Сабақтың тақырыбы М. Шаханов «Нарынқұм зауалы»



бет1/2
Дата21.06.2022
өлшемі42.42 Kb.
#174682
түріСабақ
  1   2

ҰМЖ тарауы: 4-бөлім Ұрпақ тәрбиесі

Мектеп:
Қ.Билялов атындағы гимназия КММ

Күні: 28.04.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Бексолтанова Б.Ш

Сынып:7

Қатысқандар:25

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Шаханов «Нарынқұм зауалы» поэмасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: «Нарынқұм зауалы» поэмасы сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шығарманың жанры мен құрылысына талдау жасап, негізгі идеясын анықтай алады

Кейбір оқушылар орындай алады: Жинақталған ақпараттар негізінде өз көзқарасын білдіріп, үкім шығарып жазады.

Бағалау критерийі

- Поэма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды;
-Поэманың негізгі идеясын анықтай алады;
-Сюжет бойынша сұрақ дайындайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: - Сұрақтар құрастыру, жоспар бойынша мазмұнын айту, талдау

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Поэма, залал, үкім, пенделік, шомбал, әдіптеу,нала

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:–Иә,сөйле,–деді әкесі,–Қандай ерлік көрсеттің,
Баласы айтты: – Топ бастадық төрт адам.

Талқылауға арналған сұрақтар:
Әке үкімі тым қатал емес пе?

Не себепті ақын Махамбет туралы мұндай поэма жазды деп ойлайсыз?

Ишара:--

Құндылықтарға ба

Өз елінің өткен тарихына құрмет көрсету

Пәнаралық байла

Қазақстан тарихы, география, музыка

Алдыңғы оқу

Махамбет өмір сүрген дәуірдегі тарихи әлеуметтік жағдай

Жоспар

Жоспарланған
уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы 7(мин)
2 м
3 м


2 м

Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері Жүректен жүрекке. Психологиялық ахуал
Топқа бөлу :Сюжеттің құрамдас бөлшектері бойынша сыныпты 5 топқа бөлемін (1басталу, 2даму, 3шиеленісу, 4шарықтау,5шешім)
МК
Мағынаны тану: Махамбеттің «Жұмыр – Қылыш» күйін тыңдау, бұл күйдің кімнің туындысы екенін сұрау.Содан кейін осы күйдің ақынның қуғынға ұшырап, ел көзінен жырақ жүрген кезінде туғанын, бірде ақын келіп отырған ауылға Баймағамбет сұлтанның тыңшылары келіп қалып, сондай тығыз-таяң қиын шақта ағайынды Жұмыр, Қылыш деген жігіттер Махамбетті үйіне жасырып, аман алып қалғанын, жігіттердің осы қамқорлығына риза болған ақынның оларға арнап, осы күйін шығарғанын әңгімелеп беремін. 



Көңілді әуен;

http://kitap.kz/book/2778-bota_narinkumz/2778-bota_narinkumz





Сабақтың ортасы 30(мин)
5 минут

8 минут


7 минут

5 минут


5 мин

Т
2-тапсырма. поэма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау. Әдіс-тәсіл «Сәйкестендіру кестесі»

О/басталуы

Махамбеттің өзінің өлерін күні бұрын сезуі

О/дамуы

Сұлтан тыңшыларының батырды қапыда өлтіріп, басын алуы.



О/шиеленісуі

Батырдың басы үшін қымбат сый алған жігіттің
әкесіне келіп мақтануы.

Шарыктау шегі

Әкесінің ашуға мінуі.

Шешімі

Әкенің үкім шығарып, баласын жазалауы



Т
3-тапсырма. «Сұрақтар тізбегі» мәтін сюжеті бойынша 5 сұрақ дайындап, келесі топқа тапсырады. Жіңішке сұрақтан жуан сұраққа дейін.

Ж
4-тапсырма. « Проблемалық сұрақтар» Әр топқа бір сұрақ.


1.«Зұлымдықтың жасырынып келетіні жаман-ақ» деген жолдарды қалай түсіндің?
2.«Менің бассыз қалғандығым
Сенің бассыз қалғандығың болмағай!» деген жолдардағы бассыз қалу тіркесі қай кезде тура мағынада қолданып тұр?
3. Әке үкімі тым қатал емес пе?
4. Мұхаммед пайғамбардың «Әкенің ризалығы – Алланың ризалығы. Әкенің реніші – Алланың реніші» деген сөзін мәтінмен байланыстыруға бола ма?.
5. Не себепті ақын Махамбет туралы мұндай поэма жазды деп ойлайсыз?

Ақын фото суреті

Түрлі түсті бояу;


Флипчарт А3;А4

http://kitap.kz/audiobook/2422-bota_narinkum/2422-bota_narinkum


Түрлі түсті бояу;


Флипчарт
А3;А4



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет