Сабақтың тақырыбы: Менің қаладағы пәтерім (11-сабақ) Қазақ тілі мен әдебиеті(Т2) 6-сынып оқу мақсаты



Дата11.10.2022
өлшемі0.85 Mb.
#176415
түріСабақ
Байланысты:
11-сабақ.Менің қаладағы болашақ пәтерімпәтерім
presentationprintTemp

Бөлім тақырыбы:
Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі
Сабақтың тақырыбы:
Менің қаладағы пәтерім (11-сабақ)
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ(Т2)
6-СЫНЫП
Оқу мақсаты:
6.3.3.1 орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.
Сабақтың мақсаттары:
  • мәтінді оқып түсінеді, тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды;
  • мәтін мазмұнын пайдаланып оқушы өз арманы туралы айтуға дағдыланады.



Бағалау критерийлері:
  • мәтінде көтерілген негізгі мәселені анықтайды;
  • тақырып бойынша деректерді қолдана алады;
  • тақырып бойынша деректерді қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені түсінеді.

Суретке қарап ойланып көр.
Пәтерлердің дизайнын кім жасайды?
Жаңа сөздер:
кеңесу-ақылдасу
аспанмен таласқан-биік ғимараттар
жатын бөлме-ұйықтайтын бөлме
айқара ашу- есіктері кең ашылды
Мәтінді түсініп оқып, мәтінге ат қойып көрейік
Сәлем,Ернұр! Бүгін бізге қазақ тілі сабағынан Сәуле апай «Менің болашақ үйім» деген тақырыпта шығарма жазуға тапсырма берді. Мен мынандай мәтін жазған едім. Оқып көрші. Ал сен не жазар едің?
«Әрбір бала секілді менің де кішкене кезімнен ойлаған арманым көп. Соның бірі-өзім қалағандай пәтерімнің болуы.
Мен болашақ пәтерімнің жобасын жасаттырып қойдым. Мен аспанмен таласқан элиталық зәулім үйдің жоғары қабатында тұруды қалаймын. Өйткені мен қаланы биіктен тамашалауды ұнатамын.Менің жатын бөлмемнің терезесі тауға қарап,әрі одан шыршалар анық көрініп тұрса,шіркін!Таңертеңгі уақытта терезені айқара ашқанда таудың салқын самалы есіп тұрғаны қандай ғанибет!
Маған пәтерімдегі бөлмелердің санынан гөрі алардың сапасы маңызды Мысалы, маған екі бөлмелі пәтер болса жетеді.Бірақ оның кең,жарық болғаның қалаймын.Әсіресе қонақ бөлме мен ас үй әсем болса деймін.Ө з пәтерімнің интерьерін ұлттық үлгіде жасатар едім.Дизайнермен кеңесіп,үйдегі жиһаздардың да, ұлттық нақышта болуына мән берер едім.Түсі ашық перделер мен шілтерлерді қолдан тоқыттырып,өзгеше сәнді болуын қадағалаймын.Пәтерімнің көрнекті жерінде алуан түрлі балықтары бар аквариум қойғызамын .Бұл менің қиялымдағы арман пәтерім.
Сәлеммен, Әлібек.

1-тапсырма.
Мәтін бойынша сөз тіркестерін сәйкестендір

болашақ

арманым көп

ойлаған

уақыт

пәтерімнің

жобасын жасаттым

таңертеңгі

үйім туралы жаздым

бөлмемнің

үлгіде жасатар едім

ұлттық

терезесі

Дескриптор
- сөз тіркестерін мағыналарына қарай сәйкестендіреді;
- өз ойын дұрыс жеткізеді.

болашақ

үйім туралы жаздым

ойлаған

арманым көп

пәтерімнің

жобасын жасаттым

таңертеңгі

уақыт

бөлмемнің

терезесі

ұлттық

үлгіде жасатар едім

Өз жауаптарыңды тексеріп көр!
2-тапсырма.
Мәтінге сүйене отырып, хаттың авторы туралы кластер жасайық
Оның есімі кім?
Ол не істеді?
Ол кімге хат жазды?
Ол нені армандайды?
Ол нені жақсы көреді?
Өз жауаптарыңды тексер
Оның есімі Әлібек.
Ол шығарма жазды.
Ол досына хат жазды?
Ол өз пәтерінің болуын армандайды?
Ол әсем бөлмелерді, балықтарды жақсы көреді?
3-тапсырма
Сызба бойынша мәтіннің негізгі тақырыбын анықтап көр.
ентра
Мәтін
туралы
Дескриптор:
мәтін мазмұны мен тақырыбын анықтайды.

Өз жауабыңды тексеріп көр!
Мәтін
Мұғалім тапсырмасы
туралы

Пәтер дизайны
Ұлдың арманы
Қосымша тапсырма
Өз болашақ пәтеріңнің жобасын жасап көр

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет