдағысы келетінін айтып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Навальный бұл туралы 2022 жылы прокатқа шыққан Дэниел Роэрдің "Навальный" фильміне берген сұхбатында айтқан. Фильмде режиссер Навальныйден өзіне қастандық жасалған жағдайда Ресей халқына не айтқысы келетінін сұрайды.

"Берілмеңіздер! Егер олар мені өлтіруге дейін баратын болса, бұл біздің ерекше күшті екенімізді білдіреді. Естеріңізде болсын, біз өзіміздің қаншалықты күшті екенімізді түсіне алмағандықтан ғана осы зұлымдардың қамыты астында жатқан үлкен күшпіз", – дейді Навальный.

Еске салсақ, бұған дейін ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың түзету мекемесінде көз жұмғаны туралы жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.