Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою-өрнектері «Қошқармүйіз»



Дата05.12.2018
өлшемі0.74 Mb.
#56896
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою-өрнектері «Қошқармүйіз».

Сабақтың мақсаты: балаларды табиғи материалдармен таныстыра отырып, ою-өрнек үлгісін сәйкес таңдай білуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:

– табиғи материалдармен жұмыс жасау дағдыларын, ұлттық дүниетанымын қалыптастыру;

– ою-өрнекті әшекейлеу арқылы көркемдік талғамын дамыту, ой-қиялын, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;

– қазақтың ұлттық ою-өрнек үлгілерін жасату арқылы эстетикалық тәрбие беру, табиғат байлықтарын бағалауға, қадірлеуге тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекіліктері: дидактикалық материалдар, дәнді дақылдар бейнеленген кестелер, көркем әдебиеттер «Қазақтың ұлттық ою-өрнектері».

Сабаққа қажетті құралдар: түрлі-түсті қағаз, қатырма қағаз, дәнді дақылдар, қылқалам, жай қарындаш, қайшы, желім, қол сүртетін сүлгі.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері.
Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу рәсімі:


Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық.
II. Жаңа сабақ.

– Балалар, бүгінгі сабағымызды табиғат ғажайыптарынан бастадық. Бүгін табиғи материалдармен жұмыс жасаймыз және біздің шебер досымыз Гноммен саяхат жасаймыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ұлттық ою-өрнектерінің бірі – «Қошқармүйіз». Интерактивті тақтаға назар аударайық :



– Бүгін біз, табиғи материалдармен жұмыс жасаймыз. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері алуан түрлі. Олардың әрқайсысының өз атаулары бар. Қазіргі күні 200-ге жуық түрі белгілі. Мәселен: қошқармүйіз (а), арқармүйіз (ә), бұғымүйіз (г), қосмүйіз (в), құсқанаты (б) және т.б.


– Сабаққа қажетті құралдарымызды дайындап алайық.

– Сабаққа қажетті құралдарымыз дайын болса, көп қажет бола бермейтін түрлі түсті қағаздың бірін алайық.

– Ол қандай түсті қағаз деп ойлайсың? (балалар интерактивті тақтадан қажетті қағазды көрсетеді).

– Жақсы, ол қара, қоңыр түстер. Жалпы әр түстің өз белгісі бар.
Көк түс – су белгісі

Қоңыр түс – жер белгісі

Ақ түс – аспан белгісі

Қағазды екіге бүктеп ортасынан кесеміз.


Түсті қағазды қатырма қағаздың ортасына орналастыр. Ол жұмыстың рамасы болады.



Сары түсті қағазды ортасынан бүктеп кесеміз де, бір бөлігін тағы екіге бүктейміз. Бүктеу сызығынан қошқармүйіз оюын саламыз. Салған оюды қайшымен қиямыз.



  • Қайшымен жұмыс істеу ережесін еске түсіріп өтелік.



  • Өрнекті дайын раманың ортасына орналастырып желімдейміз. Өрнекті қандай дақылмен безендіруге болады? Тары дақылымен өрнектейік.




  • Жұмыс жасау кезінде ұқыпты бол. Қол сүртетін сүлгіні пайдалан.

III.Сергіту сәті:

– Балалар, бүгінгі сабағымыз табиғатқа байланысты болғандықтан

«Жер, су, от, ауа» ойынын ойнап, сергіп алайық.

Ойынның шарты:

Мұғалім балалардың кез келгеніне допты лақтырып жібереді де, «Жер, су, от, ауа» деген сөздің біреуін айтады. Егер мұғалім «Жер» десе, допты қағып алған бала бір үй жануарының немесе бір жабайы аңның атын тез атауы керек. «Су» сөзі айтылса, балықтың аты аталады. «Ауа» дегенде бір құстың аты айтылады. «От» айтылған кезде, ойынға қатысушылар орындарынан тұрып, тез-тез секіруі керек.

– Өте жақсы орнымызға отырайық. Денсаулығымыз мықты болу үшін табиғатты аялайық, сүйейік, табиғат – айналамыздағы қоршаған бүкіл әлем, ал адамдар – өмірдегі ең керемет жаратылыс.

Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің басы болып табылатын оюды көрсет (қошқармүйіз өрнегі).

– Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Енді қызықты ребус шешейік Ребустың жауабы: «Ойсыздан оюшы шықпас».

– Бұл мақалды қалай түсінеміз? (балалар жауаптары).


IV. Сабақты қорытындылау.

– Балалар, бүгінгі көркем еңбек сабағында қандай материалмен жұмыс жасадық?

– Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін ата.

Табиғи материалдармен жұмыс тестінің мына сұрақтарын сабаққа пайдалану:

- Мына табиғи материалдармен не құрастыруға болады?

- Мына оюдың қалыбын көрсет.

- Табиғи материалды жылдың қай мезгілінде жинауға болады?
V. Бағалау.

Әр баланың жасаған жұмысына, сабаққа қатысуына қарай бағалау. Жақсы шыққан жұмыстарды мадақтап, көрме ұйымдастыру.


VI. Үйге тапсырма.

Шығармашылық жұмыс, қазақтың ұлттық ою-өрнектерін қалаған табиғи материалмен жасап келу.


VII. Рефлексия кезеңі.

Балалардың сабақ соңындағы көңіл күйлерін бақылау, орнынан тұрып, мұғаліммен бірге мына өлең жолдарымен аяқтайды:


Еңбек етсем ертеңгі,

Бақытыма сенемін!

Мақсатыма жеткізер

Уақытыма сенемін!



Мемлекеттік мекеме «№19 жалпы орта білім беретін мектеп»


Еңбекке үйрету және дүниетану пәндерімен

кіріктіріліп өткізілген

сабақ жоспары:

Тақырыбы:




Сыныбы: 2«Д»
Өткізген: Нурмухаметова Алтынуль Кумаровна

Семей қаласы
Каталог: uploads -> doc -> 058d
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
058d -> Исследовательская работа «Гидропоника. Как накормить человечество»


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет