Сабақтың тақырыбы Өсімдіктердің өсуі мен дамуына жарықтың әсері. Жарықтың түсу деңгейіне қарай өсімдіктердің бейімделуі



Дата17.02.2022
өлшемі92.76 Kb.
#170880
түріСабақ


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.3Е Қозғалыс




Мектеп: №4 Мәртөк жалпы орта білім беретін мектебі

Күні: 28.01.2019ж


Мұғалімнің аты-жөні: Талипова Б.К

Сыныбы: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:



Сабақтың тақырыбы

Өсімдіктердің өсуі мен дамуына жарықтың әсері. Жарықтың түсу деңгейіне қарай өсімдіктердің бейімделуі.

Сабақтың мақсаты:

  • Өсімдіктердің өсуі мен дамуына жарықтың әсерін сипаттау

  • Жарықтың түсу деңгейіне қарай өсімдіктердің бейімделуін талдау Фотопериодизм күннің жарық түсу ұзақтығына ағзалардың бейімделуін сипаттау.

Сабақтың оқыту мақсаты:

  • 7.1.6.2 - жарықтың өсімдіктердің дамуына әсерін түсіндіру

  • 7.1.6.3 - өсімдіктердегі фотопериодизм рөлін сипаттау

Бағалау критерийі:

  • Жарықтың өзгеруіне өсімдіктердің бейімделуін сипаттай алады

  • Жарықкезеңдік (Фотопериодизм) ағзаның күн ұзақтығына бейімделуін сипаттай алады




Тілдік мақсаты

Оқушылар орындайалады:

Сабақта қолданылатын терминдер:

Фотопериодизм..............................................

Қысқа күн өсімдігі.........................................

Ұзақ күн өсімдігі............................................

Биоырғақ........................................................



Құндылықтарды дарыту




АКТ қолдану дағдылары

Бейнеролик, презентация, интерактивті тақта.


Пәнаралық байланыс

География пәніндегі әр түрлі климаттық белдеулерде өсімдіктердің өсуі,

және физика пәніндегі температура мен жылудың әсері тақырыптарымен байланысы жасалады




Алдыңғы білім

Оқушылар:

  • Жарықтың тірі ағзалар үшін маңыздылығын біледі.

(6 сынып)


Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер


Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы




Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындықтарын тексеру, түгелдеу.

Шаттық шеңберін жасау. Психологиялық ахуал орнату. Бір,екі,үшке саналу арқылы үш топқа бөліну.

Бағалау парағы таратылады.
Үй тапсырмасын сұрау:

Әр топқа 4 сұрақтан дайындалады. Топтағы оқушылар алдарында тұрған қимадағы сұрақтарға жауап береді, сұрақтарға жауап беріп болған соң қолдарындағы қималарды біріктіру арқылы суреттегі гүлдің атын табады және осы бөлме гүлдері топтарға беріледі.




Үй тапсырмасы сұрақтары:

1. Қалай ойлайсыздар өсімдік қозғаладыма? (Қозғалады)

2. Өсімдік не үшін қозғалады? (Өсу үшін, өзіне қажетті заттарды алу үшін)

3. Өсімдіктерге тән қозғалу типтерін ата (Тропизм және таксис)

4. Тропизм қандай реакция? (Өсімдік жасушалары, ұлпалары мен мүшелерінің белгілі бір тітіркенгіштікке қатысты қозғалуы)

5. Таксис қандай ағзаларға тән? (өсімдік, жануар, біржасушалыларға, жыныс жасушалары, қан жасушаларына тән)

6. Өсімдіктер қандай экологиялық топтарға бөлінеді? (жарық сүйгіш, көлеңкені ұнататын)

7. Жарықсүйгіш өсімдіктерге анықтама және мысал (Ашық кеңістікте өседі, қарағай, түймедақ, қант қамысы)

8. Көлеңкені ұнататын өсімдікке анықтама және мысал. (керісінше күн сәулесі тікелей түсетін жерде нашар дамиды, саумалдық, інжугүл)

9. Жағымды тропизм дегеніміз не?

10. Жағымсыз тропизмді қалай түсінесіз?

11. Жағымды фототропизм, геотропизм, гелиотропизм дегеніміз не?

12. Жануарлар мен өсімдіктердің қозғалыс мүшелерінің айырмашылығы қандай?
Жаңа сабақ:

1.Тақтаға әртүрлі өсімдіктердің суреттерін көрсету арқылы тақырыпты ашу және оларға әсер ететін қандай факторлар бар екенін сұрау.

2. Оқушыларға бейнеролик көрсету және бейне роликтен түсінгендерін білу үшін екі сұрақ?

1. Өсімдіктерге жарықтың әсерін?

2. Жарық болмаса не болар еді?

Сабақтың тақырыбы мен оқыту мақсатымен таныстыру.


Топтық жұмыс:

Сонан соң топтарға тапсырмалар бөліп беремін, оқушылар топтық тапсырманы талдайды.

1 топ

Фотопериодизм – ағзалардың бейімделуі



2 топ

Өсімдіктердің өзгеретін жарық жағдайына қарай бейімделуі.

3 топ

Ұзақ және қысқа күн өсімдігі. Биоырғақ.



Бұдан әрі топтық жұмыста қорғаған тақырыптары бойынша бейнеролик қарау.

Жеке жұмыс:

Перфокартамен жұмыс

1. Фотопериодизм – тірі ағзалардың жарық күн ұзақтығына байланысты өзінің физиологиялық үдерістерін өзгерту қабілеті (Д)

2. Қазақстанға ұзақ күн өсімдіктері тән (Б)

3. Биоырғақ – тірі жүйелердегі мерзімімен қайталанып отыратын өзгерістер, циклдік үдерістер. (Д)

4. Ғалымдар барлық жабайы өсімдіктерді ұзақ және қысқа күн өсімдіктері деп бөлді (Д)

5. Фотопериодизм – жарықты мүлде қабылдамайтын ағзаларғада тән (Б)

Сабақты бекіту.

Үш топ өз алдында тұрған гүлдерге қандай фактор жеткілікті немесе жеткіліксіз болғандығын стикерге жазып сол гүлге жапыстырады және қосымша қызықты мәліметтер айтады.



Гүл аттары жазылған қима қағаздар

Бағалау парағы.


Слайд 1

Бейнеролик


Слайд 2

Оқулық, ақ парақтар, маркерлер

Слайд 3

Бейнеролик

Слайд 4

Перфокарта парақтары

Бөлме гүлдері, стикер, қосымша мәлімет.


Сабақтың соңы

Үйге тапсырма беру.

Тақырыпты оқу, қысқаша эссе жазып келу.


Кері байланыс.

«Бес саусақ» әдісі бойынша





Слайд 5
Слайд 6

Оқушыларға бес саусақ таратылады






Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет