Супер ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Майк Тайсон америкалық блогер әрі боксшы Джейк Полмен жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ФОТО: Twitter.com/JakePaul

Аты аңызға айналған боксшы Майк Тайсон танымал америкалық блогер, боксшы Джейк Полмен кәсіби деңгейде жекпе-жек өткізеді. 57 жастағы спортшы мен 27 жастағы блогердің бокс кеші 20 шілде күні, АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы "AT&T" аренасында өтеді деп жоспарланған. Майк Тайсон жекпе-жекке дайындығын бастап кеткен видеосын да жариялады. 

Айта кетейік, Майк Тайсон соңғы рет шаршы алаңға 2020 жылы Рой Джонсқа қарсы қойылым ретінде жекпе-жек өткізген. Ал Джейк Пол шаршы алаңда 10 жекпе-жек өткізіп, 9 кездесуде жеңіске жетсе, 1 рет жеңіліске ұшыраған. Ол Тайрон Вудли, Найт Диас, Бен Аскрен, Андерсон Сильва сияқты UFC-дің атақты спортшыларымен жұдырықтасып, жеңіске жеткен.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.