Әлеуметік желіде атыраулық оқырмандар мұнай зауытында сұйықтық қондырғының құбырларынан субұрқақпен соғылғанын және бензиннің төгілгенін жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақ Жайыққа сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі

Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі желіде тараған ақпаратты растады. 

"Кеше, 26 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:30-да бутенді олигомеризациялау қондырғысында іске қосуға арналған тікелей айдайтын бензин коллекторынан бос кеңістік табылды. Өнімді жылдам ажырату мақсатында осы желіге 15 кгс/шаршы метр қысыммен су берілді", – деді АМӨЗ баспасөз қызметі.

  • Павлодар мұнай зауыты жөндеу жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді

  • West Oil компаниясы: Жұмысшылардың басым бөлігі мұны деструктивті элементтердің әсерімен жасап жатыр

Мекеме өкілі барлық технологиялық қондырғы штаттық режімде, мұнай өнімдерін өңдеу және жөнелту жүзеге асырылатынын айтты.

Еске салайық, 2023 жылы 27 сәуірде Атырау мұнай өңдеу зауытында ауаға жанармай газы шығып жатқанын жаздық. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.