8 сынып.Биология.
Сабақтың тақырыбы: Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы.
Мақсаты: Организмнің ішкі ортасының қандай заттардан тұратыны және ол заттардың организмде қандай рөл атқаратындығы туралы оқып білу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдіс-тәсілдері: тренинг, тест, топпен жұмыс, сұрақ-жауап.
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта,суреттер, слаидтар
Пән аралық байланыс: химия, физика, әдебиет
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Тренинг
ІІІ.Топқа бөлу
ІV.Үй тапсырмасын тексеру
V.Топпен жұмыс
VІ.Қорытынды
VІІ.Бекіту
VІІІ.Үйге тапсырма беру
ІХ.Бағалау
І.Ұйымдастыру: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.(1 мин)
ІІ.Тренинг. (1 мин)
Кедергілерден арылу
ІІІ.Топқа бөлу (1 мин)
«Ханталапай»
ІV.Үй тапсырмасын тексеру: (6 мин)
Тест сұрақтары:
1.Тірек-қимыл аппаратының белсенді бөлігі:
А) сүйектер В) тамырлар С)бұлшық еттер Д)тері
2.Көптеген ішкі мүшелер мен тамырлардың қабырғасын құрайды:
А)біріңғай салалы бұлшық ет В) көлденең жолақты бұлшық ет
С)шайнау бұлшық еттері Д)мимикалық бұлшық еттер
3.Ең ұзын бұлшық ет:
А) көкет В)бицепс С) трицепс Д) тігінші
4.Еңбек физиологиясын зерттеген орыс ғалымы:
А) И.П.Павлов В) И.М.Сеченов С) Н.И.Пирогов Д)И.И.Мечников
5.Бұлшық еттердің қалыпты физиологиялық күйі:
А) қажу В) шаршау С) демалу Д) сему
6.Тізе буынында бүгу рөлін атқарады:
А) санның екі басты бұлшық еті В) санның төрт басты бұлшық еті
С) балтыр бұлшық еті Д) тігінші бұлшық ет
7.Бұлшық еттің динамикалық жұмысы:
А) денені тік ұстау В) жүгіру С) тұру Д) отыру
8.Бұлшық еттің статикалық жұмысы:
А) жүгіру В) жаттығу жасау С) дене қалпын сақтау Д) секіру
Кілті: 1- с, 2- а, 3- д, 4- в, 5- а, 6- а, 7- в, 8- с.
V.Жаңа тақырып: (25 мин)
«Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы»
Топпен жұмыс:
І- топ:
Ұлпа сұйықтығы туралы мәлімет жинақтау
(Дарынды оқушыға тапсырма: гомеостаз туралы қосымша мәлімет дайындау)
ІІ- топ:
Қан туралы мәлімет жинақтау
(Дарынды оқушыға тапсырма: қанның ұюы туралы мәлімет дайындау)
ІІІ- топ:
Лимфа туралы мәлімет жинақтау
(Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс: сұраққа жауап беру)
VІ.Қорытынды: (2 мин)
Мұғалімнің сөзі
VІІ.Бекіту:(6 мин)
І –топ: кесте толтыру
ІІ – топ: сандарды сөйлету
ІІІ- топ: эссе жазу (қан сөзін қосып, мәңгілік ел туралы)
Сұрақ-жауап: топтар бір – біріне сұрақ қояды.
VІІІ.Үйге тапсырма:(1 мин)
§27.оқып мазмұндау, кестені дәптерге толтыру.
ІХ.Бағалау.(1 мин)
Кері байланыс (1 мин)
Жүректерден жүрекке...
« Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясы»ММ
«Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы»
( 8 сынып )
Пән мұғалімі:Жанбыршина А.С.
2016-2017 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |